Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Тасқала аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Тасқала аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Т. Ержігітова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Н. Құрмышева |
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Рахимов |
Тасқала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 ақпандағы № 21-6 шешіміне қосымша |
Тасқала аудандық мәслихатының кейбір күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
1. Тасқала аудандық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы №12-3 "Тіркелген салық ставкалары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-11-87 тіркелген, 2009 жылы 10 сәуірде "Екпін" газетінде жарияланған) шешімі;
2. Тасқала аудандық мәслихатының 2012 жылғы 18 мамырдағы №4-4 "Тасқала ауданының елді мекендерінің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық ставкаларын 50 пайызға жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №7-11-165 тіркелген, 2012 жылы 28 маусымда "Екпін" газетінде жарияланған) шешімі;
3. Тасқала аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі №34-2 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №4111 тіркелген, 2015 жылы 26 қазанда "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;
4. Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №9-1 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4651 тіркелген, 2017 жылы 20 қаңтарда "Екпін" газетінде жарияланған);
5. Тасқала аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қаңтардағы №10-4 "Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №9-1 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4679 тіркелген, 2016 жылы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
6. Тасқала аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 наурыздағы №11-3 "Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №9-1 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4733 тіркелген, 2017 жылы 29 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
7. Тасқала аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 маусымдағы №13-1 "Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №9-1 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4834 тіркелген, 2017 жылы 30 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
8. Тасқала аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 шілдедегі №14-3 "Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №9-1 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4879 тіркелген, 2017 жылы 18 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
9. Тасқала аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 қазандағы №16-1 "Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №9-1 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4931 тіркелген, 2017 жылы 2 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
10. Тасқала аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 қарашадағы №18-1 "Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №9-1 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4967 тіркелген, 2017 жылы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
11. Тасқала аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 желтоқсандағы №19-1 "Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №9-1 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4994 тіркелген, 2017 жылы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).