«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру нұсқаулығын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы мемлекеттік атқарушы органдарының және басқа орталық мемлекеттік органдардың 2010 жылғы 12 шілдедегі № 11 басылымында жарияланған нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміде № 6111 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесінде:
6-бөлімде:
«1. Өнер» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
1. Өнер |
|
5В040200 |
Аспаптық орындаушылық |
5В040900 |
Хореография |
»;
«2. Техникалық ғылымдар және технологиялар» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
2. Техникалық ғылымдар және технологиялар |
|
5В070100 |
Биотехнология |
5В071400 |
Авиациялық техника және технологиялар |
5В071500 |
Теңіз техника және технологиялар |
5В072700 |
Азық-түлік өнімдерінің технологиясы |
5В072900 |
Құрылыс |
5В074300 |
Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану |
5В074600 |
Ғарыш техникасы және технологиялары |
5В074800 |
Фармацевтикалық өндіріс технологиясы |
»;
«3. Ауылшаруашылығы ғылымдары» деген кіші бөлім алынып тасталсын.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жұмағұлов