2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан азаматтарын кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 мамырдағы N 182 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 15 маусымда N 7-11-95 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 494 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 31.12.2009 N 494 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 779 Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығын іске асыру туралы" N 543 қаулысын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тасқала аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген аудан азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұсынылсын.

      2. Аудан азаматтарын сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      3. Аудан азаматтарын мерзімді кезекті әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу мақсатында:

      1) аудандық шақыру комиссиясының құрамы 3 қосымшаға сәйкес және медициналық комиссияның құрамы 4 қосымшаға сәйкес құрылсын;

      2) шақыру комиссиясының мүшелері, дәрігерлер мен медбикелер шақыру комиссиясының жұмысына араласқанда негізгі жұмысынан босатылып, еңбек ақысы сақталсын.

      4. "Тасқала аудандық орталық емханасы" МКҚК (келісім бойынша):

      1) 2009 жылдың сәуірінен шілдеге дейін және қазаннаң желтоқсан аралығында аудандық емханада шақырылған азаматтарды флюрографиялық тексеруден дәрігерлік куәландыру өткізуін қамтамасыз ету ұсынылсын;

      2) шақыру кезінде емдеу мекемесінен стационарлық тексеру мен емдеуге орын бөлуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

      5. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан азаматтарын мерзімді кезекті әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу кезеңіне 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанын айларында есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлсін.

      6. "Тасқала аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскерге шақырушыларды жинау және әскерге жөнелту орындарында ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      7. Ауылдық округ әкімдері шақырылған азаматтарды осы қаулымен бекітілген кестегелерге сәйкес шақыру бөліміне жеткізуді қамтамасыз етсін.

      8. "1982-1991 жылдары туылған аудан азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Тасқала ауданы әкімідігінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі N 129 қауылысы бұзылды деп танылсын.

      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, және 2009 жылғы 17 сәуірден бастап туындайтын құқық қатынастарға таратылады.

      10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Н. Мусинге жүктелсін.

      Аудан әкімі Ө.Мырзағалиев

  2009 жылғы 20 мамырдағы N 182
Тасқала ауданы әкімдігінің
қаулысымен бекітілген
1-қосымша

Аудан азаматтарын сәуір-мауысым
айларында мерзімді әскери қызметке шақыру
кестесі

N

Ауылдық округ-терінің атаулары


Медициналық комиссиядан өту күндері

Сәуір

Мамыр

Мау-сым

саны

17-20

21-22

23-24

27-28

29-30

1-4

5-6

7-8

1-12

1-2

1

Ақтау


36










2

Амангелді



26









3

Достық




27








4

Қосшы





28







5

Қазақстан






39






6

Тасқала




23

22

11

2

50

50

31


7

Мереке


13










8

Мерей







48





9

Шежін



24









Барлығы:

430

49

50

50

50

50

50

50

50

31


  2009 жылғы 20 мамырдағы N 182
Тасқала ауданы әкімдігінің
қаулысымен бекітілген
2-қосымша

Аудан азаматтарын қазан-желтоқсан
айларында мерзімді әскери қызметке шақыру
кестесі

N

Ауылдық округ-терінің атаулары


Медициналық комиссиядан өту күндері

Қазан

Қараша

Жел-тоқ-сан

саны

28-29

30-1

2-5

6-7

8-9

12-13

14-15

16-19

20-21

1-2

1

Ақтау

30

30










2

Амангелді

22



22








3

Достық

20

20










4

Қосшы

23



23








5

Қазақстан

30


30









6

Тасқала

267




10

50

50

50

50

57


7

Мереке

15




15







8

Мерей

26




26







9

Шежін

20


20









Барлығы:

453

50

50

45

51

50

50

50

50

57


  2009 жылғы 20 мамырдағы N 182
Тасқала ауданы әкімдігінің
қаулысымен бекітілген
3-қосымша

Аудандық шақыру комиссияның
құрамы

Жұбанышкалиев Абат Әсетұлы

Аудандық қорғаныс істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша), Комиссия төрағасы

Шынбаев Қанатғали Қажыбайұлы

Аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, Комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Қайырбаев Болат Ғабдрашитұлы

Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Кенжешева Гүлсайран Әлиқызы

"Тасқала аудандық орталық емханасы" МКҚК директорының орынбасары, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша)

Айтжанова Нұрсұлу Мауытқызы

Медбике, комиссия хатшысы

  2009 жылғы 20 мамырдағы N 182
Тасқала ауданы әкімдігінің
қаулысымен бекітілген
4-қосымша

Медициналық комиссияның құрамы

Кенжешева Гүлсайран Әлиқызы

"Тасқала аудандық орталық емханасы" МКҚК директорының орынбасары, медициналық комиссияның төрайымы

Шатенова Балжан Қадимқызы

невропатолог

Мусина Бибигуль Менахай қызы

стоматолог

Айтжанов Айболат Халенұлы

хирург

Еметьяров Нұрболат Қайрелұлы

ҚМТ дәрігері

Ермұхамбетов Сағынғали Мидитұлы

офтальмолог

Қосжанов Оразбай Ағынбайұлы

рентгенолог

Дуйсекешева Нурия Мадиқызы

жасөспірім дәрігері

Исмағулова Әлия Мақсотқызы

медбике

Есенбаева Мерует Ғалымқызы

медбике

Жұбандыкова Тамара Сарсенқызы

медбике

Оразбаева Алтыншаш Мақбозқызы

медбике

Айтжанова Нұрсұлу Молтқызы

медбике, комиссия хатшысы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады