Ірі қара малының "Қарасан" ауруының шығуына байланысты Талдыапан ауылдық округіне қарасты "Байбоз" пунктіне карантин қою туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы N 4 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 4 наурызда N 7-8-83 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 37 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2009.03.18 N 37 Қаулысымен.

      Аудан көлемінде ірі қара малдарынан қарасан ауруының шығуына байланысты карантин қою жөніндегі Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясының бас ветеринариялық инспекторының 2009 жылғы 19 ақпандағы ұсынысы негізінде Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339-II "Ветеринария туралы" Заңының 10, 26, 27 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сүйене отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Талдыапан ауылдық округіне қарасты "Байбоз" пунктінде ірі қара малының қарасан (Эмкар) ауруы шығуына байланысты, ауру ошағы деп танылғандықтан "Байбоз" пункті аумағына карантин белгіленсін.

      2. Ауру ошағы деп табылған ауылға шектес жатқан елді-мекендерге аурудың таралмауының алдын-алу шараларын жүзеге асыру Талдыапан ауылдық округінің әкімі А. Садықовқа және Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Н. И. Құтхожинге (келісім бойынша) тапсыруға ұсынылсын.

      3. "Байбоз" пункті аумағынан мал өнімдерін шығаруға және басқа жерден әкелуге тиым салынсын.

      4. Казталов аудандық санитарлық-қадағалау басқармасы (Т. Хайдаров келісім бойынша), БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Казталов аудандық ауруханасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (Е. Рабаев келісім бойынша) ауырған малдармен қарым-қатынаста болған адамдарды анықтап, тиісті шараларды алу ұсынылсын.

      5. Осы қаулы баспасөзде ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      6. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары К. Садбековке жүктелсін.

      Аудан әкімі Е. Қалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады