"Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 504 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6642 болып енгізілді

      Жолаушыларды, багажды және жүкті тасымалдауды жүзеге асыру үшін тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру тәртібін және рұқсат беруден бас тарту негіздерін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6463 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 19 қазандағы № 429-432 (26275) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тарту ережесінде:
      18-тармақтағы 3) және 5) тармақшалар алынып тасталсын.
      2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті (Р. Ө. Әдимолда) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Министр                                    Ә. Құсайынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады