Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмектер көрсету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 сәуірдегі N 18-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 22 мамырда N 7-13-96 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 25-9 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2009.12.22 N 25-9 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасын және аудан әкімдігінің ұсынысың қарап және Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылыры мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адардарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабын, басшылыққа алып, Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Дербес зейнеткерлерге ай сайын әлеуметтік көмек 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде белгіленсін.

      2. Бейбіт кезенде қаза болған жауынгерлер отбасыларын материалдық қолдауға 2009 жылдың 1 қантарынан бастап ай сайын 1 000 теңге мөлшерінде белгіленсін.

      3. Жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

      4. Жеңіс күніне – Ұлы Отан Соғысына қатысқандарға 30 000 теңге, Ұлы Отан Соғысының мүгедектеріне 30 000 теңге, ауған соғысы ардагерлеріне 5 000 теңге, бейбіт кезеңде қайтыс болған әскери қызметшілер отбасыларына 3 000 теңге,Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне 5 000 теңге көлемінде белгіленсін.

      5. Туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға құжаттануға және қосымша тамақтануға жылына бір рет 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қаражат бөлу белгіленсін.

      6. Халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына әлеуметтік көмек 3 000 теңгеден 20 000 (Жиырма мың) теңге көлемінде белгіленсін.

      7. 2009 жылдың 1 наурыз айынан бастап әлеуметтік көмек алушыларға 1,5 айылық есептік көрсеткіш көлемінде қосымша әлеуметтік төлемдер белгіленсін.

      8. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы "Аудан бойынша 2009 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы" N 16-12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7-13-90 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 28 ақпандағы аудандық "Серпін" газетінде жарияланған) және Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 3 наурыздағы "Аудан бойынша 2009 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 17-17 шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      9. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Э.Б.Дельмухаметова
      Аудандық мәслихат хатшысы М.Ж.Малтиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады