"Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 274 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 қарашадағы № 584 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 30 қарашада № 6655 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 18 қазандағы № 464 Бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.12.18 № 464 (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.

      Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі мен оның салымшылары - Қазақстан Республикасының азаматтарының арасында жасалған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша мемлекет сыйлығын есепке алу мерзімін нақтылау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша
мемлекет сыйлығын төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3772 нөмірлі болып тіркелген. Заң газетінде 2004 жылғы 7 қазанда № 185-186 (919-920) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесінде:.
      13-тармақтағы «бес» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу және кредит беру департаменті (Қ.Б. Ақжанов) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады