Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2012.05.21 N 3-1 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7-баптарына сәйкес Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының "Шыңғырлау ауданының елді мекендерінде ит пен мысықты қолда ұстау Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 3 наурыздағы N 19-2 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-13-21 тіркелген, 2006 жылғы 20 мамырда "Серпін" газетінде жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Шешімінің кіріспесінде "жергілікті мемлекеттік басқару" сөздерінен кейін "және өзін-өзі басқару" сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А.Б.Тасмагамбетов |
Аудандық мәслихат хатшысы | М.Ж.Малтиев |