Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімінің 2010.04.20 N 14 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабын басшылыққа алып және Қазақстан Респуликасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. "Зеленов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) Зеленов ауданында 2010 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың әскери есебін тіркеуін өткізу ұсынылсын.
2. "Зеленов ауданының орталық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) және "Зеленов аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери есепке қою кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, инструментариймен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Переметный ауылы тіркеу пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2009 жылғы қаңтардан наурызға дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлсін.
4. "Аудандық білім беру бөлімі" алғашқы әскери дайындықтың нормативтік талаптарын орындау бойынша жастардың жүйелі дайындығын ұйымдастырсын.
5. Ауыл округтерінің әкімдеріне, азаматтардың шақыру учаскелеріне тіркеуден өту үшін Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуін қамтамасыз етуге қажетті шаралар алу ұсынылсын.
6. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г. М. Құлжановаға жүктелсін.
8. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ғ. Қапақов
КЕЛІСІЛДІ:
Зеленов аудандық Қорғаныс
істері жөніндегі бөлім
бастығы, подполковник
_____________А. Измайлов
23.12.2009 ж.
Зеленов ауданының орталық
аурухана директоры
____________А. Өтепбаев
23.12.2009 ж.
Зеленов аудандық аурухана
директоры
____________Г. Ислямов
23.12.2009 ж.