Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 120 қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 132 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 12 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6550 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 151 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 151 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертуі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы» 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 120 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1532 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сақтандыру нарығында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және одан айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру, тәуелсіз актуарийдi тарту, тәуелсіз актуарийдiң актуарлық есептердің шынайылығын тексеру нәтижесін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беру тәртібі туралы ережені бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ұсынылып отырған Сақтандыру нарығында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және одан айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру, тәуелсіз актуарийдi тарту, тәуелсіз актуарийдiң актуарлық есептердің шынайылығын тексеру нәтижесін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беру тәртібі туралы ереже бекітілсін және Ереже мен осы қаулы 2001 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы ережеде:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сақтандыру нарығында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және одан айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру, тәуелсіз актуарийдi тарту, тәуелсіз актуарийдiң актуарлық есептердің шынайылығын тексеру нәтижесін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беру тәртібі туралы ереже»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Ереже «Сақтандыру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi, тәуелсіз актуарийді тарту тәртібі мен мерзімін, тәуелсіз актуарийдің актуарлық есептердің шынайлығын тексеру нәтижесін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті мемлекеттік орган) беру тәртібі мен мерзімін, актуарийлердің халықаралық қауымдастықтарының тізбесі мен оларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ актуарлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру негiздерi мен тәртiбiн, актуарийлердің біліктілік емтиханды тапсыру тәртібін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығында актуарлық қызметтi (бұдан әрi - актуарлық қызмет) жүзеге асыру талаптарын айқындайды.»;
      2-тармақта «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган)» деген сөздер «уәкілетті мемлекеттік органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:

«2-1. Тәуелсіз актуарийдің қызметі

      17-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Ереженің 2-тарауында белгіленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатындағы актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тартады.
      17-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатындағы актуарийдің қызметін тексеруді бір тәуелсіз актуарийде қатарынан бес жылдан астам емес жүргізеді.
      17-3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тәуелсіз актуарийді міндетті не бастама жасап тексеру үшін тартады.
      17-4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатындағы актуарийдің қызметін міндетті тексеру күнтізбелік жылы бір реттен кем емес жүргізіледі.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатындағы актуарийдің қызметін міндетті тексеру осы Ереженің 9-тармағында көзделген актуарлық есептердің тексеруін жүргізуді, сондай-ақ осы Ереженің 10-тармағында көзделген актуарлық қорытындыны қамтиды.
      17-5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатындағы актуарийдің қызметін бастама жасап тексеру сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлерінің, директорлар кеңесінің және (немесе) басқармасының бастамасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен тәуелсіз актуарий арасында тексеруді жүргізу шартында көзделген тексерудің нақты мақсаттарын, мерзімдерін және ауқымын ескеріп, жүргізіледі.
      17-6. Тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатындағы актуарийдің қызметін тексеруінің нәтижелері, оның ішінде актуарлық есептердің шынайлығын тексеруі осы Ереженің 12-тармағының талаптарына сәйкес келетін актуарлық қорытынды нысанында ресімделеді.
      Тәуелсіз актуарийдің актуарлық қорытындысы тексерілетін актуарийдің қызметі жөніндегі тәуелсіз актуарийдің пікірін қамтиды.
      17-7. Тәуелсіз актуарийдің актуарлық қорытындысы осы Ереженің 1-2-қосымшасына сәйкес үштен кем емес данада ресімделеді және оған тәуелсіз актуарий қол қояды.
      17-8. Тәуелсіз актуарийдің актуарлық қорытындысының бір данасы тексеру аяқталғаннан кейінгі он күнтізбелік күн ішінде уәкілетті мемлекеттік органға беріледі, бір данасы тәуелсіз актуарийде сақталады, қалғаны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына иелік етуге беріледі.
      17-9. Осы Ереженің мақсатында Заңның 11-1-бабының 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тәуелсіз актуарийлер мүшелері мүмкін болатын актураийлердің халықаралық қауымдастықтары (бұдан әрі - қауымдастық) мыналар:
      1) Халықаралық актуарлық қауымдастық (International actuarial association);
      2) Консультатив Тобы (Groupe Consultatif).
      17-10. Тәуелсіз актуарий мүшесі болып табылатын қауымдастық мына талаптарға сәйкес келеді:
      1) білім алу-біліктілік жүйесі бар болуы;
      2) қауымдастық мүшелерінің білім алу-біліктілік жүйесі қауымдастықтың білім алу-біліктілік жүйесіне сәйкес келуі бойынша талаптар бар болуы не оны тану бойынша ереже бар болуы;
      3) актуарийлер қызметінің мәселелері бойынша құжаттар бар болуы (актуарийлер қызметінің және актуарлық есептерді жүзеге асырудың стандарттары, кәсіби этиканың кодексі және өзге құжаттар).»;
      1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сақтандыру рыногында актуарийлiк  
қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік 
қызметті жүзеге асыруға лицензия   
беру, қолданылуын тоқтату және     
айыру, актуарийлердің біліктілік   
емтиханын тапсыру тәртібі туралы,  
тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз
актуарийдің қаржы нарығын және     
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік    
органға актуарлық есеп айырысулардың
дұрыстығын тексеру нәтижелерін беру
ережесіне 1-қосымша»;       

       1-1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сақтандыру рыногында актуарийлiк  
қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік 
қызметті жүзеге асыруға лицензия   
беру, қолданылуын тоқтату және     
айыру, актуарийлердің біліктілік   
емтиханын тапсыру тәртібі туралы,  
тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз
актуарийдің қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау     
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік    
органға актуарлық есеп айырысулардың
дұрыстығын тексеру нәтижелерін беру
ережесіне 1-1-қосымша»;

       осы қаулының қосымшасына сәйкес 1-2-қосымшамен толықтырылсын.
      4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сақтандыру рыногында актуарийлiк  
қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік 
қызметті жүзеге асыруға лицензия   
беру, қолданылуын тоқтату және     
айыру, актуарийлердің біліктілік   
емтиханын тапсыру тәртібі туралы,  
тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз
актуарийдің қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау     
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік    
органға актуарлық есеп айырысулардың
дұрыстығын тексеру нәтижелерін беру
ережесіне 4-қосымша»;      

       5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сақтандыру рыногында актуарийлiк  
қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік 
қызметті жүзеге асыруға лицензия   
беру, қолданылуын тоқтату және     
айыру, актуарийлердің біліктілік   
емтиханын тапсыру тәртібі туралы,  
тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз
актуарийдің қаржы нарығын және     
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік    
органға актуарлық есеп айырысулардың
дұрыстығын тексеру нәтижелерін беру
ережесіне 5-қосымша»;      

       6-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сақтандыру рыногында актуарийлiк  
қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік 
қызметті жүзеге асыруға лицензия   
беру, қолданылуын тоқтату және     
айыру, актуарийлердің біліктілік   
емтиханын тапсыру тәртібі туралы,  
тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз
актуарийдің қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау     
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік    
органға актуарлық есеп айырысулардың
дұрыстығын тексеру нәтижелерін беру
ережесіне 6-қосымша»;      

       7-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сақтандыру рыногында актуарийлiк  
қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік 
қызметті жүзеге асыруға лицензия   
беру, қолданылуын тоқтату және     
айыру, актуарийлердің біліктілік   
емтиханын тапсыру тәртібі туралы,  
тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз
актуарийдің қаржы нарығын және     
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік    
органға актуарлық есеп айырысулардың
дұрыстығын тексеру нәтижелерін беру
ережесіне 7-қосымша

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 184 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, «Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                      Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен 
қадағалау агенттігі Басқармасының 
2010 жылғы 3 қыркүйекдегі № 132  
қаулысына қосымша       

      Ескерту. Қосымшаға өзгеру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.12.27 № 184 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


«Сақтандыру рыногында актуарийлiк  
қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік 
қызметті жүзеге асыруға лицензия   
беру, қолданылуын тоқтату және     
айыру, актуарийлердің біліктілік   
емтиханын тапсыру тәртібі туралы,  
тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз
актуарийдің қаржы нарығын және     
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік    
органға актуарлық есеп айырысулардың
дұрыстығын тексеру нәтижелерін беру
ережесіне 1-2-қосымша     

Тәуелсіз актуарийдің актуарлық қорытындысы

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы деректер:
1) толық атауы: ________________________________________________ ________________________________________________________________;
2) орналасқан орны және банктік деректемелері:__________________
________________________________________________________________;
3) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі куәлігі:_________
________________________________________________________________;
                       (беру нөмірі мен күні)
4) Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензия:______________________________________________.
                        (беру нөмірі мен күні)
2. Тәуелсіз актуарий туралы деректер:
1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): ________________________;
2) тұру орны (орналасқан орны): ________________________________;
3) сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүргізуге берілген лицензия: ______________________________________________________.
                   (беру нөмірі мен күні)
3. Тексеру түрі (міндетті, бастама бойынша):____________________.
4. Актуарлық есептерді дайындау негіздері:______________________
________________________________________________________________.
           (шарт, шартты жасасу нөмірі мен күні)
5. Актуарлық тексерудің мәні (тиісті мақсаттардың тізбесі): ____
________________________________________________________________.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы берген құжаттардың (деректердің) тізбесі: _________________________________________
________________________________________________________________.
7. Тәуелсіз актуарий қолданған басқа материалдар мен деректер (олардың көздері және (немесе) оларды алу орны): _______________
________________________________________________________________.
8. Тәуелсіз актуарий қолданған есептеу әдістемесі:______________
________________________________________________________________.
9. Алынған нәтижелер мен қорытындылар:_________________________
________________________________________________________________.
10. Ұсынымдар (бар болса): _____________________________________.
11. Актуарлық қорытындыны дайындау мерзімі мен жасау орны:
_______________________________________________________________.
12. Қойылған қолы, күні және актуарлық қорытынды данасының саны:
______________________________________________________________.»

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады