Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қазандағы N 390 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын басшылыққа алып, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-4 тармақшасына, 18-1 бабына сәйкес және түскен ұсыныс негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" 2008 жылғы 29 ақпандағы N 55 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-64 нөмірімен тіркелген, жарияланған күні 2008 жылы 17 сәуір N 20-21 аудандық "Екпін" газеті), толықтырулар енгізілген 2008 жылғы 14 тамыздағы N 215 қаулы "2008 жылғы 29 ақпандағы "Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" N 55 қаулысына толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-74 нөмірімен тіркелген, жарияланған күні 2008 жылы 12 қыркүйек N 48 аудандық "Екпін" газеті), 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 312 қаулы "2008 жылғы 29 ақпандағы "Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" N 55 қаулысына толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-80 нөмірімен тіркелген, жарияланған күні 2009 жылы 23 қаңтар N 5 аудандық "Екпін" газеті) 1 қосымшасының 12 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
12. "Тасқала – Аққу" ЖШС.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Н. Мусинге жүктелсін.
Аудан әкімі | Ө.Мырзағалиев |