Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2012.03.16 N 87 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабын және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 19 қыркүйектегі "Казталов ауданында мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету туралы" N 244 қаулысына (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 18.10.2006 жылы N 7-8-31 санымен тіркелген аудандық "Ауыл айнасы" газетіне 6.11.2006 жылы жарияланған) төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген мүгедектерді жұмысқа орналастыру мекемелерінің тізіміне 30, 31 тармақтары мынадай редакцияда жасылсын:
"30. Казталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 87;
31. Казталов аудандық мәдени-демалыс орталығы 175".
2. Осы қаулы баспасөзде ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.
3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары К. Садбековке жүктелсін.
Аудан әкімі | Е. Қалиев |