Переметный ауылдық округіне қарасты Переметный елді мекеніне қой малының брадзот ауруы бойынша шектеу шараларын қою туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қарашадағы N 452 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қарашада N 7-7-97 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қазандағы N 816 қаулысымен.

      Переметный ауылдық округіне қарасты Переметный елді мекеніне қой малының брадзот ауруы бойынша шектеу шараларын қою туралы

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 16.10.2014 N 816 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы 9 тармағы, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2002 жылғы 14 қарашадағы "Ветеринария саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді бекіту туралы" N 369 бұйрығын басшылыққа алып, Переметный ауылдық округіне қарасты Переметный елді мекеніне қой малының брадзот ауруы бойынша шектеу шараларын қою туралы Зеленов аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесінің 2009 жылғы 5 қарашадағы N 1-11-633 санды шығыс хаты арқылы ұсынысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Переметный ауылдық округіне қарасты Переметный елді мекеніне қой малының брадзот ауруы бойынша шектеу шаралары белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. С. Халеловқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі Ғ. Қапақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады