Электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарын пайдалануды жүзеге асыратын объектілерді, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдаланушы қондырғыларын тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің м.а. 2010 жылғы 15 ақпандағы № 37 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 76 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6069 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 828 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 717 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.12.2015 № 828 және ҚР Энергетика министрінің 14.12.2015 № 717 бірлескен бұйрығымен.

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарын пайдалануды жүзеге асыратын объектілерді, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдаланушы қондырғыларын тексеру парақтарының нысандары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті (Чирков В.Н.):
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық органдарының (инспекцияларының) басшылары осы бұйрықтың талаптарының орындалуы мен зерттеуді ұйымдастырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
      6. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрінің
      міндетін атқарушы
      ___________ Д.Тұрғанов

      Қазақстан Республикасы
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрі
      ____________ Б.Сұлтанов

      Қазақстан Республикасы Энергетика  
және минералдық ресурстар министрінің
міндетін атқарушы 2010 жылғы    
15 ақпандағы № 37 және       

      Қазақстан Республикасы Экономика 
бюджеттік жоспарлау министрінің  
2010 жылғы 18 ақпандағы № 76  
бірлескен бұйрығымен бекітілген 

Нысан

Электр станцияларының, электр және жылу желілерінің
энергетикалық жабдықтарын пайдалануды жүзеге асыратын
объектілерді, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу
пайдаланушы қондырғыларын тексеру парағы

Объект _________________________________________________________________
                   (заңды тұлға/жеке кәсіпкер,
_________________________________________________________________
                   атауы, мекенжайы, телефоны)
Тексеруге қатысатын тұлғалар:
Жауапты тұлға (басшы немесе сенім білдірілген
қызметкері) _____________________________________________________
                        (лауазымы Т.А.Ә.)
Аумақтық органның (инспекцияның) лауазымды тұлғасы
_________________________________________________________________
                   (атқаратын лауазымы Т.А.Ә.)

№ р/с

Тексеру көлемі

Тексеру нәтижесі (қанағаттанарлық/қанағаттанғысыз)

Ескертулер

1

2

3

4

1

Электр жабдықтарын, электр және жылу желілерін, адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұтынушылардың қондырғыларын пайдалану кезінде ұйымдық іс-шараларды орындау



2

Белгіленген нормаларға тұтынушылардың электр энергиясы қабылдағыштарының шықпаларындағы электр энергиясының сапа көрсеткіштерінің сәйкестігі



3

Электр энергиясының сапасын тексеру:
жұмыс кернеуінің атаулы мәннен ең жоғары ауытқуы;
кернеу жиілігінің ауытқуы;
кернеудің өнеркәсіптік жиілігінің кернеуді арттырудың рұқсат етілетін ұзақтығы



4

Жылыту мен магистралдық және тарату құбырларын ыстық сумен жабдықтауға арналған жылу энергиясы параметрлерінің ұстап тұратын температуралық кестеге, желілік судың қауіпсіз және сапалық сипаттамаларының көрсеткіштеріне сәйкестігін тексеру



5

Электр және жылу энергиясының сапасы бойынша техникалық ереже талаптарын сақтау



6

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және техникалық регламенттерге сәйкес электр желілерін жобалау және пайдалану кезінде электр энергиясына белгіленген талаптарды орындау



7

Техникалық регламенттермен белгіленген электр және жылу энергиясын өндіруге, беру мен тұтынуға арналған тұтынушылардың қондырғыларының, электр және жылу желілерінің, электр станциялары жабдықтарының техникалық талаптарға сәйкестігі



8

Электр және жылу энергиясын өндіру, беру, тұтыну режимдерін оңтайландыруды, ұтымды және үнемді пайдалануды тексеру



9
 

Энергетикалық жабдықтарды пайдалану және техникалық жағдайы:
  электр станцияларының;
  электр және жылу желілерінің;
  тұтынушылардың электр және жылу пайдаланушы қондырғыларының





10

Күзгі-қысқы жағдайларда жұмыс істеуге электр станцияларының, электр және жылу желілерінің дайындығы



11

Электр энергетикасы саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің техникалық талаптарын орындау



12

Электр-техникалық жабдықтар мен материалдардың адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптарға сәйкестігі



13

Қазақстан Республикасында өндірілген және оның аумағына әкелінген электр-техникалық жабдықтар мен материалдардың техникалық регламенттермен белгіленген және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда талаптарға сәйкестігі



14

Техникалық регламенттермен ұсынылатын, талаптарға сәйкестігі расталуға жататын электр станцияларының, электр және жылу желілерінің жабдықтарын, тұтынушылардың қондырғыларын пайдалануға беру кезінде сәйкестікті растау саласында құжаттың болуы



15

Отын-энергетика ресурстарының шығыс нормативтерін сақтау



16

Біліктілік талаптары мен лицензияланатын қызмет түрлеріне сәйкестігі



Тексерудің аяқталған күні ___________________
Аумақтық органның (инспекцияның) лауазымды тұлғасы:
________________________________ ____________ __________________
      (лауазымы)                    (қолы)         (Т.А.Ә.)
________________________________ ____________ __________________
      (лауазымы)                    (қолы)         (Т.А.Ә.)
Объектінің басшысы (сенім білдірілген тұлға):
____________________________________________ ___________________
      (Т.А.Ә., лауазымы)                          (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады