"Кітапхана қорларын сақтау және пайдалану жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 152 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің м.а. 2010 жылғы 26 қазандағы № 120 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6645 болып енгізілді

      РҚАО-ның ескертуі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 24-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Кітапхана қорларын сақтау және пайдалану жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4748 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 ж., маусым) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      атауында «Кітапхана қорларын» деген сөздерден кейін «қалыптастыру,» деген сөзбен толықтырылсын;
      1-тармақта «Кітапхана қорларын» деген сөздерден кейін «қалыптастыру,» деген сөзбен толықтырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кітапхана қорларын сақтау және пайдалану жөніндегі ережеде:
      атауында «Кітапхана қорларын» деген сөздерден кейін «қалыптастыру,» деген сөзбен толықтырылсын;
      1-тармақта «құжаттардың» деген сөзден кейін «қалыптасуы,» деген сөзбен толықтырылсын;
      4-тармақтағы «(бұдан әрі - баспа басылымдары),» деген сөздерден кейін «басылымның міндетті тегін данасын (мәтіндік, ноталық, электрондық, картографиялық, бейнелеу басылымның) (бұдан әрі - басылымның міндетті тегін данасы)» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2 және 4-3-тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1. Кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру сатып алу, кітап алмасу және сыйға тарту жолымен жүзеге асырылады.
      Ұлттық кітапханалардың кітапхана қоры басылымның міндетті тегін данасын алу жолымен де қалыптастырылады.
      4-2. Қоры тек қана электронды жеткізгіштердегі құжаттардан тұратын кітапхана (электронды кітапхана) пайдаланушылармен жанама түрдегі (қашықтықта) немесе толық емес жанама түрдегі өзара іс-қимыл кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
      4-3. Басылымдардың міндетті даналарын дайындалған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде басып шығарушы немесе оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлға Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханаларына жібереді.».
      2-бөлімнің атауында «жинақтау» деген сөз «қалыптастыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-тармақтың бірінші бөлігінде «баспа басылымдары» және «баспа басылымдары» деген сөздерден кейін тиісінше «, басылымның міндетті тегін данасы» деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақта «баспа басылымдары» деген сөздерден кейін «, басылымның міндетті тегін данасы» деген сөздермен толықтырылсын;
      9-тармақтың бірінші бөлігінде «баспа басылымдарын» деген сөздерден кейін «, басылымның міндетті тегін данасын» деген сөздермен толықтырылсын;
      11-тармақ алынып тасталсын;
      13-тармақта «баспа басылымдары» деген сөздерден кейін «, басылымның міндетті тегін данасы» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Мәдениет комитеті белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткен соң оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі А.И. Бөрібаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2010 жылғы 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                          Ж. Құрманғалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады