Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2010.01.26 N 25 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Теректі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 12 ақпандағы "2009 жылы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы" N 75 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-12-74 тіркелген, 2009 жылғы 17 наурыздағы "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" газетінде жарияланған) қаулысына келесідей толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген 2-қосымшаның "Еңбек ақы (айына) теңге" бағанындағы "13 470" деген сандар "Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тиісті жылға белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қадыров Әділбек Жаныбекұлына жүктелсін.
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы | Ә.Қадыров |