Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" N 138 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 қазандағы N 400 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 9 қарашада N 7-11-106 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі N 273 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 30.09.2010 N 273 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңына сәйкес, аудандық деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" 2008 жылғы 30 мамырдағы N 138 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-70 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 25 шілдеде "Екпін" газетінде жарияланған), 2009 жылғы 31 шілдедегі N 284 Аудан әкімдігінің "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" 2008 жылғы 30 мамырдағы N 138 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-101 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 18 қыркүйекте N 51-52 "Екпін" газетінде жарияланған), 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 373 Аудан әкімдігінің "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" 2008 жылғы 30 мамырдағы N 138 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-102 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 23 қазанда N 58-59 "Екпін" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) Осы қаулының 12 қосымшасының 5-1 тармақшасы "қорытындысы." деген сөзден кейін "Кеңестік Социалистік Републикалар Одағы кезіндегі "Ленин" орденінің иегерлерінің куәлігі, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік сыйлығы лауреаттарының куәлігі, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметі үшін берілген құрметті атақ иегерлерінің куәлігі, Семей ядролық сынақ полигонындағы апаттың салдарынан зардап шеккен мүгедектердің куәлігі" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Люция Әсетқызы Жұбанышқалиеваға жүктелсін.

      Аудан әкімі Ө.Мырзағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады