Мамандандырылған оқу ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы 27 қарашадағы № 415 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 5 қаңтарда № 6727 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 874 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 29.10.2015 № 874 бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертуі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңының 25-2-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мамандандырылған оқу ұйымдарына қойылатын талаптар бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден кейін оның ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 8 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр                                       В. Божко

Қазақстан Республикасы  
Төтенше жағдайлар министрінің
2010 жылғы 27 қарашадағы 
№ 415 бұйрығымен     
бекітілген        

Мамандандырылған оқу ұйымдарына қойылатын талаптар

      1. Мамандандырылған оқу ұйымдары өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі сараптау ұйымдарының мамандарын кәсіби қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мақсатында құрылады.
      2. Мамандандырылған оқу ұйымдары тыңдаушыларды сапалы дайындау мақсатында оқу-әдістемелік кешенін құрады, ол мыналарды:
      өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен өрт қауіпсіздігі саласындағы сараптау ұйымдары үшін мамандарды арнайы оқыту бағдарламасын;
      оқыту бағдарламасының мазмұнын қамтитын оқу-әдістемелік құралдарын;
      көрнекі құралдармен, макеттермен жабдықталған мамандандырылған оқу сыныптары мен кабинеттерін;
      интегралдық модель бойынша өрттің қауіпті факторларының даму қарқынын анықтау үшін мультимедиялық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді;
      оқу әдебиеті қорын, қағаз және электронды тасығыштарда арнайы дайындық бойынша дидактикалық материалды қамтиды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады