Авиациялық қауіпсіздікті инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 29 қыркүйектегі N 438 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 15 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6568 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 3 қарашадағы № 588 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.11.2020 № 588 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 105-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Авиациялық қауіпсіздікті инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасы бекітілсін.

      1) "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы субъектілерінің қызметін авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 13 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5540 тіркелген, "Заң газетінің" 2009 жылғы 24 ақпандағы № 28(1451) жарияланған).

      2) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

А. Бектұров


  Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрінің
міндетін атқарушының
2010 жылғы 29 қыркүйектегі
№ бұйрығымен бекітілген

Авиациялық қауіпсіздікті инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасы

Р/с №

Бағдарлама бойынша позиция нөмірлері және тексерілетін бөлшектер

Сәйкестікті бағалау (+/-)

Сәйкессіздік позициясы нөмірі

1.

Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру мыналарды қамтиды:



1)

авиациялық қауіпсіздік қызметінің бекітілген ұйымдастырушылық-өндірістік құрылымын, оның техникалық, өндірістік және қаржылық қамтамасыз етілуі;



2)

АҚҚ әуежай қызметтерімен және Қазақстан Республикасының басқа да органдарымен (ІІМ, ҰҚК, Кеден комитеті) өзара іс-қимыл технологиясын;



3)

авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызмет аясы (орындалатын міндеттері);



4)

авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін әуежай басшылығы құрамының тізімі;



5)

ТЖ туындаған кезде ТЖ реттеу бойынша іс-қимылдар жоспарына сәйкес шешім қабылдайтын лауазымды тұлғаны тағайындау бойынша өкімдік құжаттың;



6)

авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен тікелей байланысты АҚҚ персоналы лауазымдарының, мамандықтарының және мамандандырылулардың бекітілген тізбесі;



7)

АҚҚ мамандарының лауазымдық нұсқаулықтары;



8)

авиациялық қауіпсіздіктің әр түріне (бағытына) қатысты аттестаттауға және (немесе) сертификаттауға жататын АҚҚ мамандары санаттары;



9)

АҚҚ бөлімшелерінің сертификатталған (дербес жұмысқа рұқсаты бар) мамандармен жинақталуы;



10)

АҚҚ персоналын авиациялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа жіберу тәртібі (оқыту, тағылымдамадан өту, куәліктерді, рұқсат қағаздарын және(немесе) сертификаттарды ресімдеу);



11)

меншікті оқу базасында оқытуды көздейтін АҚҚ персоналын дайындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету (дайындау, қайта оқыту және біліктілігін арттыру жоспарларының болуы және орындалуы);

АА оқу орындарында (шарттар немесе бір жолғы өтінім негізінде);

соңғы жағдайда даярлау бағдарламалары (сабақтары) мазмұнының және оқу базасы (белгіленген талаптарға сәйкес сыныптардың техникалық жабдықталуы) сәйкестігі қосымша тексеріледі;



12)

АҚҚ орналастыру және АҚ бойынша технологиялық рәсімдерді жүзеге асыруға арналған өндірістік ғимараттар мен үй-жайлардың болуы және оларды күтіп ұстау (техникалық құралдармен, байланыс құралдарымен, автокөлікпен);



13)

қару-жарақты сақтауға арналған арнайы үй-жайдың болуы;



14)

әуежайдың басшылық құрамы мен АҚҚ персоналының қызметтік үй-жайлармен (кабинеттермен, талдау бөлмелерімен) және тұрмыстық мақсатта қолданылатын үй-жайлармен (демалу және тамақ ішу бөлмелерімен, киім шешетін орындармен, арнайы киімдерді құрғататын бөлмелермен) қамтамасыз етілуі;



15)

АҚ қамтамасыз ету жөніндегі басшылық, нормативтік және ақпараттық құжаттамамен қамтамасыз етілу;



16)

құжаттаманы есепке алу, пайдалану және сақтау, келіп түскен өзгерістер мен толықтыруларды енгізу және оларды орындаушыларға жеткізу. Әуежайдың бөлімшелері персоналының АҚ қамтамасыз ету жөніндегі басшылық, нормативтік және ақпараттық құжаттаманы зерделеу тәртібі;



17)

АҚ қамтамасыз ету бойынша мынадай басшылық құжаттардың: АҚ қамтамасыз ету бағдарламасының; АҚҚ туралы ереженің; жолаушыларға, ӘК экипаждарының мүшелеріне, авиаперсоналға, қол жүгіне, багажға, жүкке, почтаға және борттық қорларға тексеру жүргізу технологиясының;

өткізу және объектішілік режим жөніндегі нұсқаулықтың;

азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілерімен байланысты реттеу жөніндегі іс-қимылдар жоспарының толықтығы мен сапасы;



18)

АҚ бойынша қабылданған шаралардың орындалуын бақылау жүйесі: қауіпсіздік шараларының орындалуына бақылау жүргізу кезеңділігі;

АҚ қамтамасыз ету бойынша өткізілетін іс-шаралардың жеткіліктілігі мен тиімділігін талдау және бағалау жүргізу;

болуы мүмкін заңсыз араласу актілерінен қорғау мақсатында азаматтық авиация объектілерінің (орындарының) осалдығын анықтау бойынша қызмет;

АҚ бойынша бекітілген құжаттарды түзету;

жүргізілетін бақылауды есепке алу бойынша құжаттаманың жүргізу;

осындай бақылауды жүргізу және есепке алу үшін тұлғаларды тағайындау;



19)

АҚ бойынша хабарлау және байланыс жүйесі;



20)

АҚҚ қаруының, оқ-дәрілерінің және арнайы құралдарының болуын, жай-күйін және қозғалысын есепке алу мен есептілік жүргізу. Осы есепке алуды жүргізу үшін жауапты тұлғаларды тағайындау;



21)

АҚ жөніндегі есепке алу мен есептіліктің жай-күйі, соның ішінде: тиісті мемлекеттік басқару органдарына белгіленген есептілік пен заңсыз араласу актілері, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде анықталған кемшіліктер туралы ақпаратты, сондай-ақ АҚ жай-күйінің мәселелері бойынша басқа да ақпаратты ұсыну тәртібін және уақтылығын сақтау;



22)

АҚҚ сертификатталған жабдықпен қамтамасыз етілуі;



23)

тұрақты ішкі тексерулерді жүргізу;



24)

нысанды киімді бақылауды қамтамасыз ету (қорғау шаралары, беру және алу тәртібі)



2.

Авиакәсіпорынның ғимараттары мен жердегі құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мыналарды қамтиды:



1)

әуежай аумағын (бақыланатын аймақтарды) және авиатехниканы, бағыттағыш және глиссадалық радиомаяктардың жұмыс секторларының аймақтарын, ӘҚҚ объектілерін, әуеайлақтың радио және жарықтехникалық жабдықтарын, ЖЖМ қоймалары мен коммерциялық қоймаларды қоса алғанда, онда орналасқан объектілердің күзетілуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету:

шектеулі кіру аймақтары (бақыланатын аймақтар) мен олардың шекараларын, соның ішінде әуежай объектілері аумағының шегінен тыс шекараларды белгілеу;

объектілердің орналасуы мен бақыланатын аймақтары (шектеулі кіру аймағы) шекаралары көрсетілген әуежай аумағы сызбасы;

бақыланатын аймақтарды күзетудің жай-күйі (қоршаулардың бар болуы, жүйесі мен жай-күйі, жарықтандыру), аймақтарды күзету үшін жауапкершілікті бөлу;

әуежайдың периметрі бойынша және оның аумағында орналасқан азаматтық авиация объектілері қоршауының жай-күйі, күзет мұнараларының, жарықтандырудың, қалқаншаның, күзетілетін жолдың ескерту аншлагтарының және қоршау бойы қауіпсіздік жолақтарының;

жылжымалы патрульдердің патрульдеу кезеңділігі;

авиаотынмен қамтамасыз ету объектілерінде және коммерциялық қоймаларда қосымша қоршаулар;

ӘК тұрақ орындарын, бөлек орналасқан объектілер мен бақылау-өткізу пункттерінің аумақтарын сыртқы жарықтандырумен жабдықтау;

күзет, бақылау, сигнал беру және байланыстың техникалық құралдарының жай-күйі;



2)

бақыланатын аймақтарға адамдар мен көлік құралдарының кіруін ұйымдастыру және бақылаудың жай-күйі:

өткізу және объектішілік режим жөніндегі нұсқаулықтың болуы (халықаралық әуежайларда нұсқаулық шекара, кеден және мемлекеттік бақылау органдарының басқа да түрлерімен келісіледі), рұқсатнаманың белгіленген жүйесін пайдалану, рұқсатнама беру уәкілетті бөлімшесінің белгіленген режим талаптарының орындалуы;

бақылау-өткізу пункттерінің (бұдан әрі - БӨП) жай-күйі, олардың қақпалармен, шлагбаумдармен, алаңшалармен және қызмет көрсету персоналы мен автокөлікті тексеру үшін техникалық құралдармен жабдықталуы;

қосалқы БӨП және олардың жабдықталуы;

өткізу мен объектішілік режимді жүзеге асыру;

бақыланатын аймақтарға адамдардың кіруін бақылау рәсімі, әуежай аумағына персоналдың, бөгде ұйымдардан келушілердің, көліктің кіруі мен өтуінің белгіленген тәртібі (рұқсатнамалардың әр алуан түрлерін беру, пайдалану және алып кою тәртібі);

әуежайдың бақыланатын аймақтарында адамдар мен көлік құралдарының болуы мен жүруін бақылауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

барлық кілттердің және құлыптардың жазбаша тіркеу жүйесінің болуы;

жауапты тұлғаны тағайындап, шектеулі рұқсат етілген аймаққа кіре алатын барлық персоналдың сауалнамалық деректеріне тексеру жүргізу.



3.

Әуе кемелерінің (ӘК) қауіпсіздігін қамтамасыз ету мыналарды қамтиды:



1)

ӘК жерде күзетуді ұйымдастыру және жай-күйі:

ӘК күзетін қамтамасыз ету сызбасы;

ӘК күзет посттарының жай-күйі;

ӘК қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілік;

ӘК техникалық қызмет көрсетуге және күзетуге қабылдау-тапсыру тәртібін ұйымдастыру және сақтау (ӘК күзетуге қабылдау-тапсыру журналын жүргізу);

ӘК аралық әуежайларда техникалық және коммерциялық қызмет көрсету кезінде, оларда авиациялық қауіпсіздік шараларының сақталуын бақылауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

ӘК тұрақ орындарын жарықтандырудың жай-күйі;



2)

ӘК қол жеткізуді бақылауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;



3)

ӘК қызмет көрсетуге рұқсаты бар авиаперсоналда рұқсат етілген аймақтар мен жұмыс ауысымдары көрсетілген рұқсатнамалардың (тархеткалар) болуы;



4)

ӘК қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау, соның ішінде:

пилот кабинасының есігін блоктау;

жасырын сигнализация жүйесінің болуы және жұмыс қабілеттілігі;

кілем жамылғысында тіліктердің болуы;

қару мен оқ-дәрілерді тасымалдау үшін орындардың жабдықталуы;

ӘК бортында табылған жарылғыш құрылғыны орналастыру үшін неғұрлым қауіпсіз жерлердің белгіленуі;



5)

ӘК үшін арнайы тұрақтың жай-күйі және жарақталуы;



6)

ӘК ұшу алдында тексеру жүргізудің ұйымдастырылуы және жай-күйі:

ӘК арнайы тексеру орындары тізбесі;

пайдаланылатын ӘК үлгілерінің технологиялық карталары мен тексеру сызбалары;

ӘК тексеру топтарын құру туралы бұйрық;



7)

ӘК жолаушылары мен экипажы мүшелерінің ұшу кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қабылданған шаралары:

ӘК ұшу құжаттамасының, экипажына төтенше жағдайдағы іс-қимылдары жөніндегі жаднамасы;

ӘК ұшу кезде тексеру жүргізу тәртібі туралы нұсқаулығы.



4.

Жолаушылар мен қол жүгін, ӘК экипаж мүшелері мен авиаперсоналды ұшу алдында тексеруді ұйымдастыру мыналарды қамтиды:



1)

жолаушыларды бақылау аймақтары мен тексеру пункттерінің болуы және жай-күйі:

тексеру пункттерінің жабдықталуы мен орналасуының белгіленген талаптарға сәйкестігі;

жеке тексеруге арналған кабиналардың (үй-жайлардың) жарақталуы;



2)

тексеру пункттерінің техникалық тексеру құралдарымен жарақталуы: техникалық тексеру құралдарының жай-күйі және сертификаттық талаптарға сәйкестігі, тексеру жабдығы туралы егжей-тегжейлі деректер;

техникалық тексеру құралдарына қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру;



3)

тексеру топтарының оқытылған мамандармен жинақталуы:

кәсіби дайындығы мен сертификаттарының болуы;

топ мамандарының қолданылатын техникалық тексеру құралдарының негізгі сипаттамалары мен пайдалану ережелерін білуі;

тексеру топтары мамандарының қызметтік нұсқаулықтары;



4)

жолаушылар мен қол жүгіне тексеру жүргізу технологиясының белгіленген рәсімдерге сәйкестігі:

арнайы тексеру рәсімдері (қолмен және таңдап тексеру, тексеруден өтуден бас тарту, жеке түрде тексеру);

транзитпен жүретін немесе басқа рейске ауысып отыратын жолаушыларды тексеру;



5)

тексеру тәртібі туралы жолаушыларға арналған ақпараттың жай-күйі;



6)

ресми тұлғалар мен делегацияларға арналған залдардың жай-күйі және техникалық тексеру құралдарымен жарақталуы;



7)

жекелеген жолаушылар санаттарына қатысты қабылданатын шаралар (хабарлама туралы талаптар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары мен рәсімдері):

жоғары лауазымды тұлғалар және дипломаттар;

үкіметтік курьерлер және дипломатиялық вализдер;

VІР және ресми делегациялар залдары арқылы өтетін тұлғалар;

үкіметтің жоғары, лауазымды өкілдерін күзету;

ӘК бортындағы қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері;

мүгедектер;

күзетудегі немесе әкімшілік бақылаудағы жолаушылар (жер аударылған тұлғалар, айдаудағы тұтқындар);

тұтқындардың/жер аударылғандардың айдауылдары;



8)

тексерілген жолаушылар үшін тазартылған аймақтардың жай-күйі;



9)

жолаушыларды ӘК бортына жеткізіп салу және ілесіп жүру тәртібі;

тексеруден өткен және өтпеген адамдардың араласып кетуін болдырмау;



10)

ӘК экипаждарының мүшелері мен әуежайдың, авиакәсіпорынның және пайдаланушының авиаперсоналын тексеруді ұйымдастыру және жай-күйі;

ӘК экипаждарының мүшелері мен авиаперсоналды тексеру технологиясын сақтау;



11)

тексеру нәтижелері бойынша есепке алу мен есептіліктің жай-күйі. Жолаушыларды, багажды, жүкті және борт тағамын тексеру карталарының болуы;



12)

ӘК бортында ұшу кезінде жолаушылардан алынған қаруды, оқ-дәрілерді және арнайы құралдарды тасымалдау тәртібін ұйымдастыру және сақтау, соның ішінде: қару мен оқ-дәрілерді экипажға тапсыру технологиясы;

қару мен оқ-дәрілерді қабылдау және беру үшін үй-жайлары;

ӘК бортына қару мен оқ-дәрілерді жеткізу шарттары;

ӘК жолаушы салонында қару мен оқ-дәрілерді алып ұшу;

ӘК қол жетпейтін жерлерінде сақталатын қаруды алып ұшу;

ұшу кезеңінде жолаушылардан алынған қару мен оқ-дәрілерді алып ұшуға арналған жабылатын металл жәшіктерді орналастыру, тасымалдау және сақталуын қамтамасыз ету ережелері бойынша нұсқаулық.



5.

Багажды, жүкті, почтаны және борттық қорларды ұшу алдында тексеруді ұйымдастыру төмендегілерді қамтиды:



1)

багаждың, жүктің, почтаның және борттық қорлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру және оның жай-күйі:

багажды қабылдау және күзету;

багажды тексеру рәсімдері;

багаждың жолаушыларға тиістілігін анықтау;

тіркелген багажды тексеру;

тіркелген трансферттік багаж;

дұрыс өңделмеген багажды сақтау;

багаждың ӘК тасымалдануын бақылау;



2)

жүкті, почтаны (бандерольдер, курьерлік жөнелтімдер) және борттық қорларды тексеру рәсімдері:

әдеттегі жағдайлардағы - қауіпсіздік мақсатында тексеру шаралары;

қауіптілігі жоғары кезеңдегі тексеру шаралары;

борт тағамын және борт қорын қауіпсіздік мақсатында бақылаудың рәсімдері мен шаралары;



3)

багажды, жүкті, почтаны және борттық қорды тексеру пункттерінің жай-күйі және жарақталуы;



4)

багажды, жүкті, почтаны және борттық қорды тексеру технологиясы;



5)

АҚҚ авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық құралдарымен қамтамасыз етілуі;



6)

жолаушыларды, қол жүгін, багажды, жүкті, почтаны және борттық қорларды тексерудің, сондай-ақ ӘК экипажының мүшелері мен жердегі персоналды тексерудің арнайы техникалық құралдарын пайдалану:

пайдаланылатын техникалық тексеру құралдарының түрлері мен үлгілері;

оларды қолдану учаскелері;

ЖЗ табу үшін техникалық құрылғылар мен қызметтік иттерді пайдалану;



7)

инженерлік-техникалық күзет құралдарын пайдалану:

пайдаланылатын инженерлік-техникалық күзет құралдарының түрлері мен үлгілері;

инженерлік-техникалық күзет құралдарын қолдану объектілері;

бақылау пункттерінің болуы және жарақталуы;

күзет құралдары іске қосылған кезде шаралар қабылдау рәсімдері;



8)

авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық құралдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету тәртібі.



6.

Азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілеріне байланысты төтенше жағдайларды реттеу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қабылдау төмендегілерді қамтиды:



1)

АҚ жөніндегі әуежай комиссиясының қызметі:

әуежай комиссиясы туралы ережесі;

әуежай комиссиясының құрамы;

әуежай комиссиясының жұмыс жоспары;



2)

азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілеріне байланысты төтенше жағдайларды реттеу жөніндегі іс-қимылдарды жоспары:

ТЖ туындаған кезде персоналдың іс-қимылдар жөніндегі нұсқаулықтардың, үзінділердің және жаднамалары (ӘК басып алуға әрекет жасалған, диверсия және жарылғыш құрылғыларды қолдану қаупі болған жағдайларда көзделген іс-қимылдар мен рәсімдер);

"Дабыл" операциясын өткізудің келісілген жоспары және оның "Қазақстан Республикасының әуежайларында азаматтық авиация әуе кемелерінде террористік акциялардың жолын кесу туралы" ҚР ККМ 2006 жылғы 12 тамыздағы № 209 ҚБП, ҚР ҰҚК 2006 жылғы 01 шілдеден № 104 ҚБП, ҚР ПҚС 2006 жылғы 05 шілдедегі - № 74 ҚБП бірлескен бұйрығының талаптарына сәйкестігі;

жарылғыш құрылғыларды қолдану қаупі төнген жағдайда жолаушыларды көшіріп әкету және ӘК жерде тексеруден өткізу тәртібі;

заңсыз араласу актілеріне ұшыраған ӘК аэронавигациялық қызмет көрсету;

жоғары қауіп кезеңінде немесе аса маңызды рейстер мен бағыттарға қатысты, соның ішінде бопсалаушылық актілері және әуежай қызметкерлерінің іс-қимылдарына араласу кезінде қолдануға жататын авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша арнайы шаралар;



3)

ТЖ реттеу бойынша жедел штабтың жұмысын қамтамасыз ету үшін командалық пункті (бұдан әрі - КП) (арнайы жабдықталған үй-жайдың):

жедел штабтың құрамы мен құрылымдық сызбасы;

хабарлаудың және байланыстың белгіленген тәртібі (сызбасы);

байланыс құралдарының жай-күйі және пайдаланылуы;

командалық пункттің қызметті қамтамасыз ету құралдарымен жарақталуы;

жедел штабты іс-қимылға келтірудің белгіленген тәртібі;



4)

ТЖ реттеуге тартылатын күштер мен құралдардың дайындығы;



5)

күш пен құралдарды үйлестіру, сабақтар, жаттығулар мен оқу-жаттығуларды өткізуді ұйымдастыру мен есепке алу;



6)

өзара қарым-қатынастағы қызметтермен және ұйымдармен (олардың дайындығы мен жаттығуларды өткізу мерзімділігі үшін жауапты орган) авиациялық қауіпсіздік шараларын практикалық жаттықтыру бойынша өткізілетін оқу іс-шаралары.




      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҚР ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;

      ҚР ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

      ҚР ПКҚ - Қазақстан Республикасы Президенттің Күзет қызметі;

      ҚР ҚМ - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;

      ҚР ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация

      министрлігі;

      АА - азаматтық авиация;

      АҚҚ - авиациялық қауіпсіздік қызметі;

      АҚ - авиациялық қауіпсіздік;

      ӘҚБ - әуе қозғалысын басқару;

      ЖЖМ - жанар-жағармай материалы;

      ӘК - әуе кемесі;

      БӨП - бақылау-өткізу пункті;

      ТЖ - төтенше жағдай;

      VІР - залы - аса маңызды тұлғаларға арналған зал;

      ЖЗ - жарылғыш заттар;

      СЭҚ - санитарлық-эпидемиялық қызмет.

      Ескертпе:

      (*) - осы ұйым үшін міндетті емес;

      (-1) - одан арғы қызметке тыйым салатын сәйкессіздіктер;

      (-2) - келісілген мерзімде жойылатын немесе шектеулер енгізілетін жағдайда, одан арғы қызметке кедергі болмайтын сәйкессіздіктер;

      (-3) - одан арғы қызметке кедергі болмайтын және өндіріс пен сапа жүйесін жетілдіру кезінде жоюға жататын сәйкессіздіктер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады