Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2012.02.29 № 48 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын басшылыққа алып, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1 тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2 тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тасқала ауданында жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Аудан әкімдігінің "Тасқала ауданында мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету туралы" 2006 жылғы 31 тамыздағы № 255 (мемлекеттік тіркеу № 7-11-36, жарияланған күні 2006 жылы 13 қазан № 42 аудандық "Екпін" газеті) қаулысы күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Ә. Жұбанышкалиеваға жүктелсін.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Қ.Мусин |
Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 113 қаулысымен бекітілген қосымша |
Тасқала ауданында жұмыс орындарының жалпы
санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін
жұмыс орындарының квотасы
№ | Мекеме, кәсіпорындаратауы | Жылдары | ||
2009 | 2010 | 2011 | ||
1 | С. Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беру мектебі | 1 | ||
2 | Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беру мектебі | 2 | 1 | |
3 | Қ. Сәтпаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі | 1 | ||
4 | Амангельді жалпы орта білім беру мектебі | 1 | ||
5 | Семиглавый-Мар жалпы орта білім беру мектебі | 1 | 1 | |
6 | Совхоз жалпы орта білім беру мектебі | 1 | 1 | |
7 | Оян жалпы орта білім беру мектебі | 1 | ||
8 | Шипов жалпы орта білім беру мектебі | 1 | ||
9 | Шежін жалпы орта білім беру мектебі | 1 | ||
10 | № 20 кәсіптік мектеп | 1 | 1 | |
Барлығы | 6 | 5 | 4 |