Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 48 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 26 наурызда № 7-11-155 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 69 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 17.03.2014 № 69 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгіленген квота бойынша мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарына жiберу жөнінде шараларды алсын.
      3. Аудан әкімдігінің "Тасқала ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2009 жылғы 30 наурыздағы № 113 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7-11-92 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 1 мамырда "Екпін" газетінің № 26-27 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсiн.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкiмi                      Қ. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады