Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 312-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 11 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6538 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 288 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.04.2016 № 288 бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң департаменті (Т.А. Жұмабеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген заңнамалық тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Г. Әбдіқалықова

Қазақстан Республикасы  
Еңбек және халықты    
әлеуметтік қорғау министрінің
2010 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 312-ө бұйрығына қосымша 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістердің тізбесі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1084 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2) Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.03.2013 № 126-ө-м бұйрығымен (01.05.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      3) «Әлеуметтік аударымдар төлеушінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан әлеуметтік аударымдардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған сомалары туралы ақпаратты сұрау және алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 169-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3004 тіркелген):
      осы бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік аударымдар төлеушінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты сұрату және алу ережесінде:
      1 және 2-қосымшаларда «СТН» деген аббревиатура «БСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      4) Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.12.2013 № 685-ө-м бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5) «Әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 306-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3985 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде, 2006 жылғы қаңтар, № 1, 199-құжатында жарияланған):
      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Тірек-қозғалу аппараты функцияларының бұзылушылықтары бар балаларға арналған мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік ережесінде:
      9-тармақтың 4), 5) тармақшалары алып тасталсын;
      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік ережесінде:
      12-тармақтың 4), 5) тармақшалары алып тасталсын;
      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесінде:
      8-тармақтың 5), 6) тармақшалары алып тасталсын;
      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Стационарлық үлгідегі психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесінде:
      8-тармақтың 4), 5) тармақшалары алып тасталсын;
      Стационарлық үлгідегі психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсету үлгі ережесіне 1-қосымшада:
      «СТН нөмірі немесе ЖСН ______________» және «ӘЖК нөмірі немесе ЖСН ______» деген жолдар «ЖСН нөмірі ______________» деген жолмен ауыстырылсын;
      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Жартылай стационарлық үлгідегі психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсету үлгі ережесінде:
      10-тармақтың 4), 5) тармақшалары алып тасталсын;
      Жартылай стационарлық үлгідегі психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсету үлгі ережесіне 1-қосымшада «СТН нөмірі немесе ЖСН ______________» және «ӘЖК нөмірі немесе ЖСН ______» деген жолдар «ЖСН нөмірі ______________» деген жолмен ауыстырылсын;
      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметтерінің әлеуметтік қызмет көрсету үлгі ережесінде:
      14-тармақтың 4), 5) тармақшалары алып тасталсын;
      Үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметтерінің әлеуметтік қызмет көрсету үлгі ережесіне 2-қосымшада:
      «СТН нөмірі немесе ЖСН ______________» және «ӘЖК нөмірі немесе ЖСН ______» деген жолдар «ЖСН нөмірі ______________» деген жолмен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады