"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы N 598 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылы 30 қарашада N 6656 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 № 71 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен ұсталатын органдардың штат санын оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар туралы» 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 1072 Жарлығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасында:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:
      5 «Жоспарлау және статистикалық қызмет» функционалдық кіші тобына:
      476 бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі мынадай мазмұндағы 001, 002, 003, 100, 106, 107, 108, 109, 115, 123, 124 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «476 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі
      001 Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту және ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
      002 Ақпараттық жүйелер құру
      003 Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары
      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
      106 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарына арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      108 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптама жасау
      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау
      123 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша ағымдағы шығыстарға арналған іс-шаралар жүргізу
      124 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша даму шығыстарына арналған іс-шаралар жүргізу»;
      07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
      1 «Тұрғын үй шаруашылығы» функционалдық кіші тобына:
      271 бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 035 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «271 Облыстың құрылыс басқармасы
      035 Алматы облысында үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан тұрғын үй кешенін салуға кредит беру»;
      08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобында:
      1 «Мәдениет саласындағы қызмет» функционалдық кіші тобына:
      478 бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі мынадай мазмұндағы 009, 010, 011 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «478 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
      009 Мәдени-демалыс жұмысын қолдау
      010 Зоопарктер мен дендропарктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету
      011 Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды және оларға қол жетімділікті қамтамасыз ету»;
      3 «Ақпараттық кеңістік» функционалдық кіші тобына:
      478 бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі мынадай мазмұндағы 005, 006, 007, 008 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «478 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
      005 Газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер
      006 Телерадио хабарларын тарату арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтер
      007 Аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі
      008 Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту»;
      9 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобына:
      478 бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі мынадай мазмұндағы 001, 002, 003, 004, 100, 106, 107, 108, 109, 115, 123, 124 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «478 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
      001 Ақпаратты, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
      002 Ақпараттық жүйелер құру
      003 Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары
      004 Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды іске асыру
      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      106 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
      107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      108 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптама жасау
      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау
      123 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша ағымдағы шығыстарға арналған іс-шаралар жүргізу
      124 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша даму шығыстарына арналған іс-шаралар жүргізу»;
      10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында:
      1 «Ауыл шаруашылығы» функционалдық кіші тобына:
      476 бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі мынадай мазмұндағы 004, 099 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «476 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика  және бюджеттік жоспарлау кәсіпкерлік бөлімі
      004 Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер
      099 Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру»;
      477 бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі мынадай мазмұндағы 001, 002, 003, 004, 005, 006 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «477 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі
      001 Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
      002 Ақпараттық жүйелер құру
      003 Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары
      004 Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер
      005 Мал көмінділерінің (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс істеуін қамтамасыз ету
      006 Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу»;
      007 бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі мынадай мазмұндағы 011, 015 кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
      «007 Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май және басқа да тауар-материалдық құндылықтарының құнын арзандату
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      мынадай мазмұндағы 099, 100, 106, 107, 108, 109, 115, 123, 124 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      099 Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру
      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
      106 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      108 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптама жасау
      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау
      123 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша ағымдағы шығыстарға арналған іс-шаралар жүргізу
      124 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша даму шығыстарына арналған іс-шаралар жүргізу»;
      6 «Жер қатынастары» функционалдық кіші тобына:
      477 бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі мынадай мазмұндағы 008, 009, 010, 011 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «477 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі
      008 Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөніндегі жұмыстар
      009 Елді мекендерді жерге және шаруашылық жағынан орналастыру
      010 Жерді аймақтарға бөлу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
      011 Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің шекарасын белгілеу кезінде жүргізілетін жерге орналастыру»;
      9 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау мен жер қатынастары саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобына:
      477 бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі мынадай мазмұндағы 012 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «477 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі
      012 Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу»;
      13 «Басқалар» функционалдық кіші тобына:
      3 «Кәсіпкерлік қызметті қолдау және бәсекелестікті қорғау» функционалдық кіші тобына:
      476 бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «476 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика  және бюджеттік жоспарлау кәсіпкерлік бөлімі
      005 Кәсіпкерлік қызметті қолдау»;
      9 «Басқалар» функционалдық кіші тобына:
      476 бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі мынадай мазмұндағы 006, 007 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «476 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау кәсіпкерлік бөлімі
      006 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оған сараптама жүргізу
      007 Жаңа бастамаларға арналған шығыстар»;
      Көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасына:
      Шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері құрылымында:
      460 кіші сыныпта:
      461 «Заңды тұлғаларға күрделі трансферттер» ерекшелігіндегі «Анықтама» бағанында «Алайда ерекше әскери мақсатта пайдаланылатын құрылысты салуға немесе негізгі жабдықты сатып алуға арналған кәсіпорындарға трансферттер 311 ерекшеліктегі төлемдердің ағымдағы трансферттері ретінде сыныпталуы тиіс» деген сөздер алынып тасталсын;
      710 кіші сыныпта:
      Мынадай мазмұндағы Анықтамалары бар 714, 715 ерекшеліктермен толықтырылсын:
      «714 Бюджет кредиттерінің пайдаланылмаған сомаларын қайтару»
      «Анықтама» бағанында:
      «Жоғарыда тұрған бюджеттен алынған бюджет кредиттерінің мақсатсыз пайдаланылмаған сомасын қайтару»
      715 Бюджеттік кредиттерді мақсатсыз пайдаланудың сомаларын қайтару»;
      «Анықтама» бағанында:
      «Жоғарыда тұрған бюджеттен алынған бюджет кредиттерінің пайдаланылған сомасын қайтару».
      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады