Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2007 жылғы 7 қыркүйектегі № 37 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 1 қарашадағы № 76 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 24 қарашада № 6651 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 4 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокуратурасының 2012.01.20 № 4 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдары мен мекемелерінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4-тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2007 жылғы 7 қыркүйектегі № 37 «Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдары мен мекемелерінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 4958 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдарының актілер жинағының 2007 жылғы қырқүйек-қарашасындағы санында жарияланған) бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдары мен мекемелерінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі Нұсқаулықтағы:
      53-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «егер тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі, сондай-ақ атқару өндірісі мәселелері жөніндегі істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінімдерді қанағаттандырмау туралы шешім қабылданған болса;»
      2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Бұйрықпен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкерлері таныстырылсын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасына, облыстық және оған теңестірілген прокурорларға, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы С. Есқараев атындағы Заңдылық, құқық тәртібі проблемаларын зерделеу және прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру институтының директорына мәлімет үшін жіберілсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппаратына жүктелсін.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                                         Қ. Мәми

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады