Сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының (артықшылықты акцияларды шегере отырып) жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иеленетін жеке тұлғаның пруденциялық нормативтерді ұстап тұру бойынша шаралар туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйекте N 135 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 12 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6546 болып енгізілді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының (артықшылықты акцияларды шегере отырып) жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иеленетін жеке тұлғаның пруденциялық нормативтерді ұстап тұру бойынша шаралар туралы нұсқаулық бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беруші акцияларының жиырма бес және одан астам процентіне иелік ететін (дауыс беруге құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтерін қолдауы бойынша шаралар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 51 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4179 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):

      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      5. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым Е. Бахмутова

  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 135 қаулысымен бекітілген

Сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының (артықшылықты акцияларды шегере отырып) жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иеленетін жеке тұлғаның пруденциялық нормативтерді ұстап тұру бойынша шаралар туралы нұсқаулық

      Ескерту. Нұсқаулықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Нұсқаулық "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес әзірленді және сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының (артықшылықты акцияларды шегере отырып) жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иеленетін жеке тұлғаның пруденциялық нормативтерді ұстап тұру бойынша шараларды белгілейді.

      Сақтандыру холдингтері және ірі қатысушылар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысында (бұдан әрі - № 304 қаулы) белгіленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының және өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін (бұдан әрі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтері) және сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін ұстап тұрады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Нұсқаулықта айқындалған және сақтандыру холдингтерінің, сондай-ақ ірі қатысушыларының орындалуға жататын № 304 қаулыда белгіленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерін және (немесе) ең төменгі нормативтік мәнінен төмен емес сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін ұстап тұру бойынша шараларға:

      1) сақтандыру холдингтері үшін - ішкі құжаттарының болуы;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерін және (немесе) сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін тұрақты қамтамасыз ету;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерін және (немесе) сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін жедел қамтамасыз ету кіреді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Сақтандыру холдингінің ішкі құжаттарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерін және (немесе) сақтандыру холдингінің сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін қолдау жөніндегі шараларды қолдану тізбесі, талаптары мен тәртібі болады.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерін және (немесе) сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін тұрақты қамтамасыз ету шаралары мыналарды:

      1) егер сақтандыру тобының қатысушысына қатысты пруденциялық нормативтер мен сақтауға міндетті лимиттер белгіленсе, сақтандыру тобының және оның қатысушыларының пруденциялық нормативтерді сақтауын және сақтауға міндетті өзге де лимиттерді тексеру мақсатында сақтандыру тобының тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есеп беруін және оның қатысушыларының тоқсан сайынғы қаржылық есеп беруін талдау негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есеп беруін, ал еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда шоғырландырылмаған қаржылық есеп беруін талдау негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйін тоқсан сайын бағалау;

      2) сақтандыру холдингі және (немесе) ірі қатысушысы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылауының болуына жыл сайын бақылау жасауды;

      3) сақтандыру холдингі және (немесе) ірі қатысушысы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көзделген жедел қамтамасыз ету шараларын анықтайтын рәсімдерді жыл сайын бақылау жасауды қамтиды.

      5. Жедел қамтамасыз ету шаралары уәкілетті орган белгілеген нормативтік мәннен төмен төлем қабілеттілігі маржасы төмендеген кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.

      6. Жедел қамтамасыз ету шаралары мыналарды:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерін және (немесе) сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін қолдау рәсімдерін;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының активтерінің құрылымын өзгерту жөніндегі рәсімдерді;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының ұйымдық құрылымын өзгерту жөніндегі рәсімдерді;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының (акционерлер арасында таза кірісті бөлуді) жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеуді тоқтата тұру жөніндегі рәсімдерді көздейді.

      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерін және (немесе) сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін ұстап тұру рәсімдері мыналарды:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру тобының қатысушыларына реттелген қарыз беруді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерін № 304 қаулыда белгіленген нормативтік мәндерге сәйкес келтіру үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобы қатысушының (қатысушыларының) акцияларын сатып алуды;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобы қатысушыларының осы міндеттемелерінің орнын толтыратын үшінші тұлғалардың алдында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобы қатысушыларының міндеттемелері бойынша қамтамасыз етуді ұсынуды;

      3) сақтандыру холдингінің, сондай-ақ ірі қатысушының алдында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобы қатысушыларының міндеттемелерін орындау мерзімін ұзартуды;

      4) сақтандыру холдингінің және (немесе) сақтандыру тобының, сондай-ақ ірі қатысушының алдында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобы қатысушыларының міндеттемелері бойынша төлемдер мерзімін кейінге қалдыруды;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының қатысушыларының күмәнді активтерін, шартты міндеттемелерін сатып алуды қамтиды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының активтерінің құрылымын өзгерту жөніндегі рәсімдер мынадай:

      1) Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру тобын кредиттік тәуекелге, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдерге және (немесе) инвестициялық тәуекелге ұшырататын операцияларды шектеу немесе тоқтата тұру;

      2) инвестициялық тәуекелдерді және өтімділікті жоғалту тәуекелін азайту мақсатында, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының активтерінің құрылымын өзгерту;

      3) елеулі шығыстармен байланысты немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру тобын қосымша тәуекелдерге ұшырататын жүргізіліп отырған операциялардың тізбесін және көлемін қысқарту түрінде жүзеге асырылады.

      9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының ұйымдық құрылымын өзгерту жөніндегі рәсімдер әкімшілік-шаруашылық шығыстарды қысқарту мақсатында жүзеге асырылады.

      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативін және (немесе) сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін уәкілетті орган белгілеген ең төменгі нормативтік мәнінен төмен азайтқан кезде:

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының кемінде елу пайызын тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларының (артықшылық берілгендерін шегергенде) жиырма бес пайызынан астам, бірақ кемінде елу пайызына тікелей немесе жанама иеленетін ірі қатысушысы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативінің және (немесе) сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің төмендеу фактісі анықталған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жалпы жиналысының орындауға міндетті, соның ішінде осы Нұсқаулықпен белгіленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативін және (немесе) сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін жедел қамтамасыз ету шараларын қамтитын Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) қабылдаудың бастамашысы болады және Іс-шаралар жоспары қабылданғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органға ұсынады;

      сақтандыру холдингі және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астам тікелей немесе жанама иеленетін ірі қатысушысы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативінің және (немесе) сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің төмендеу фактісі анықталған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Іс-шаралар жоспарын, соның ішінде осы Нұсқаулықпен белгіленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативін және (немесе) сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін жедел қамтамасыз ету шараларын қамтитын Іс-шаралар жоспарын келісу үшін ұсынады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында біреуден астам сақтандыру холдингі не ірі қатысушы болған кезде осы сақтандыру холдингі не ірі қатысушы осы тармақтың үшінші абзацтың бірінші бөлігінде көрсетілген іс-әрекеттерді бірлесіп жүзеге асырады.

      11. Уәкілетті органмен келісілген Іс-шаралар жоспарында сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтердің ірі қатысушысы және (немесе) сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін қолдау жөніндегі шараларды орындау мерзімі, олардың орындалуы жөніндегі ақпаратты уәкілетті органға ұсыну мерзімі болуы тиіс.

      Сақтандыру холдингінің және (немесе) ірі қатысушының Іс-шаралар жоспарында айқындалған іс-шараларды орындауы туралы ақпараты оны растайтын құжаттармен қоса Іс-шаралар жоспарда белгіленген мерзімде беріледі. Іс-шаралар жоспарының кез келген шарты орындалмаған жағдайда сақтандыру холдингі және (немесе) ірі қатысушы орындамау себептері туралы уәкілетті органға хабарлайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады