"Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 148 бұйрығына толықтыру енгізу туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 27 қыркүйектегі N 269 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6608 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.29 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 77-бабының 3-тармағын, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағы 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 148 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1720 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 7-8, 542-құжат), мынадай толықтыру енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп Ережелері мынадай мазмұндағы 3-1 тараумен толықтырылсын:

"3-1. Діни ғұрыптарды орындау тәртібі

      17-1. ТМ-не тіркеуден өткен діни бірлестіктердің өкілдері келе алады.
      17-2. Сотталғандардың діни сенім бостандығына деген құқықтарын сақтау бойынша дербес жауапкершілік ТМ бастығына жүктеледі. Діни бірлестіктердің сотталғандар арасындағы жұмысын ТМ бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары ұйымдастырады және бақылайды.
      17-3. Діни бірлестіктер қандай аумақтық әділет органдарында тіркелсе, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің тиісті Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (бұдан әрі – облыстық ҚАЖКД) діни бірлестіктерге ТМ-не келіп сотталғандармен жұмыс жасауына рұқсат береді.
      17-4. ТМ әкімшілігі діни бірлестіктермен бірге бірлескен жұмыс жоспарын және діни бірлестіктер өкілдерінің ТМ-не келу кестесін әзірлейді, онда келу тақырыбы, күні, уақыты және құдайға сыйыну, дәстүр және рәсімдерді өткізудің басқа да жағдайлары көрсетіледі.
      17-5. Жоспар мен кесте ТМ бастығы мен тиісті діни бірлестіктің аға діни дәрежелі өкілімен бекітіледі және бір жыл ішінде жүзеге асырылады.
      17-6. Діни бірлестік мемелекеттік тіркелу (қайта тіркелу) куәлігінің, жарғының (ережесінің), ТМ-не келуді жоспарлаған діни бірлестіктер өкілдерінің тізімін және жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелерін ТМ-не ұсынады.
      17-7. ТМ әкімшілігі:
      1) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетіне сотталғандармен діни ғұрыптарды орындайтын діни бірлестіктер өкілдерінің соттылығының бар-жоғы туралы ағымдағы бес жұмыс күні ішінде сұрау хат;
      2) тиісті облыстың аумағында жергілікті діни бірлестіктердің тіркелгендігін растау туралы аумақтық әділет органдарына ағымдағы бес жұмыс күні ішінде сұрау хат жолдайды.
      17-8. Сұрау хаттарға жауаптар алынғаннан кейін, ТМ әкімшілігі барлық жоғарыда аталған құжаттарды ТМ-не кіруге рұқсат алу үшін ағымдағы бес жұмыс күні ішінде облыстық ҚАЖКД-не жолдайды.
      17-9. Облыстық ҚАЖКД, ұсынылған құжаттарды зерделеп, діни бірлестіктер өкілдеріне ағымдағы бес жұмыс күні ішінде ТМ-не кіруге рұқсат береді не одан бас тартады. Рұқсат берудің не одан бас тартудың дәлелді негіздері міндетті түрде көрсетіле отырып, жазбаша ресімделеді. Бас тартуға заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
      17-10. Рұқсат алған жағдайда, ТМ әкімшілігі мен діни бірлестік өкілдері арасында екі жақтың міндеттері, келісімнің мерзімі, оны ұзарту немесе тоқтату талаптары көрсетілетін өзара ынтымақтастық туралы келісім жасайды.
      17-11. Дiни мазмұндағы материалдар мен дiни мақсаттағы заттар діни сараптамадан өткеннен кейін ТМ аумағына кіргізіледі.
      17-12. ТМ әкiмшiлiгi дiни бірлестіктердің өкiлдерiнің назарына ТМ-не келу тәртiбін жеткiзедi және олардың қауiпсiздiгi шараларын қамтамасыз етедi.
      17-13. Діни қызметшілер сотталғандармен қайырымдылық, рухани-өнегелік және қамқоршылық жұмыстарын жүргізеді және ізгілік көмек көрсетеді.
      17-14. Сотталғандардың рухани-өнегелік тәрбиесінің негізгі нысандары: жеке, топтық, жаппай.
      17-15. Сотталғандардың рухани-өнегелік тәрбиесінің түрлері:
      1) сотталғандармен жеке сұхбат жүргізу;
      2) сотталғандар тобының алдында сөз сөйлеуі;
      3) діни мазмұнды әдебиетті тарату.
      17-16. Діни ғұрыптарды дiни бiрлестiктерде жұмыс iстейтiн дiни қызметшiлері ғана жүзеге асырады.
      17-17. Дiни мазмұндағы материалдар мен дiни мақсаттағы заттар арнайы бөлінген бөлмелерде сақталады. Оларды олар сақталатын үй-жайлардан басқа жерлерде қолдануға жол берілмейді.
      17-18. Діни ғимараттарға (үй-жайларға) діни ғұрыптарды орындау үшін бару осы Ережеде көзделген іс-шараларды өткізуге кедергі келтірмеуі және де басқа адамдардың құқықтарына қысым жасамауы тиiс. Оған бару жеке жасалған бару кестесі бойынша, көпшілік іс-шаралар өткізу уақытынан басқа кезде (сотталғандардың бар-жоғын тексеру, тамақтану, ұйқыға бөлінген уақыт және т.б.) ұйымдастырылады.
      17-19. Бөлек тұрған мешіт пен шіркеу және сыйыну бөлмелері қатаң белгіленгені бойынша пайдаланады, бұл ретте олардың ішінде сыйынудан бос уақытында сотталғандардың тұруы мен болуына жол берілмейді. Түнгі уақыт және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу кезінде діни ғимараттар жабық болуы тиіс, кілті колония бастығының кезекші көмекшісіне тиісті журналға қол қоя отырып, беріледі.
      17-20. Діни ғимараттарға кіру мүмкіндігі ТМ-нің күн тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
      17-21. Діни ғимараттардың жұмысына ТМ-нің кезекші ауысымы санынан жауапты қызметкерлері тағайындалады, олар діни ғұрыптарды орындау кезінде қатысады.
      17-22. Сотталғандардың діни ғимараттарға келу есебі келушілерді тіркеу журналында тіркеледі (тегі, аты, әкесінің аты, келген күні мен уақыты жазылады) осы журнал діни ғимаратында (үй-жайларда) тұрады.
      17-23. Діни бірлестік өкілдерінің келуіне тыйым салуға негіз болған жағдайда (осы Ережені бұзу фактілері) олардың бұдан әрі ТМ-не келуі тоқтатылады. Келуді қайта бастау, себептер жойылғаннан кейін және осы Ереженің 17-3, 17-4, 17-5 тармақтарымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады".
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрінің
      міндетін атқарушы                          Д. Құсдәулетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады