Карантин қою туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 қазандағы N 252 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 3 қарашада N 7-8-91 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 18 тармақшасын, "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағы 9 тармақшасын басшылыққа алып, Казталов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы орынбасарының 12.10.2009 жылғы N 618 санды ұсынысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бірік ауылдық округінің Қызылту елді-мекенінің тұрғыны Д. Журасовтың жеке шаруашылығындағы ірі қара малынан қарасан (Эмфизематозный карбункул) ауруы шығуына байланысты және ауру ошағы деп танылғандықтан Бірік ауылдық округінің Қызылту елді-мекенінің аумағына карантин қойылсын.
      2. Осы елді мекеннен мал өнімдерін шығаруға және малдың әкелініп - әкетілуіне жол берілмесін.
      3. Карантиннің шарттары бойынша шараларды жүзеге асыру Бірік ауылдық округінің әкімі Б. Мусинге және Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясының бастығы А. С. Малаховқа (келісім бойынша) ұсынылсын.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. И. Құтқожинге жүктелсін.

      Аудан әкімі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады