Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабын және 2009 жылдың 5 маусымындағы Бостандықауылының халық жиыны хаттамасын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Бостандық ауылындағы бұрыңғы "Орталық" көшесі атауы, жазықсыз саяси құғын-сүргін құрбаны, қайраткер "Ерғали Аязбаев" көшесі болып өзгертілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Ауылдық округ әкімі М. Нысанов