Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы N 92 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 24 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6089 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 467 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2564 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., № 43-48, 902-құжат):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу ережелерінде:
      36-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) жеке тұлғалар үшін көлік құралдарына салық төлегенін растайтын құжат немесе көлік құралдарына салық төлеуден босатылғанын растайтын құжат.»;
      2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 468 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2563 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 43-48, 901-құжат):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген тракторларға және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарға жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау жүргізу ережелерінде:
      9-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) көлік құралдарына салық төлегенін растайтын құжат немесе көлік құралдарына салық төлеуден босатылғанын растайтын құжат.».
      2. Егіншілік және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        А. Күрішбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады