Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерін, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 559 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 18 қаңтарда № 6746 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 613 Бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.09.18 № 613 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 45-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерін, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді, сондай-ақ оларға арналған құқықтарды куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемелерін, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу және де оларды азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тізілімінен алып тастау үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 30 маусымдағы № 116 бұйрығының күші жойылсын. (Мемлекеттік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2968 болып тіркелген.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушысы                           Е. Дүйсенбаев

Қазақстан Республикасы   
Көлік және коммуникация  
министрінің м.а.      
2010 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 559 бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерін, оларға арналған
құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді, сондай-ақ
оларға арналған құқықтарды куәландыратын құжаттар
нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерін, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді, сондай-ақ оларға арналған құқықтарды куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі - қағидалары) «Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының талаптарына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын тиісті халықаралық шарттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.
      2. Қағидалары азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу тәртібін, азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (бұдан әрі - мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) беру, Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу және оған өзгерістер енгізу (бұдан әрі - мемлекеттік тізілім) және Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тізілімнен шығуы туралы куәлік беру (бұдан әрі - шығуы туралы куәлік) тәртібін анықтайды.
      Осы қағидалар Азаматтық авиация комитетінің есебіне жататын планерлер, дельтапландар, парапландар, мотопарапландар, метеорологиялық шар-зондтар мен пилотсыз басқарылмайтын аэростаттарды қоспағанда, жеңіл және аса жеңіл авиация әуе кемелеріне қатысты қолданылады.
      3. Ұшуды орындауға арналған азаматтық әуе кемелері, сондай-ақ мәмілелер мен өзге заңды фактілердің нәтижесінде азаматтық әуе кемелеріне арналған құқықтардың (ауыртпалықтардың) өзгеруі және тоқтатылуы мемлекеттік тізілімдегі мемлекеттік тіркеуге жатады.
      4. Мемлекеттік тізілімге мыналар енгізіледі:
      1) Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғаларының меншігіндегі әуе кемелері;
      2) Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғаларының уақытша иелігіндегі және пайдалануындағы ұшу салмағы қырық бес жарым тоннадан аспайтын әуе кемелері.
      5. Мемлекеттік тізілімге енгізілген азаматтық әуе кемесі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде де, сол сияқты одан тысқары жерде де ұшуға жіберіледі.
      6. Осы қағидаларда келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - Азаматтық авиация комитеті);
      2) өтініш беруші - Азаматтық авиация комитетіне әуе кемесін Мемлекеттік тізілімге мемлекеттік тіркеу немесе шығаруы бойынша өтініш беруші Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің иесі немесе пайдаланушысы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалары;
      3) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік - Азаматтық авиация комитеті берген азаматтық әуе кемесінің мемлекеттік тізілімге енгізілгенін растайтын белгіленген нысандағы құжат;
      4) мемлекеттік тізілім - Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерге мемлекеттік тіркеу жүргізілетін құжат;
      5) пайдаланушы - азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен немесе осы салада қызмет көрсетумен айналысатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
      6) меншік иесі (иесі) - меншік құқығында немесе өзге де заң негіздемелерінде әуе кемелерінің иесі болып табылатын Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғалары.

2. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу және азаматтық
әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру тәртібі

      7. Әуе кемелерін тіркеудің келесі тәртібі белгіленеді:
      1) өтініш берушіден азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге қажетті құжаттарды қабылдау;
      2) ұсынылған құжаттардың толықтығын бағалау;
      3) азаматтық әуе кемесі туралы мәліметтерді мемлекеттік тізілімге енгізу және айырым белгілерді тағайындау;
      4) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ресімдеу және өтініш берушіге беру;
      8. Азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш беруші Азаматтық авиация комитетіне келесі құжаттарды ұсынады:
      1) белгіленген нысандағы өтініш (осы қағидалардың 1-қосымшасы);
      2) азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) сату-сатып алу шарты, сот шешімі, меншік құқығын растайтын өзге де құжат немесе олардың нотариалды расталған көшірмелері;
      4) жалдау, лизинг, мүліктік қарыз шарты, өзге де әуе кемесін пайдалану құқығын растайтын құжат немесе олардың нотариалды расталған көшірмелері;
      5) азаматтық әуе кемелерін қабылдау-тапсыру актілері немесе олардың нотариалды расталған көшірмелері;
      6) азаматтың әуе кемелерінің техникалық жай-күйін тексеру актісі (осы қағидалардың 2-қосымшасы);
      7) Азаматтық авиация комитетінің қарамағындағы ұйыммен жасалынған немесе жеңіл және аса жеңіл әуе кемелері үшін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымның техникалық комиссиясының азаматтың әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісінің көшірмесі (осы қағидалардың 3-қосымшасы);
      8) азаматтық әуе кемесінің мемлекеттік авиация тізілімінен немесе шет мемлекеттің азаматтың әуе кемелерінің тізілімінен шыққанын растайтын құжаттың көшірмесі;
      9) ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатының көшірмесі (әуе кемесімен ұшып келген жағдайда);
      10) әуе кемесін қайта жабдықтау туралы құжат (әуе кемесін тағайындалуы өзгерген жағдайда);
      11) өндіруші-зауытпен берілген әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы уақытша куәлігі (әуе кемесі өндіруші зауыттан сатып алған жағдайда);
      12) әуе кемелерін сертификаттауды жүзеге асыратын Азаматтық авиация комитеті немесе шетел мемлекеті, халықаралық азаматтың авиация ұйымы берген және Азаматтық авиация комитеті құптаған оның ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігін куәландыратын типтік сертификаты немесе оның балама құжатының көшірмесі;
      13) пайдаланушы сертификатының, авиациялық жұмыстарды орындауға құқық беретін куәліктің немесе ұшуға құқық беретін куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда);
      14) заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлігінің немесе жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі.
      15) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі.
      9. Азаматтың авиация комитеті өтініш беруші ұсынған құжаттарда сенімді емес мәліметтер табылған жағдайда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беруден бас тартады, бұрын берілгенін жояды.
      10. Ұсынылған құжаттар негізінде Азаматтық авиация комитеті азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тізілімге енгізеді және тағайындауына байланысты әуе кемесіне келесі атаулардың бірі беріледі:
      1) жолаушылар;
      2) көліктік;
      3) айырбасталымды;
      4) жүк-жолаушылар;
      5) арнайы қолдану;
      6) санитарлық;
      7) жаттығу.
      11. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тізілімге мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Салық кодексімен белгіленген тәртіпте және мөлшерде алым төленеді. Азаматтық әуе кемелерін тіркеу аталған алым республика бюджетіне төленгеннен кейін жүргізіледі.
      12. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тізілімге тіркеуді Азаматтық авиация комитеті осы Ережеде көзделген құжаттар түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізеді.
      13. Құжаттар пакеті толық берілмеген жағдайда Азаматтық авиация комитеті өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде жазбаша түрде себебін көрсете отырып, өтініш берушіге қайтарады.
      14. Анықталған жеткіліксіздіктер түзетілгеннен кейін өтініш беруші Азаматтық авиация комитетіне азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу үшін қайта ұсынады. Бұл ретте мемлекеттік тіркеуге алым алынбайды.
      15. Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда азаматтық әуе кемелері туралы мәліметтер мемлекеттік тізілімге енгізіледі және өтініш берушіге белгіленген нысандағы мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (осы қағидалардың 4-қосымшасы) беріледі.
      16. Халықаралық ұшуды орындау кезде өтініш берушіге қосымша ағылшын тілінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беріледі (осы қағидалардың 5-қосымшасы).
      17. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік кеме құжаты болып табылады және ұшу барысында азаматтық әуе кемесі бортында болуы тиіс.
      18. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің дубликатын беруді куәлік абайсызда бүлінген жағдайда, жоғалған немесе ұрланған жағдайда Азаматтық авиация комитеті жүргізеді.
      19. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің дубликатын алу үшін өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынады:
      1) белгіленген нысандағы өтініш (осы қағидалардың 6-қосымшасы);
      2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің дубликатын беру үшін алым төленгендігін растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің жоғалу немесе ұрлану фактісін растайтын құжат;
      4) жарамсыз болған мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бүлінген жағдайда);
      5) заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлігінің немесе жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі,
      6) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі.
      20. Тіркеу туралы куәлік жоғалғанда немесе ұрланғанда азаматтық әуе кемесін пайдалану дубликатын алғанға дейін дереу тоқтатылады.
      21. Азаматтық авиация комитеті өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде оң жақ бұрышында «Дубликат» белгісінің мөрі қойылған бланкте тіркеу туралы куәліктің дубликатын береді.
      22. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің дубликатын бергені үшін әуе кемесінің меншік иесі Қазақстан Республикасы Салық кодексімен белгіленген тәртіпте және мөлшерде алым төлейді.

3. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік
тізілімін жүргізу және оған өзгерістер енгізу

      23. Мемлекеттік тізілімді қоса берілген нысанға сәйкес (осы қағидалардың 7-қосымшасы) Азаматтық авиация комитеті жүргізеді.
      24. Мемлекеттік тізілімге алғаш рет енгізіліп отырған әуе кемесі Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігі және пайдалану-техникалық құжаттамаларының талаптарын тексеруге жатады.
      25. Азаматтық әуе кемесін Мемлекеттік тізілімге мемлекеттік тіркеу кезінде оған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық әуе кемесіне тағылатын айырым белгілері тағайындалады.
      26. Азаматтық авиация комитеті әрбір әуе кемесіне әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге негіз болған құжаттардан, сол сияқты берілген мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесінен тұратын іс қалыптастырады және бұл мемлекеттік тізілімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
      27. Азаматтық әуе кемесінің ісі азаматтық әуе кемесін пайдаланудың бүкіл мерзімінде сақталады және оны мемлекеттік тізілімнен шығарғаннан кейін үш жылдан соң белгіленген тәртіпте мұрағатқа өткізіледі.
      28. Мемлекеттік тізілімге енгізілген азаматтық әуе кемелерінің иесі немесе пайдаланушысы азаматтық әуе кемесіне меншік құқығының және басқа құқықтарының барлық өзгерістері туралы, сондай-ақ осы құқықтарға ауыртпалықтар, жалдау шарттары, төтенше жағдайлар, азаматтық әуе кемесі жоғалғаны, сынғаны туралы бір айдың ішінде Азаматтық авиация комитетіне хабарлауы тиіс.
      29. Екінші шолу радиолокаторының «S» режимімен жұмыс істейтін жабдықпен жарақталған және тану құрылғысы бар азаматтық әуе кемесіне мемлекеттік тіркеу кезінде әуе кемесінің 24-биттік адресі беріледі.
      30. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне өзгеріс енгізу және азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру келесі жағдайларда Азаматтық авиация комитеті жүзеге асырады.
      1) азаматтық әуе кемесінің меншік иесі өзгерген жағдайда;
      2) азаматтық әуе кемесінің қайта жабдықталуына байланысты оның қызметі өзгерген жағдайда;
      3) азаматтық әуе кемесі пайдаланушысы өзгерген жағдайда.
      31. Азаматтық әуе кемесінің меншік иесі өзгеруіне байланысты өтініш беруші Азаматтық авиация комитетіне келесі құжаттарды ұсынады:
      1) белгіленген нысандағы өтініш (осы қағидалардың 1-қосымшасы);
      2) азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) сату-сатып алу шарты, сот шешімі, өзге де меншік құқығын растайтын құжат немесе олардың нотариалды расталған көшірмелері;
      4) жалдау, лизинг, мүліктік қарыз шарты, өзге де әуе кемесін пайдалану құқығын растайтын құжат немесе олардың нотариалды расталған көшірмелері;
      5) азаматтық әуе кемелерін қабылдау-тапсыру актілері немесе нотариалды расталған көшірмелері;
      6) пайдаланушы сертификатының, авиациялық жұмыстарды орындауға құқық беретін куәліктің немесе ұшуға құқық беретін куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда);
      7) заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлігінің немесе жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
      8) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;
      9) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
      32. Азаматтық әуе кемесін қайта жабдықтағаннан кейін қызметі өзгеруіне байланысты өтініш беруші Азаматтық авиация комитетіне келесі құжаттарды ұсынады:
      1) белгіленген нысандағы өтініш (осы қағидалардың 1-қосымшасы);
      2) азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтық әуе кемесін қайта жабдықталғандығы туралы құжат;
      4) азаматтық әуе кемелерінің техникалық жай-күйін тексеру актісі және әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының анықтамасы (осы қағидалардың 2-қосымшасы);
      5) заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлігінің немесе жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
      6) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;
      7) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
      33. Азаматтық әуе кемесі пайдаланушысының өзгеруіне байланысты өтініш беруші Азаматтық авиация комитетіне келесі құжаттарды ұсынады:
      1) белгіленген нысандағы өтініш (осы қағидалардың 1-қосымшасы);
      2) жалдау, лизинг, мүліктік қарыз шарты, өзге де әуе кемесін пайдалану құқығын растайтын құжат немесе олардың нотариалды расталған көшірмелері;
      3) азаматтық әуе кемесін қабылдау-тапсыру актісі немесе нотариалды расталған көшірмесі;
      4) пайдаланушы сертификатының, авиациялық жұмыстарды орындауға құқық беретін куәліктің немесе ұшуға құқық беретін куәліктің (бар болған жағдайда) көшірмесі;
      5) заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлігінің немесе жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
      6) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;
      7) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
      34. Ұсынылған құжаттарды қарау оң нәтижелері кезінде, өтініш берушінің барлық қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде Азаматтық авиация комитеті мемлекеттік тізілімге өзгеріс енгізеді және өтініш берушіге азаматтық әуе кемесінің қайта тіркелген күні туралы толтырылған белгілер белгіленген нысандағы (осы қағидалардың 4-қосымшасы) жаңа мемлекеттік тіркеу туралы куәлік береді.
      35. Азаматтық әуе кемелері келесі жағдайларда мемлекеттік тізілімнен шығарылады:
      1) әуе кемесін пайдаланудан алып тастау немесе шығару;
      2) әуе кемесін шет мемлекетке, шетелдік жеке немесе заңды тұлғаға сату немесе беру;
      3) азаматтық әуе кемесін Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелері тізіліміне немесе шет мемлекеттің тізіліміне тіркеу;
      4) соңғы үш жыл бойы әрекеттегі ұшу жарамдылығы сертификатының болмауы.
      36. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тізілімнен шығарған кезде өтініш беруші Азаматтық авиация комитетіне келесі құжаттарды ұсынады:
      1) белгіленген нысандағы өтініш (осы қағидалардың 8-қосымшасы);
      2) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      3) азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификаты;
      4) орындағы шу бойынша сертификат;
      5) радиостанция сертификаты;
      6) әуе кемесінің меншік құқығы шет мемлекетке (азаматқа, заңды тұлғаға) өткендігін растайтын құжат немесе әуе кемесін мемлекеттік тізілімнен шығаруға мүмкін жағдайлар қарастырылған өзге құжат немесе олардың нотариалды расталған көшірмелері;
      7) заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлігінің немесе жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі.
      8) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі.
      9) әуе кемесі кепілде тұрған жағдайда кепіл ұстаушының оның тізілімнен шығарылуына жазбаша келісімі;
      10) азаматтық әуе кемесін есептен шығарып тастау актісі (әуе кемесі есептен шығарылған кезде);
      11) әуе кемесін жою туралы құжаттар немесе олардың нотариалды расталған көшірмелері (әуе кемесі есептен шығарылған кезде);
      12) әуе кемесінен айырым белгілерді алып тастау туралы актілер және оны растайтын фотосуреттер;
      37. Әуе кемесінен айырым белгілерді алып тастау туралы актілер әуе кемесінің меншік иесі немесе пайдаланушысы және әуе кемесінің тұрақтау аэроалаңының немесе бөгде ұйымның өкілі кіретін комиссия мүшелерінің қол қоюы арқылы еркін нысанда жазылады.
      38. Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда Азаматтық авиация комитеті 10 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге белгіленген нысандағы (осы қағидалардың 9-қосымшасы) мемлекеттік тізілімнен шығуы туралы куәлікті береді.
      39. Әуе кемесі мемлекеттік тізілімнен шыққаннан кейін Азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және оған қатысты мемлекеттік тізілімде жасалынған барлық жазбалар күшін жояды.
      40. Кепілде тұрған әуе кемесін мемлекеттік тізілімнен шығару үшін кепіл ұстаушының оның тізілімнен алып тасталуына жазбаша келісімі болуы міндетті.
      41. Азаматтық авиация комитеті әуе кемесіне кепіл туралы шартты мемлекеттік тіркеуді жүргізеді. Әуе кемесіне кепіл туралы шартты мемлекеттік тіркеу үшін әуе кемесінің кепілге беруші және кепіл ұстаушы Азаматтық авиация комитетіне өтініштен өзге келесі құжаттарды ұсынады:
      1) кепілді тіркегені үшін алым төленгендігін растайтын құжат көшірмесі;
      2) азаматтық әуе кемесіне кепіл туралы шарттың 3 данада көшірмесі;
      3) әуе кемесін кепілге беруші және кепіл ұстаушы заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлігінің немесе жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
      4) әуе кемесін кепілге беруші және кепіл ұстаушы Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі.
      42. Кепілді мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіпте және мөлшерде алым төленеді.
      43. Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда Азаматтық авиация комитеті кепіл туралы шартты мемлекеттік тіркеуін 2 күнде жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы азаматтық әуе
кемелерін, оларға арналған құқықтарды
және олармен жасалатын мәмілелерді, 
сондай-ақ оларға арналған құқықтарды
куәландыратын құжаттар нысандарын   
мемлекеттік тіркеу қағидалардың     
1-қосымшасы   

Нысан              

Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрлігі   
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы
______________________________________
(Т.А.Ә.)               

ӨТІНІШ

      Меншік иесі: __________________________________________________
      Пайдаланушы:___________________________________________________
тиесілі ________________________________________________ әуе кемесін,
                    (әуе кемесінің түрі)
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелері тізіліміне енгізуіңізді (өзгерістер енгізуіңізге) және азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беруіңізді (ауыстыруыңызды) өтінемін.

      Әуе кемесі туралы деректер:
      1. Азаматтық әуе кемесінің бұрын тіркелген мемлекеті:
      _______________________________________________________________
      2. Айырымдық белгісі: _________________________________________
      3. Сериялық (зауыттық) нөмірі: ________________________________
      4. Зауыттан шығарылған күні: (күні, айы, жылы) ________________
      5. Шығарушы зауыт, мемлекет: __________________________________
      6. Азаматтық әуе кемесінің тағайындалуы: ______________________
      7. Азаматтық әуе кемесінің класы: _____________________________
      8. Қозғалтқыш күші (кВт): _____________________________________
      9. Соңғы жөндеуден өткен күні және орны: ______________________
      10. Кім және қашан техникалық тексеру немесе ұшу сынағы жүргізді: ___________________________________________________________
      11. Азаматтық әуе кемесінің жөндеуге дейінгі қалдық ресурсы: (сағат, қону, жыл) __________________________________________________
      12. Тұрақтау орны: ____________________________________________
      13. Әуе кемесіне құқық түрі (керегінің астын сызыңыз):
      1) меншік құқығы;
      2) пайдалану құқығы;
      3) оперативті басқару құқығы;
      4) шаруашылық басқару құқығы.
      14. Шарт нөмірі және алу күні:
      Меншік иесі: № _______ «__» ________ 20 ___ ж.
      Пайдаланушы: № _______ «__» ________ 20 ___ ж.
      15. Меншік иесінің түрі (астын сызыңыз):
      1) заңды тұлға;
      2) жеке тұлға;
      16. Құжаттың түрі: (Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, жеке куәлік, паспорт)
      17. Құжаттың сериясы және берілген күні: № __________ «__» _________ 20 __ ж.
      18. Заңды тұлғаның атауы:______________________________________
      19. Т.А.Ә., туған күні: _________ «__» 20 _________ ж. (жеке тұлғалар үшін)
      20. СТН: ______________________________________________________
      21. БИН/ЖИН: __________________________________________________
      22. Мекені: (Облыс, аудан,елді мекен, көшесі,үй нөмірі, пәтер)
_____________________________________________________________________
      23. Телефон, факс нөмірі және e-mail адресі: __________________
      24. Алым сомасы, нөмірі және күні: № ___ «__» _______ 20 ___ ж. ____________ тг.

      Азаматтық әуе кемесінің меншік иесі: __________   _____________
                                           (Басшы қолы)    (Т.А.Ә.)

      М.О.                                  «__» ___________ 20 __ ж.

      Азаматтық әуе кемесін пайдаланушы: __________   ______________
                                         (Басшы қолы)    (Т.А.Ә.)

      М.О.                                  «__» ___________ 20 __ ж.

Қазақстан Республикасы азаматтық әуе
кемелерін, оларға арналған құқықтарды
және олармен жасалатын мәмілелерді, 
сондай-ақ оларға арналған құқықтарды
куәландыратын құжаттар нысандарын   
мемлекеттік тіркеу қағидалардың     
2-қосымшасы              

Нысан              

«БЕКІТЕМІН»     
Ұйымның бірінші басшысы
_______________________
    (қолы, Т.А.Ә.)
«__» ________ 20 __ ж.

Әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру
АКТІСІ

      Комиссия құрамы:

Төрағасы ____________________________________________________________
                            (лауазымы, Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________                              (лауазымы, Т.А.Ә.)
___ ____________ 20 __ ж. техникалық тексеру жүргізілді
_____________________________________________________________________              (азаматтық әуе кемесінің түрі мен тағайындалуы)
      мемлекеттік және тіркеу айырымдық белгілері ___________________
      сериялық (зауыттық) нөмірі: ___________________________________

      1. Әуе кемесі туралы мәліметтер:

Зауыттан шығарылған күні


Тағайындалған ресурс

_____ сағат ____ қону _______ жыл

Пайдалана басталғалы ұшуы

_____ сағат ____ қону _______ жыл

Жөндеу жүргізу саны


Соңғы жөндеу жүргізілгеннен күні және орны


Соңғы жөндеу жүргізілгеннен кейінгі ұшуы

_____ сағат ____ қону _______ жыл

Жөндеу жүргізгенге дейінгі қалдық ресурсы

_____ сағат ____ қону _______ жыл

Жөндеу аралық ресурс

_____ сағат ____ қону _______ жыл

      2. Әуе кемесінің ресурсын ұзарту негізі _____________________
      3. Қозғалтқыштың ресурсын ұзарту негізі _____________________

М.О.            ___________________________________________________
                            (қолы, күні, Т.А.Ә.)

      4. Қозғалтқыш және әуе винттері туралы мәліметттер:

Қозғалтқыш/әуе винті Түрі

1-ішні 2-нші 3-інші 4-інші Қосалқы күштік қондырғы/ Бас редуктор

Зауыттық нөмірі


Пайдалана басталғалы ұшуы (сағат)


Соңғы жөндеу жүргізілген күні


Соңғы жөндеу жүргізілгеннен кейінгі ұшуы (сағат)


Соңғы жөндеу жүргізілгеннен кейінгі ұшуы


Жүргізілген жөндеу саны


      5. Әуе кемесі _________________________________________ көлемде тексерілді
(кезеңдік техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу нысаны),
бұл туралы формулярға жазба жасалынды _______________________________
                                                (күні)
      6. Әуе кемесінің жабдықталғандығы _____________________________
      7. Әуедегі қақтығысты ескертетін борттық жүйенің бар болуы
_____________________________________________________________________
      8. Осы әуе кемесі түрінің осы актіні жасау күніне дейінгі орындалуға міндетті барлық пысықтаулар орындалған;
      Типтік конструкцияда бекітілген құжаттамамен қарастырылмаған өзгерістер жоқ.

М.О.          _______________________________________________________
                          (қолы, күні, Т.А.Ә.)
      9. Ұшуды пайдалану нұсқауын бекіткен ұйым, бекіткен күні
_____________________________________________________________________10. Комиссияның азаматтық әуе кемесінің техникалық жай-күйі, ұшуға жарамдылығы және ұшу жарамдылығы сертификатын (әрекет ету мерзімін ұзарту) беру мүмкіндігі туралы қорытындысы __________________________

      Төраға: _______________________________________________________
                               (қолы, күні, Т.А.Ә.)
      Комиссия мүшелері: ____________________________________________
      _______________________________________________________________

М.О.                _________________________________________________
                                (қолы, күні, Т.А.Ә.)

      11. Пайдаланушының инженерлік-авиациялық қызмет бастығының азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығы (оның ішінде қажетті жабдығы болған жағдайда халықаралық трассалар бойынша ұшу) туралы қорытындысы _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Төраға: _______________________________________________________
                                 (қолы, күні, Т.А.Ә.)
      Комиссия мүшелері: ____________________________________________

      М.О.           ________________________________________________
                                 (қолы, күні, Т.А.Ә.)

      12. Актінің әрбір беті комиссия төрағасының қолымен және пайдаланушының мөрімен расталуы тиіс.
      13. Актінің жарамдылық мерзімі бекітілген күннен бастап бір ай.
      Ескерту: - 11-тармақта инженерлік-авиациялық қызмет бастығы келесі қорытындыны жасайды:
      «Ұшақ (Тік ұшақ) техникалық түзу және пайдалануға жарамды» немесе «Ұшақ (Тік ұшақ) техникалық бұзық және пайдалануға жарамсыз».

Қазақстан Республикасы азаматтық әуе
кемелерін, оларға арналған құқықтарды
және олармен жасалатын мәмілелерді, 
сондай-ақ оларға арналған құқықтарды
куәландыратын құжаттар нысандарын   
мемлекеттік тіркеу қағидалардың     
3-қосымшасы              

Нысан              

Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы туралы бағалау
актісінің типтік нысаны

_____________________________________________________________________
                    уәкілетті органның атауы)
«__» _________ 20 __ жылғы № _______ бұйрығына сәйкес комиссия құрамы:
Төраға: _____________________________________________________________
                          (Т.А.Ә. лауазымы)
Комиссия мүшелері:
_____________________________________________________________________
                          (Т.А.Ә. лауазымы)
_____________________________________________________________________
                          (Т.А.Ә. лауазымы)
_____________________________________________________________________
                          Т.А.Ә. лауазымы)

№                   әуе кемелерін бағалау жүргізілді
_____________________________________________________________________
                           (ұйым атауы)
Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы туралы бағалау актісінің типтік нысаны
Төраға:                      ________________   _________________
                                  (Т.А.Ә.)            (қолы)
Комиссия мүшелері            ________________   _________________
                                  (Т.А.Ә.)            (қолы)
                             ________________   ________________
                                  (Т.А.Ә.)            (қолы)
Сараптама актімен таныстым:
Ұйым басшысы                 __________________   _______________
                                  (Т.А.Ә.)            (қолы)

Қазақстан Республикасы азаматтық әуе
кемелерін, оларға арналған құқықтарды
және олармен жасалатын мәмілелерді, 
сондай-ақ оларға арналған құқықтарды
куәландыратын құжаттар нысандарын   
мемлекеттік тіркеу қағидалардың     
4-қосымшасы             

Нысан              

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ                РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
   КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ              МИНИСТЕРСТВО ТРАНСПОРТА И
         МИНИСТРЛІГІ                       КОММУНИКАЦИЙ КОМИТЕТ
   АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ              ГРАЖДАНСКОЙ АВИАЦИИ

АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ КЕМЕСІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ТУРАЛЫ
КУӘЛІК

СВИДЕТЕЛЬСТВО
О ГОСУДАРСТВЕННОЙ РЕГИСТРАЦИИ ГРАЖДАНСКОГО ВОЗДУШНОГО СУДНА

1. Мемлекеттік және тіркеу айырым белгілері
Государственный и регистрационный опознавательные знаки

2. Азаматтық әуе кемесінің үлгісі және тағайындауы
Тип и назначение гражданского воздушного судна

3. Азаматтық әуе кемесінің сериялық (зауыттық) нөмірі
Серийный (заводской) номер гражданского воздушного судна

4. 24-тік биттік код:
24-х битовый код: хххх хххх хххх хххх хххх хххх

5. Меншік иесі:
   Собственник:
6. Пайдаланушы:
   Эксплуатант:
7. Осымен осы азаматтық әуе кемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасына және Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне тиісті түрде енгізілгендігі куәландырылады.
      Настоящим удостоверяется, что данное гражданское воздушное судно должным образом занесено в Государственный реестр гражданских воздушных судов Республики Казахстан в соответствии с законодательством Республики Казахстан и Конвенцией о международной гражданской авиации (Чикаго, 1944 г).
      8. Осы Куәлік тіркеу мақсатында берілген және азаматтық әуе кемесіне меншік құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
      Данное Свидетельство выдано для целей регистрации и является документом, удостоверяющим право собственности на гражданское воздушное судно.

      М.О.                Азаматтық авиация комитетінің төрағасы
      М.П.                Председатель Комитета гражданской авиации
                          ___________________________________
                              (Т.А.Ә., қолы/подпись Ф.И.О)

      Берілген күні: Дата выдачи:

Қазақстан Республикасы азаматтық әуе
кемелерін, оларға арналған құқықтарды
және олармен жасалатын мәмілелерді, 
сондай-ақ оларға арналған құқықтарды
куәландыратын құжаттар нысандарын   
мемлекеттік тіркеу қағидалардың     
5-қосымшасы            

Нысан              

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ              REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
    КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ              OF TRANSPORT AND MINISTRY
           МИНИСТРЛІГІ                         COMMUNICATION

   АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ              CIVIL AVIATION COMMITTEE

АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ КЕМЕСІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ТУРАЛЫ
КУӘЛІК

АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ KEMECIH МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ТУРАЛЫ
КУӘЛІК

CERTIFICATE
OF THE STATE REGISTRATION OF CIVIL AIRCRAFT

1. Мемлекеттік және тіркеу айырым белгілері
State identification and registration number

2. Азаматтық әуе кемесінің үлгісі және тағайындауы Type and designation of an aircraft

3. Азаматтық әуе кемесінің сериялық (зауыттық) нөмірі
Manufacturer's serial number for the aircraft

4. 24-тік биттік код:

5. Меншік иесі: Owner:
6. Пайдаланушы: Operator:
7. Осымен осы азаматтық әуе кемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасына және Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне тиісті түрде енгізілгендігі куәландырылады.
This is to certify that the aforementioned aircraft is duly registered in the State Civil Aircraft Registry of the Republic of Kazakhstan pursuant to Legislation of the Republic of Kazakhstan and the International Civil Aviation Convention (Chicago, 1944).
      8. Осы Куәлік тіркеу мақсатында берілген және азаматтық әуе кемесіне меншік құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
      This Certificate is issued for the purpose of registration and is intended certify ownership of the civil aircraft.

MO.                           Азаматтық авиация комитетінің төрағасы

МП.                         Chairman of the Civil Aviation Committee
                            ________________________________________
                                  (Т.А.Ә., қолы/ Signature, name)

Берілген күні:
Date of issue:

Қазақстан Республикасы азаматтық әуе
кемелерін, оларға арналған құқықтарды
және олармен жасалатын мәмілелерді, 
сондай-ақ оларға арналған құқықтарды
куәландыратын құжаттар нысандарын   
мемлекеттік тіркеу қағидалардың     
6-қосымшасы                

Нысан              

Қазақстан Республикасы Көлік және   
коммуникация министрлігі      
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы
______________________________________
(Т.А.Ә.)            

ӨТІНІШ

      Меншік иесі: __________________________________________________
      Пайдаланушы: __________________________________________________ тиесілі _______________________________________________ әуе кемесінің
                       әуе кемесінің түрі
№ _____ мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің дубликатын беруіңізді өтінемін.
      Ауыстыру, дубликат алудың себебі: _____________________________

      Әуе кемесі туралы деректер:
      1. Айырымдық белгісі: _________________________________________
      2. Сериялық (зауыттық) нөмірі: ________________________________
      3. Зауыттан шығарылған күні: (күні, айы, жылы) ________________
      4. Шығарушы зауыт, мемлекет: __________________________________
      5. Азаматтық әуе кемесінің тағайындалуы: ______________________
      6. Азаматтық әуе кемесінің класы: _____________________________
      7. Қозғалтқыш күші (кВт): _____________________________________
      8. Соңғы жөндеуден өткен күні және орны: ______________________
      9. Кім және қашан техникалық тексеру немесе ұшу сынағын жүргізді: ___________________________________________________________
      10. Азаматтық әуе кемесінің жөндеуге дейінгі қалдық ресурсы: (сағат, қону, жыл) __________________________________________________
      11. Тұрақтау орны: ____________________________________________
      12. Әуе кемесіне құқық түрі (керегінің астын сызыңыз):
      1) меншік құқығы;
      2) пайдалану құқығы;
      3) оперативті басқару құқығы;
      4) шаруашылық басқару құқығы.
      13. Шарт нөмірі және алу күні:
      Меншік иесі: № ______ «__» _________ 20 __ ж.
      Пайдаланушы: № ______ «__» _________ 20 __ ж.
      14. Меншік иесінің түрі (астын сызыңыз):
      1) заңды тұлға;
      2) жеке тұлға;
      15. Құжаттың түрі: (Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, жеке куәлік, паспорт)
      16. Құжаттың сериясы және берілген күні: № _____ «__» _________ 20 __ ж.
      17. Заңды тұлғаның атауы:
      18. Т.А.Ә., туған күні: « » 20 ж. (жеке тұлғалар үшін)
      19. СТН:
      20. БИН/ЖИН:
      21. Мекені: (Облыс, аудан, елді мекен, көшесі,үй нөмірі, пәтер)
      22. Телефон, факс нөмірі және e-mail адресі:
      23. Алым сомасы, нөмірі және күні: № ____ «__» ________ 20__ ж. _________ тг.

      Азаматтық әуе кемесінің меншік иесі: ____________   ___________
                                           (Басшы қолы)     (Т.А.Ә.)

      М.О.                           № ______ «__» _________ 20 __ ж.

      Азаматтық әуе кемесін пайдаланушы: ______________   ___________
                                          (Басшы қолы)      (Т.А.Ә.)

      М.О.                           № ______ «__» _________ 20 __ ж.

Қазақстан Республикасы азаматтық әуе
кемелерін, оларға арналған құқықтарды
және олармен жасалатын мәмілелерді, 
сондай-ақ оларға арналған құқықтарды
куәландыратын құжаттар нысандарын   
мемлекеттік тіркеу қағидалардың     
7-қосымшасы              

Нысан              

Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің
мемлекеттік тізілімі

1

2

3

4

Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі

Тіркеу күні

Қайта тіркеу күні

Әуе кемесінің түрі





5

6

7

8

Мемлекеттік және тіркеу айырымдық белгілері

Зауыттық (сериялық) нөмірі

Әуе кемесінің қызметі

Зауыттан шығарылған күні





9

10

11

12

Әуе кемесінің меншік иесі

Әуе кемесін пайдаланушы

Мемлекеттік тізілімнен шығуы туралы куәлік нөмірі

Мемлекеттік тізілімнен шығарған күн





Қазақстан Республикасы азаматтық әуе
кемелерін, оларға арналған құқықтарды
және олармен жасалатын мәмілелерді, 
сондай-ақ оларға арналған құқықтарды
куәландыратын құжаттар нысандарын   
мемлекеттік тіркеу қағидалардың     
      8-қосымшасы          

Нысан             

Қазақстан Республикасы Көлік және   
коммуникация министрлігі      
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы
______________________________________
(Т.А.Ә.)            

ӨТІНІШ

      Меншік иесі: __________________________________________________
      Пайдаланушы: __________________________________________________ тиесілі _______________________________________________ әуе кемесінің
                       әуе кемесінің түрі
      Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелері тізілімінен шығаруыңызды және азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тізілімнен шығуы туралы куәлік беруіңізді өтінемін.
      Әуе кемесін шығару себебі: ____________________________________

      Әуе кемесі туралы деректер:
      1. Әуе кемесінің түрі: ________________________________________
      2. Сериялық (зауыттық) нөмірі: ________________________________
      3. Зауыттан шығарылған күні: (күні, айы, жылы) ________________
      4. Шығарушы зауыт, мемлекет: __________________________________
      5. Соңғы жөндеуден өткен күні және орны: ______________________
      6. Азаматтық әуе кемесінің тағайындалуы: ______________________
      7. Азаматтық әуе кемесінің жөндеуге дейінгі қалдық ресурсы: (сағат, қону, жыл) __________________________________________________
      8. Кім және қашан техникалық тексеру немесе ұшу сынағын жүргізді: ___________________________________________________________
      9. Әуе кеменің тұрақтау орны: _________________________________
      10. Әуе кеменің экспортталған мемлекеті _______________________

      Азаматтық әуе кемесінің меншік иесі: ____________   ___________
                                           (Басшы қолы)     (Т.А.Ә.)

      М.О.                            «__» _________________ 20 __ ж.

Азаматтық әуе кемесін пайдаланушы: _____________    _________________
                                    (Басшы қолы)         (Т.А.Ә.)

      М.О.                            «__» _________________ 20 __ ж.

Қазақстан Республикасы азаматтық әуе
кемелерін, оларға арналған құқықтарды
және олармен жасалатын мәмілелерді, 
сондай-ақ оларға арналған құқықтарды
куәландыратын құжаттар нысандарын   
мемлекеттік тіркеу қағидалардың     
9-қосымшасы              

Нысан             

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ
АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ
REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
THE MINISTRY OF TRANSPORT AND COMMUNICATIONS
CIVIL A VIA TION COMMITTEE

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ КЕМЕЛЕРІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМНЕН ШЫҒУЫ ТУРАЛЫ
КУӘЛІК
CERTIFICATE
OF CANCELLATION FROM THE STA ТЕ REGISTER CIVIL
AIRCRAFT REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

Осымен куәландырамыз, әуе кеме түрі: ________________________________
This confirm the following model aircraft type: _____________________

Сериялық (зауыттық) нөмірі: _________________________________________
Serial Number: ______________________________________________________

Меншік иесі: ________________________________________________________
Which belong to: ____________________________________________________

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ КЕМЕЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМНЕН ШЫҚТЫ.
WAS TAKEN THE STATE REGISTER CIVIL AIRCRAFT REPUBLIC OF KAZAKHSTAN OFF.

                   Төраға ________________ (Аты-жөні, қолы)
                   Chairman                Signature, name

МО.
Stamp

Берілген күні
Date of issue

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады