"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына толықтыру мен өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 421-Ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 18 қаңтарда N 6735 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2023 № 181 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында және қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру үшін БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5757 болып тіркелген, "Заң газеті" 11.09.2009 ж., "Юридическая газета" 11.09.2009 ж. № 138 жарияланған) мынадай толықтыру мен өзгерту енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесiнде:

      9-тармақтағы "көрсетілген көмек;" деген сөздерден кейін ""Бота" Қоғамдық қорынан берілетін шарттастырылған ақшалай жәрдемақы;" деген сөздермен толықтырылсын;

      25-тармақтың екінші абзацындағы "түзете алады" деген сөздер "түзетеді" деген сөзбен өзгертілсін.

      2. Әлеуметтiк көмек департаментi (Манабаева Қ.А.) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрі Ә. Нүсіповаға жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Г. Әбдіқалықова

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі


____________ А. Қүрішбаев


2010 жылғы 30 желтоқсан


"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Статистика агентігінің төрағасы


________________ А. Смаилов


2010 жылғы 27 желтоқсан



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады