Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" N 138 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 31 шілдедегі N 284 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 7 қыркүйекте N 7-11-101 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі N 273 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 30.09.2010 N 273 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарын басшылыққа алып, аудандық деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" 2008 жылғы 30 мамырдағы N 138 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-70 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 25 шілдеде "Екпін" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      1. Осы қаулының 10 қосымшасымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету стандартында:

      1) 3-тармағы "Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 6-3 шешімімен бекітілген "Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу Қағидасы" туралы шешімі" деген 3-тармақшасымен толықтырылсын;

      2) 7-тармақтың 1-тармақшасындағы "арыз иесі N 190-нысанды тапсырған күннен" деген сөздер "тағайындалған көмек сомасы арыз иесінің есеп шотына аударылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 7-тармақтың 3-тармақшасы алып тасталсын;

      4) 10-тармақтағы "Кезек күттірмеу үшін тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде келесі мерзімге алдын-ала жазылу қарастырылған" деген сөздер алып тасталсын;

      5) 12-тармақтағы "оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін" деген сөздер алып тасталсын;

      6) 12-тармақтың 1-тармақшасындағы "көшірмесі" деген сөз алып тасталсын, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Орал қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесінің "Тасқала ауданы бойынша қызмет көрсету орталығы" филиалы" деген сөздер "Тасқала ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Бастыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы мемлекеттік мекемесінің филиалы" деген сөздермен ауыстырылсын, "21-7-06" деген сандар "21-9-79" деген сандармен ауыстырылсын;

      7) 12-тармақтың 2-тармақшасындағы "комитетінде" деген сөз "басқармасында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 12-тармақтың 3-тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Орал қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесінің "Тасқала ауданы бойынша қызмет көрсету орталығы" филиалы" деген сөздер "Тасқала ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Бастыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы мемлекеттік мекемесінің филиалы" деген сөздермен ауыстырылсын, "21-7-06" деген сандар "21-9-79" деген сандармен ауыстырылсын;

      9) 12-тармақтың 5-тармақшасында "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Орал қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесінің "Тасқала ауданы бойынша қызмет көрсету орталығы" филиалы" деген сөздер "Тасқала ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Бастыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы мемлекеттік мекемесінің филиалы" деген сөздермен ауыстырылсын, "21-7-06" деген сандар "21-9-79" деген сандармен ауыстырылсын;

      10) 12-тармақтың 6-тармақшасы "ауған соғысының қатысушысының куәлігі, тыл еңбеккерлері үшін 1941-1945 жылдары жұмыс істегенін растайтын құжат, аз қамтылған отбасы екенін растайтын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің анықтамасы, көп балалы аналарға, жетімдерге зейнетақы төлеу орталығының анықтамасы, әскерге соңғы шақырылғандарға, ҰОС қайтыс болған азаматтардың қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне, Кеңес Одағы батырының жесіріне Қорғаныс істер бөлімінің анықтамасы, жалғызбасты зейнеткерлерге, мүгедектерге отбасы құрамы туралы, ауылдық округ әкімі аппаратының анықтамасы, ерекше санаттағы отбасыларға тұрғын үйдің газдандырылмағаны жөнінде ауылдық округ әкімі аппаратының анықтамасы" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 12-тармақтың 8-тармақшасындағы "жартыжылдыққа" деген сөз "тоқсандағы" деген сөзбен ауыстырылсын, "табыстары" деген сөзден кейін "өзге табыстары" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 13-тармақтағы "Бөлімнің мекен-жайы: Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Жақсыгулов көшесі, 5, телефоны: 21-5-52." деген сөздер "Ақтау ауылы, Ардагерлер көшесі, 10, телефон: 29-5-36; Амангелді ауылы, Ленин көшесі, телефон: 23-1-24; Атамекен ауылы, Жеңіс көшесі, 11, телефон: 25-1-24; Достық ауылы, Саттарова көшесі, 15, телефон: 24-2-68; Мерей ауылы, Абай көшесі, телефон: 29-6-24; Мереке ауылы, Ақжігітов көшесі, телефон: 26-1-37; Оян ауылы, Маметова көшесі, 10, телефон: 29-2-96; Тасқала ауылы, Абай көшесі, 20, телефон: 21-4-30; Шежін ауылы, Юбилейная көшесі, телефон: 23-5-55" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 15-тармақтағы "қолхаты" деген сөз "хабарламасы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      14) 17–тармағының 2 абзацындағы "мерзім ішінде" деген сөзден кейін "аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" деген сөздермен толықтырылсын;

      15) 17-тармақтың 2-тармақшасындағы "Күтімге мұқтаж деп танылған тұлғаларды күтіп отырған немесе", "күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаға" деген сөздер алып тасталсын. "қызметінде" деген сөз "бөлімінде" деген сөзбен ауыстырылсын, "тіркелмеген" деген сөзден кейін "және өзін-өзі жұмыспен қамтымаған" деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 17-тармақтың 3-тармақшасындағы "Бөліміне" деген сөз "тағайындау барысында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының 12 қосымшасымен бекітілген "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартында:

      1) 3-тармағы "Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 6-3 шешімімен бекітілген "Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу Қағидасы" туралы шешімі" деген 3-тармақшасымен толықтырылсын;

      2) 5-тармағындағы "өкілетті органдардың" деген сөздерден кейін "және аудандық комиссияның" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 6-тармағындағы "тұлғаларына" деген сөз "тұлғаларға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 7-тармақтың 1-тармақшасындағы "20" деген сан "30" деген санмен ауыстырылсын;

      5) 7-тармақтың 2-тармақшасындағы "кезек күтуге" деген сөздер алып тасталсын;

      6) 7-тармақтың 3-тармақшасы алып тасталсын;

      7) 9-тармақтағы "Бұл стандарт" деген сөздерден кейін "мына мекен-жай бойынша іске асырылады:" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 11-тармағының 3-тармақшасындағы "тазартқыш" деген сөз "салқындатқыш" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) 12-тармағындағы "оның ішінде нысаналы топтар үшін" деген сөздер алып тасталсын;

      10) 12-тармағының 1-тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Орал қаласындағы Халыққы қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесінің "Тасқала ауданы бойынша қызмет көрсету орталығы" филиалы" деген сөздер "Тасқала ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Бастыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы мемлекеттік мекемесінің филиалы" деген сөздермен ауыстырылсын, "21-7-06" деген сандар "21-9-79" деген сандармен ауыстырылсын;

      11) 12-тармағының 2-тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Орал қаласындағы Халыққы қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесінің "Тасқала ауданы бойынша қызмет көрсету орталығы" филиалы" деген сөздер "Тасқала ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Бастыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы мемлекеттік мекемесінің филиалы" деген сөздермен ауыстырылсын, "21-7-06" деген сандар "21-9-79" деген сандармен ауыстырылсын;

      12) 12-тармағының 4 тармақшасындағы "комитетінде" деген сөз "басқармаснда" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13) 12-тармағының 3-тармақшасы алып тасталсын;

      14) 12-тармағының 6-тармақшасы төмендегідей жаңа редакциясында баяндалсын:

      "6. Өтініш берудің себебін дәлелдейтін құжаттар:

      - Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігі;

      - Кеңес Одағы Батырының жесірі екенін дәлелдейтін құжат;

      - Қайтадан некеге отырмаған Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың жұбайларына Қоғаныс істері жөніндегі бөлімнің анықтамасы;

      - Бейбітшілік жағдайда қаза болғандардың отбасыларына Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің анықтамасы;

      - 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына соңғы шақырылған әскери қызметшілерге Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің анықтамасы;

      - Соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагердің, гетторлардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің анықтамасы;

      - Жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлерге Орал облыстық Советінің атқару Комитетінің шешімі немесе жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлердің куәлігі;

      - "Алтын алқа" және "Батыр ана" ордені иегерлерінің куәлігі;

      - Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің тұрғын үйін жөндеу үшін – селолық округ әкімдігінің қолдау хаты және құрылыс мамандарының қатысуымен жасалған ақау актісі және сметасы;

      - Аз қамтылған адамдар ұзақ мерзім ауырған кезеңде және облыстан тысқары жерлерде емделетін жағдайда – жолдама немесе ауылдық округ әкімінің қолдау хаты;

      - Ауданның жалғызбасты және аз қамтылған азаматтарын жерлегенде-қайтыс болу туралы куәлік;

      - Өрт және тасқын су зардабын шеккен жағдайда – Тасқала ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің және арнаулы комиссияның актілері;

      - Әлеуметтік қолдау көрсету үшін отбасының өткен тоқсандағы табыстары туралы құжаттар және жеке қосалқы шаруашылығы көрсетілген ауылдық округ әкімінің анықтамасы;

      - Өкпе ауруымен ауыратындар облыстық диспансерде тексерілген жағдайда – Диспансерден тексерілген күндеріне анықтама, жол жүру билеттері (таксиден басқа), тамақтануы – есептегі айдағы азық-түлік жиынының бір күндік мөлшері есебінен;

      - Ұлы Отан соғысына қатысушылардың тістерін протездеген жағдайда нақтылы төлем жөніндегі түбіртек;

      - Аз қамтылған азаматтардың, мүгедектердің, жалғызбасты зейнеткерлерге, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналарға, жетімдерге тұрғын үйін жөндеу үшін ауылдық округ әкімі аппаратының құрылыс мамандарымен бірлесіп жасаған тұрмыстық материалдық зерттеу актісі;

      - "Қайырымдылық айлығы" кезінде аз қамтылған азаматтардың, мүгедектердің, жалғызбасты зейнеткерлердің, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналардың, жетімдердің отбасының өткен тоқсандағы табыстары туралы құжаттар;

      - 90 жасқа толған және одан жоғары жастағы мерейтой иегерлері – жеке куәлігінің көшірмесі;

      15) 13-тармағындағы "еркін" деген сөз алып тасталсын, "өтініш" деген сөз "ауылдық округ әкімінің қолдау хаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 14-тармағындағы "Бөлімінде" деген сөзі "Бөлім" деген сөзбен ауыстырылсын;

      17) 15-тармағындағы "Тұтынушы" деген сөз "Тұтынушыға" деген сөзбен, "маманның берген қолхаты" деген сөздер "хабарламасы беріледі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 16-тармағындағы "маманы қызмет көрсету" деген сөздерден кейін "аудандық комиссия" деген сөздермен, "иесінің жеке" деген сөздерден кейін "есеп" деген сөзбен толықтырылсын;

      19) 17-тармағының 1-тармақшасындағы "2" деген сан "1" деген санмен ауыстырылсын;

      20) 17-тармағының 2-тармақшасындағы "күнкөріс" деген сөз "кедейлік" деген сөзбен ауыстырылсын, "деңгейінен артуы" деген сөздерден кейін "(ай сайынғы төлемдерден басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;

      21) 21-тармағының 1-тармақшасындағы "шағым" деген сөз "өтініш" деген сөзбен ауыстырылсын;

      22) 21-тармағының 2-тармақшасындағы "аппараты жетекшісі" сөздер "орынбасары" деген сөзбен, "шағым" деген сөз "өтініш" деген сөзбен, "21-2-39" деген сандар "21-1-39" деген сандармен ауыстырылсын;

      23) 22-тармағының 2-тармақшасындағы "21-2-39" деген сандар "21-1-39" деген сандармен ауыстырылсын;

      24) 24-тармағының 2-тармақшасындағы "аппараты" деген сөз "орынбасары" деген сөзбен, "21-2-39" деген сандар "21-1-39" деген сандармен ауыстырылсын.

      3. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 30 маусымдағы "2008 жылғы 30 мамырдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" N 138 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" N 207 қаулысы бұзылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Люция Әсетқызы Жұбанышқалиеваға жүктелсін.

      Аудан әкімі Ө.Мырзағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады