Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2010.03.02 N 33 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Жәнібек ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының міндетін атқарушысының 2009 жылғы 9 қазандағы N 673 ұсынысына сәйкес, бруцеллез ауруының әлеуметтік қауіптілігін ескере отырып, осы ауруға қарсы эпизоотиялық шаралардың орындалуын қамтамасыз ету және округтерде тұрғындарды бруцеллез ауруынан сақтандыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасына, 27 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2002 жылғы N 369 бұйрығының N 2 қосымшасына сай аудан аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары туындауына байланысты, Жәнібек ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының міндетін атқарушысының ұсынысы бойынша ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының тіркелуі бойынша Жәнібек ауданының Күйгенкөл, Ұзынкөл, Қамысты ауылдық округтерінің аумақтарына карантиндік режим және шектеу іс-шаралары енгізілсін.
2. Жәнібек ауданының Күйгенкөл, Ұзынкөл, Қамысты ауылдық округтері бойынша ірі қара малдарын бруцеллез ауруынан сауықтыру жөніндегі кешенді жоспары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы, Жәнібек ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық–эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, "Жәнібек аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Күйгенкөл, Ұзынкөл, Қамысты ауылдық округтерінің әкімдерімен бірлесе отырып, жоспарда көрсетілген шараларды ұйымдастыру санитарлық және арнайы мал дәрігерлік шараларын уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күшіне және қолданысқа енгізілсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. А. Есенғалиевке жүктелсін.
Аудан әкімі | Р. Өтешев |
Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 қазандағы N 276 қаулысына қосымша |
Жәнібек ауданының Күйгенкөл, Ұзынкөл, Қамысты
ауылдық округтері бойынша ірі қара малдарын
бруцеллез ауруынан сауықтыру жөніндегі кешенді
жоспары
р/с | Іс-шаралардың атауы | Орындалу мерзімі | Жауапты адам |
1. Ұйымдастыру-шаруашылық шаралар | |||
1 | Аудан көлемінде осы жоспардағы шаралардың іске асыруларын қадағалап ұйымдастыру | Карантиндік режим және шектеу мерзімінде | Ауылдық округ әкімдері, аудандық ауыл шаруашылық бөлімі, ҚР АШМ АӨК МИК Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы |
2 | Малдың өсірілуі, азықтандыру мен өсіру жағдайы, жұмысты ұйымдастыруын қорғау, ветеринариялық және санитарлық білімдерді насихаттау | Үнемі | Ауылдық округ әкімдері, аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, мемлекеттік вет.инспекторлары |
3 | Халық арасында бруцеллез ауруының қаупі және оның алдын–алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу | Үнемі | Ауылдық округ әкімдері, аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, мемлекеттік вет.инспекторлары |
2. Ветеринариялық-санитариялық шаралар | |||
1 | Аурудан таза емес пункттерді сауықтыру | Карантиндік режим және шектеу мерзімінде | Ауылдық округ әкімдері, аудандық ауыл шаруашылық бөлімі, ҚР АШМ АӨК МИК Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы |
2 | Аурудан таза емес мал басын жою,және оларды сау малдармен алмастырмау | Карантиндік режим және шектеу мерзімінде | Ауылдық округ әкімдері, аудандық ауыл шаруашылық бөлімі, мемлекеттік вет.инспекторлары, мал иелері |
3 | Жүйелі диагностикалық тексеру, ауруға шыққан малдарды оқшаулау және етке сою | Карантиндік режим және шектеу мерзімінде | Аудандық ветеринариялық зертхана, ауылдық округ әкімдері, аудандық ауыл шаруашылық бөлімі, мал иелері |
4 | Оң нәтиже берген малдарды тез арада табыннан оқшаулау және оларды айқындаған уақытынан бастап 5 күн ішінде етке сою. Ауру мал тұрған қораларға дезинфекция жүргізу, әрбір ауру мал анықталған соң | 5 күн ішінде | Ауылдық округ әкімдері, аудандық ауыл шаруашылық бөлімі, мемлекеттік вет.инспекторлары, мал дәрігер- лицензиаттар, мал иелері |
5 | Бруцеллезбен ауырған немесе оған күдікті малдардан көнің, төсенішін және жем шөп қалдықтарын жою немесе залалсыздандыру | Карантиндік режим және шектеу мерзімінде | мемлекеттік вет.инспекторлары, мал дәрігер- лицензиаттар, мал иелері. |
6 |
Шектеу шарттары бойынша: | Карантиндік режим және шектеу мерзімінде | Аудандық ішкі істер бөлімі, ауылдық округ әкімдері, аудандық ауыл шаруашылық бөлімі, аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, ҚР АШМ АӨК МИК Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы |
7 | Қатарынан екі рет теріс нәтижелер алынғаннан кейін, аурудан таза емес пунктерге барлық мал басы 3 айлық бақылауға қою, арасына 1,5 ай салып диагностикалық зеттеулермен тексеру,кейін шектеуді алу жөнінде аудан әкіміне ұсыныс беру | Аумақ сауықтырылғаннан соң | Аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы |