"Жәнібек ауданының құрметті азаматы" атағын беру қағидасы туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 тамыздағы N 18-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 24 қыркүйекте N 7-6-92 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 қазандағы N 19-3 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2009.10.21 N 19-3 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Жәнібек ауданының құрметті азаматы" атағын беру қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының
төрағасы - мәслихат хатшысы
Т.З. Кадимов

  2009 жылғы 24 тамызындағы
N 18-3 шешімімен бекітілген

"Жәнібек ауданының құрметті азаматы"
атағын беру қағидасы

I. Жалпы қағида

      1. "Жәнібек ауданының құрметті азаматы" атағы аудандық әкімнің ұсынысымен аудандық мәслихаттың шешімімен беріледі. "Жәнібек ауданының құрметті азаматы" атағын беру - моральдық ынталандырудың, адамның Қазақстан Республикасы, аудан алдындағы ерекше еңбегін қоғамдық мойындаудың көрінісі болып табылады, сонымен қатар патриоттық сананы тәрбиелеуге, аудан тарихында тұлғалардың есімдерін қалдыру мақсатына қызмет етеді.

II. "Жәнібек ауданының құрметті азаматы" атағын беру жөніндегі талаптар

      2. "Жәнібек ауданының құрметті азаматы" атағы жеке өмірбаяны Жәнібек ауданымен байланысты азаматтарға, сондай-ақ оның төмендегідей еңбегі сіңген жеке тұлғаларына:

      - қысылтаяң жағдайларда (экстремалды) батырлық көрсеткен, ерлік жасаған, жоғары мемлекеттік наградаларға ие болғандарға, сонымен бірге бейбіт заман кезінде қамқорлық жасау немесе азаматтық парызын өтеу барысында айрықша көзге түскен адамдарға;

      - "Халық қаһарманы" айрықша белгісімен және Қазақстан Республикасының жоғарғы наградаларымен марапатталғандарға, егеменді Қазақстанның тәуелсіздігі мен біртұтастығын сақтауға, ауданның саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық және рухани дамуына зор үлес қосқандарға, жергілікті мемлекеттік басқару саласында өзін ерекше қырынан көрсеткен мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткерлеріне;

      - экономиканың қаржылық және өнеркәсіптік секторының дамуына ықпал еткен инвестицияларды таратқаны үшін, ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді ұйытқы болған заманауи озық технологияларды халық шаруашылығының барлық салаларында енгізгені және инновациялық қызметі үшін;

      - аймақтағы қоршаған ортаны, аудан тұрғындарын сауықтыру мақсатында емдеу-профилактикалык жұмыстарының тиімді де ұтымды түрлерін енгізгені үшін;

      - ғылым, әдебиет пен өнер және халыққа көрсетілетін қызмет салаларында үлкен жетістіктерге қол жеткізген адамдарға, көп ұлтты Қазақстанның мәдениеті мен салт-дәстүрлерін насихаттайтын халық шығармашылық көрмелерінің республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне;

      - Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа ұрпақтарының бойында азаматтық, адамгершілік және патриоттық сезімді тәрбиелеуге, сондай-ақ білім саласын жақсартуға және жетілдіруге ерекше үлес қосқан адамдарға;

      - алем ареналарында отандық спорт даңқын шығарған, республика мен дүниежүзілік біріншіліктердің, олимпиадалық ойындардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне беріледі (құрметті азамат атағы шетел азаматтарына олардың ауданға еңбектері үшін алғыс ретінде берілуі мүмкін).

      3. Атаққа үміткерлердің басқа аудандардың құрметті азаматтары болмауы шарт.

III. "Жәнібек ауданының құрметті азаматы" атағын беру шарттары

      4. "Жәнібек ауданының құрметті азаматы" атағын беруге үміткерлерді тиісті әкім ұсынады.

      5. Ұсынылатын үміткерлер туралы ерекше еңбегі мен марапаттары көрсетілген өтініш, мінездеме, қызметтік тізбе, ол туралы ұсыныстар тапсырылуы қажет.

      6. "Жәнібек ауданының құрметті азаматы" атағын беру туралы өзін-өзі ұсынған тұлғалардан өтініштер қабылданбайды.

      7. "Жәнібек ауданының құрметті азаматы" атағына үміткерлер туралы өтініштер өкілді органдардың шақырылымы кезеңінде жылына екі реттен артық енгізілмейді.

      8. "Жәнібек ауданының құрметті азаматы" атағы өтелмеген немесе алынбаған айыбы бар (сотталған) тұлғаға берілмейді.

      9. "Жәнібек ауданының құрметті азаматы" атағын беру туралы мәселенің қаралуы және шешімнің қабылдануы атаққа ұсынылған тұлғаның қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкін.

      10. "Жәнібек ауданының құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім тиісті мәслихат сессиясында дауыс беру арқылы қатысып отырған депутаттардың көпшілік дауыстарымен қабылданады.

IV. Қорытынды қағидалар

      11. "Жәнібек ауданының құрметті азаматы" атағына лайық тұлғалардың құқығын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды қаржыландыру жергілікті бюджеттің есебінен жүргізіледі.

      12. "Жәнібек ауданының құрметті азаматы" атағына лайық тұлғалар "Жәнібек ауданының құрметті азаматы" айрықша белгісімен марапатталады.

      13. "Жәнібек ауданының құрметті азаматы" атағы куәлікпен расталады.

      14. "Жәнібек ауданының құрметті азаматы" куәлігі мен төс белгісі тұлғаға мәслихат сессиясында аудан әкімінің және мәслихат хатшысының қатысуымен салтанатты түрде табыс етіледі.

      15. "Жәнібек ауданының құрметті азаматы" есімі ауданның құрметті азаматтары кітабына енгізіледі.

      16. "Жәнібек ауданының құрметті азаматы" атағын айыру аудан әкімі ұсынысы бойынша тиісінше жергілікті мәслихаттың шешімімен мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      - құрметті атақты иеленуші қылмыс жасағаны үшін соттың заңды күшіне енген үкімімен айыпқа тартылса;

      - құрметті атақты иеленушінің тарапынан конституциялық заңға қайшы іс-әрекеттер мен қоғамға жат қылықтарға жол берілген болса.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады