Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2010.03.15 N 56 Қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 20 баптарын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа ала отыра аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 29 маусымдағы "Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 190 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 5.08.2005 ж N 7-8-8 санымен тіркелген "Ауыл айнасы" газетінде 20.08.2005 жылы N 35 санымен жарияланған; аудан әкімдігінің 2006 жылғы 24 ақпанында "Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 29 маусымдағы "Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 190 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 42 қаулысы тіркеу N 7-8-20 санды 28.03.2006 жылғы "Ауыл айнасына" 16.04.2006 жыл N 16 санымен жарияланған; 2008 жылғы 16 сәуірдегі "Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 29 маусымдағы "Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 190 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 145 қаулысы тіркеу N 7-8-63 санды 20.05.2008 жылғы "Ауыл айнасына" 2.05.2008 жыл N 25-26 сандарымен жарияланған; аудан әкімдігінің 2008 жылғы 3 қыркүйектегі "Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 29 маусымдағы "Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 190 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" N 301 қаулысы тіркеу N 7-8-73 санды 29.09.2008 жылғы "Ауыл айнасы" газетіне 27.10.2008 жылы N 47 санымен жарияланған; аудан әкімдігінің 2008 жылдың 14 қарашасындағы "Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі "Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 29 маусымдағы "Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 190 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 145 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 382 санды қаулысы тіркеу N 7-8-80 санды 9.12.2008 жылғы "Ауыл айнасына" 4.12.2008 жылы N 53 санымен жарияланған) төмендегі толықтырулар енгізілсін:
1) Көрсетілген қаулының 1-қосымшасы 31. "Аудандық ішкі істер бөлімі" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 2-қосымшасы 11. "Ауылдық округтердегі учаскелік полиция инспекторларына іс-қағаздарды және басқалай құжаттарды толтыруға, таратуға көмекші" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Құтхожинге жүктелсін.
Аудан әкімі | Е.Қалиев |