"Өкімдердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 16 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 6 қыркүйеткгі N 441 Бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2010 жылғы 1 қарашадағы N 86 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 7 желтоқсанда N 6658 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 147 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 24 бірлескен бұйрығы және қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 08.02.2018 № 147 және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 24 бірлескен бұйрығы және қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертуі!
      Осы бұйрық пен қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      БҰЙРЫҚ және ҚАУЛЫ

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Өкімдердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 16 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5585 тіркелген, 2009 жылғы 3 сәуірде "Заң газеті" басылымының № 49 (1472) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспеде "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексінің 352-бабының" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтың екінші абзацы "төлемдерді" деген сөзден кейін ", салықтар мен өсімпұлдарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-қосымшада:

      мәтін бойынша "Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 352-бабына" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      атауы "төлемдерді" деген сөзден кейін ", салықтар мен өсімпұлдарды" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (Кәрбозов Қ-К.Ж.) осы бұйрықтың және қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық және қаулы, оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға таралады.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі


______________Б. Жәмішев


М.О.


Қазақстан Республикасының


Ұлттық банк төрағасы


______________Г. Марченко


М.О.



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады