Пайдаланушылардың сертификатталмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және қону алаңдарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 578 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 03 ақпандағы № 55 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 25 ақпанда № 6789 тіркелді.

      Ескерту. Бірлескен бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 24.03.2023 № 179 және ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 30.03.2023 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 24.03.2023 № 179 және ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 30.03.2023 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Пайдаланушылардың сертификатталмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және қону алаңдарын есепке алу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 24.03.2023 № 179 және ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 30.03.2023 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
________ Ә. Р. Жақсыбеков

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің міндетін атқарушы
______________ Д. Көтербеков


М.О.

М.О.


  Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация
министрінің міндетін
атқарушының
2010 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 578
және Қазақстан
Республикасының
Қорғаныс министрінің
2011 жылғы 3 ақпандағы № 55
бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Пайдаланушылардың сертификатталмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке алу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 24.03.2023 № 179 және ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 30.03.2023 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Пайдаланушылардың сертификатталмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және қону алаңдарын есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және пайдаланушылардың сертификатталмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және қону алаңдарын есепке алу тәртібін айқындайды

      2. Сертификатталмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және қону алаңдарын есепке алу сертификатталмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және қону алаңдарын пайдаланушыларға немесе иелеріне (меншік иелеріне) жүктеледі.

      3. Есепке алу объектілері әуе кемелерінің ұшуын, қонуын, рульдеуін, тұрағын және қызмет көрсетуін қамтамасыз ету үшін арнайы дайындалған сертификатталмайтын әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары), уақытша әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) және қону алаңдары болып табылады.

2-тарау. Пайдаланушылардың сертификатталмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және қону алаңдарын есепке алуы

      4. Пайдаланушылар сертификатталмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және қону алаңдарын есепке алуды:

      1) сертификатталмайтын әуеайлақтарға (тікұшақ айлақтарына), уақытша әуеайлақтарға (тікұшақ айлақтарына) және қону алаңдарына құқық белгілейтін құжаттар;

      2) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттары болған кезде жүзеге асырады.

      5. Есепке алу сертификатталмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және қону алаңдарын жеке есепке алу журналында (бұдан әрі - Журнал) жүргізіледі, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

      6. Журнал тігіледі және нөмірленеді, бұл туралы Журналдың соңғы бетінің артқы жағында тиісті жазу жазылады және пайдаланушының мөрі қойылады.

  Пайдаланушылардың
сертификатталмайтын
әуеайлақтарды (тікұшақ
айлақтарын),
уақытша әуеайлақтарды
(тікұшақ
айлақтарын) және қону
алаңдарын
есепке алу қағидаларына
қосымша
  нысан

Сертификатталмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және қону алаңдарын есепке алу журналы

      Пайдаланушы __________________________________________________________________

Мәліметтер Деректер

1.

Сертификатталатын әуеайлақтың (тікұшақ айлағының), уақытша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) және қону алаңының атауы


2.

Сертификатталмайтын әуеайлақтың (тікұшақ айлағының), уақытша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) және қону алаңының географиялық координаттары және орналасқан жері


3.

Сертификатталмайтын әуеайлақтың (тікұшақ айлағының), уақытша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) және қону алаңының меншік иесі (иесі)


4.

Сертификатталмайтын әуеайлақтың (тікұшақ айлағының), уақытша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) және қону алаңының мақсаты


5.

Техникалық сипаттамалары:
ұшу-қону жолағының өлшемдері;
ұшу-қону жолағының жабын түрі;
сертификатталмайтын әуеайлақтың (тікұшақ айлағының), уақытша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) және қону алаңының техникалық дайындығы тексерілген соңғы күн


6.

Сертификатталмайтын әуеайлақтың (тікұшақ айлағының), уақытша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) және қону алаңының қону және жарық-техникалық жүйелерімен (бар болған жағдайда) жабдықталуы


7.

Қабылданатын әуе кемелерінің түрлері




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады