Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 12.02.2018 № 21-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Тіркелген салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Аудандық мәслихаттың "Салық және төлемақы ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" 2008 жылғы 6 тамыздағы N 9-5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-73 болып тіркелген, 2008 жылғы 12 қыркүйектегі аудандық "Екпін" газетінің 48 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім аудандық "Екпін" газетінің бір нөмірінде (директор-редакторы С. Ашығалиев) жариялансын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В.Н. Федосов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Қ.Нұрмұханов |
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы N 12-3 шешіміне қосымша |
Тіркелген салық ставкаларының мөлшері
р/н | Салық салу нысандары |
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары | 1 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдалынатын дербес компьютер | 1 |
4. | Ойын жолы | 5 |
5. | Карт | 2 |
6. | Бильярд үстелі | 3 |