Шыңғырлау ауданының біржолғы талондардың құнын және жекелеген салық төлем ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы № 17-8 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 27 наурызда № 7-13-94 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 10-4 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 29.03.2013 № 10-4 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсанындағы N 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" кодексін, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 100-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексін қолданысқа енгізу туралы" және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы N 148–ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шыңғырлау ауданында біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимінде қызметтерін жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардын құны 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Шыңғырлау ауданында біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимінде қызметтерін базар аумағындағы дүнгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардын құны 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Айына салық салу бірлігіне тіркелген бірыңғай жиынтық салық ставкалары 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Жер салығының ставкалары 4 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      5. Шыңғырлау аудандық мәслихатының "Ауданда біржолғы талондар бағасын белгілеу туралы" 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 16-11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7-13-89 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 28 ақпандағы аудандық "Серпін" газетінде жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Сессия төрағасы Г.Е.Джумабаева
      Аудандық мәслихат хатшысы М.Ж.Малтиев

  2009 жылғы 18 ақпандығы N 17-8
Шыңғырлау аудандық мәслихатының
шешіміне 1 қосымша

Шыңғырлау ауданында біржолғы талон негізіндегі
арнаулы салық режимінде қызметтерін жүзеге асыратын
жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардын құны

N

Қызмет түрлері

1 жылғы талондардың құны теңгемен

1

Сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда);


1)

Газеттер мен журналдар;

20

2)

Тұқым, сондай ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет)

30

3)

Бақша дақылдары

100

4)

Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдер;

75

5)

Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдер

100

6)

Жануарлар мен құстардың жемдері

50

7)

Сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақтар

50

2

Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері

150

3

Үй жануарлары мен құстарын бағуды жүзеге асыратын жеке тұлғалар

80

  2009 жылғы 18 ақпандығы N 17-8
Шыңғырлау аудандық мәслихатының
шешіміне 2 қосымша

Шыңғырлау ауданында біржолғы талон
негізіндегі арнаулы салық режимінде
қызметтерін базар аумағындағы дүнгіршектердегі,
стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы)
сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу,
жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі
қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар,
дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар
үшін біржолғы талондардын құны

N

Қызмет түрлері

1 жылғы талондардың құны теңгемен

1

Азық түлік тауарлары


1)

Сөре арқылы сату

75

2)

Қолдан сату

30

3)

Сүт тағамдарын сату

40

2

Автокөліктен сату, соның ішінде:



жүк көліктен

500


жеңіл көліктен

250

3

Өнеркәсіп тауарлары


1)

Сөреден сату

100

2)

Қолдан сату

50

3)

Автокөліктен сату, соның ішінде:



жүк көліктен

500


жеңіл көліктен

250

4

Сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда);


1)

Газеттер мен журналдар;

20

2)

Тұқым, сондай ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет)

30

3)

Бақша дақылдары

100

4)

Саяжай және үй жанында өсірілген тірі гүлдер;

75

5)

Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдері

100

6)

Жануарлар мен құстардың
- жем
- шөп

50
200

7)

Сыпырғылар, сыпыртқылар, орман жидектерін, бал, саңырауқұлақтар

50

5

Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері

150

6

Үй жануарлары мен құстарын бағуды жүзеге асыратын жеке тұлғалар

80

  2009 жылғы 18 ақпандығы N 17-8
Шыңғырлау аудандық мәслихатының
шешіміне 3 қосымша

Айына салық салу бірлігіне тіркелген
бірыңғай жиынтық салық ставкалары

N

Салық салу объектілері

Салық салу нысандарының бірлігі

Бірыңғай жиынтық салық ставкасы (айлық есеп көрсеткішінде)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

бір ойын автоматы

11

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

бір ойын автоматы

17

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

бір компьютер

2

4

Ойын жолы

бір ойын жолы

70

5

Карт

карт

10

6

Бильярд үстелі

бір бильярд үстелі

20

  2009 жылғы 18 ақпандығы N 17-8
Шыңғырлау аудандық мәслихатының
шешіміне 4 қосымша

Жер салығының ставкалары

      Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жүргізілетін жерлерді өңірлерге бөлу жобалары (схемалары) негізінде жер салығының ставкаларын Салық Кодексінің 378, 379, 381, 383 баптарына сәйкес тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге және автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкалары елу пайызға көтерілсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады