Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттарды беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 ақпандағы N 59 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 5 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6106 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 320 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.07.02 № 320(2012.09.23 бастап күшіне енеді) Бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 2-тармағына cәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттарды беру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті (М.С. Өтебаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2010 жылғы 9 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Министр                                    Б. Жәмішев

      «КЕЛІСІЛДІ»                         «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы              Қазақстан Республикасы
      Әділет министрі                     Индустрия және сауда
      Р. Түсіпбеков                       Министрі Ә. Исекешев
      ________________                    ________________
      2010 жыл                            2010 жылғы 2 наурыз

      «КЕЛІСІЛДІ»                         «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы              Қазақстан Республикасы
      Қаржы нарығын және                  Туризм және спорт
      қаржы ұйымдарын реттеу              министрінің м.а.
      мен қадағалау агенттігінің          Қ. Өскенбаев ____________
      төрайымы Е. Бахмутова               2010 жылғы 26 ақпан
      2010 жылғы 1 наурыз

      «КЕЛІСІЛДІ»                         «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы              Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Банкінің төрағасы            Әділет министрінің м.а.
      Г. Марченко                         Д. Құсдәулетов
      _______________________             ______________________
      2010 жылғы 2 наурыз                 2010 жылғы 5 наурыз

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің     
2010 жылғы 16 ақпандағы № 59
бұйрығымен бекітілген  

Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттарды беру ережесі

      1. Осы Ереже Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттарды беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетіне (бұдан әрі – Комитет) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттарды беруінің бірыңғай тәртібін белгілейді.
      2. Қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша қаржы мониторингі субъектілері Комитетке қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттарды (бұдан әрі – Ақпарат) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда құжаттық тіркейді және береді.
      3. Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар (қызмет түрі тек қана шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), биржалар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлерi, жинақтаушы зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушылары, орталық депозитарий ақпаратты электронды тасығышта ұсынады.
      Қаржы мониторингінің басқа субъектілері, сондай-ақ қызмет түрі тек қана шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар ақпаратты электронды немесе қағаз тасығышта ұсынады.
      4. Электронды тасығышта жасалған ақпаратты Комитетке:
      банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар (қызмет түрі тек қана шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), биржалар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлерi, жинақтаушы зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушылары, орталық депозитарий Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің немесе Комитеттің ресми веб-порталы бөлінген байланыс арналары арқылы жібереді;
      қаржы мониторингінің басқа субъектілері Комитеттің ресми веб-порталы бөлінген байланыс арналары арқылы жібереді.
      5. Қағаз тасығышта жасалған ақпаратты қаржы мониторингі субъектілері Комитетке жеткізу кезінде құжаттарға бақылаусыз қол жетімділікті болдырмайтын шараларын сақтай отырып, тапсырылғаны туралы хабарлама бере отырып, почта арқылы немесе қолма-қол тәсілмен жібереді. Бұл ретте, құжаттар конверттерге, олардың бүлінуін немесе орамның тұтастығын бұзбастан ақпаратты алу мүмкіндігін болдырмайтын тәсілмен қапталады.
      6. Электронды тасығышта жасалған ақпарат қаржы мониторингі субъектісінің электронды сандық қолтаңбасымен расталады.
      Қағаз тасығышта жасалған ақпаратқа қаржы мониторингі субъектісі немесе жауапты лауазымды тұлғасы (қаржы мониторингі субъектісінің бірінші басшысы тағайындаған, оның алмастыратын тұлға) қол қояды және қаржы мониторингі субъектісінің мөрімен расталады.
      7. Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпараттар Заңның 4-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес Қаржы мониторингі комитетіне операциялар жүргізілгеннен кейін 24 сағаттың ішінде тапсырылады.
      Қаржы мониторингі субъектілері күдікті операциялар бойынша ақпаратты Комитетке дереу, ол жасалғанға дейін береді. Егер күдікті операцияны тоқтату мүмкін болмаған жағдайда мұндай операциялар туралы ақпарат ол жасалғаннан кейін 3 сағаттан кешіктірмей, не болмаса күдікті операция айқындалған сәттен бастап 24 сағат iшiнде ұсынылады.
      8. Комитет ақпаратты қаржы мониторингі субъектілері мынадай:
      қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар нысанынан басқаша;
      осы Ереженің 6-тармағында жазылған талаптарды ескермей жасап ұсынған жағдайда қабылдамайды.
      9. Қаржы мониторингі субъектілері ақпаратты электронды тасығышта ұсынған жағдайда, алған сәттен бастап 4 сағат ішінде Комитет осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша ақпаратты қабылдағаны (қабылдамағаны) туралы байланыстың электрондық арналарын пайдалану арқылы хабарлама (бұдан әрі – Хабарлама) жібереді.
      Қаржы мониторингі субъектілері ақпаратты қағаз тасығышта ұсынған жағдайда Комитет алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде пошталық жөнелтіліммен жібереді.
      10. Ақпараттың қабылданбағаны туралы Хабарлама алған жағдайда қаржы мониторингі субъектісі 1 жұмыс күні ішінде ақпараттың қабылдаудан бас тартудың Хабарламада көрсетілген себептерін жою бойынша шаралар қабылдайды және түзетілген ақпаратты Комитетке жолдайды.
      11. Комитетке бұрын ұсынылған және қабылданған ақпаратқа қаржы мониторингі субъектілері өзгерістер немесе толықтырулар енгізген жағдайда қаржы мониторингі субъектісі бұрын ұсынған ақпараттың орнына Комитетке жаңа ақпаратты 24 сағаттан кешіктірмей жібереді.
      Жаңа ақпаратты Комитеттің қабылдағаны (қабылдамағаны) туралы хабарламаны қаржы мониторингі субъектілері осы Ереженің 9-тармағында белгіленген тәртіпке сәйкес жібереді.
      12. Комитет қосымша ақпарат алу мақсатында қаржы мониторингі субъектісіне қосымша ақпаратты және қаржы мониторингіне жататын операциялар жөніндегі құжаттарды (немесе құжаттардың белгіленген тәртіппен расталған көшірмелерін) электронды немесе қағаз тасығышта осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес көрсетілген нысан бойынша ұсынуға сұрату жібереді.
      13. Қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша қосымша ақпараттар мен құжаттарды (немесе белгіленген тәртіппен куәландырылған құжаттардың көшірмесі) Заңның 4-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес тиісті сұрау алған сәттен бастап, Комитетке 3 жұмыс күні ішінде тапсырылады.
      Операция жүргізілген жағдайда заңды айналымға заңсыз жолмен алынған кірістер түседі деуге не осы операцияны жүргізу терроризмді және (немесе) экстремизмді қаржыландыруға бағытталады деуге негіз бар операциялар бойынша қосымша ақпараттар мен құжаттарды (немесе белгіленген тәртіппен куәландырылған құжаттардың көшірмесі) тиісті сұрау алған сәттен бастап, Комитетке 24 сағаттың ішінде тапсырылады.
      14. Қаржы мониторингіне жататын операциялар жөнінде сұралған қосымша ақпарат осы Ереженің 4–6-тармақтарында анықталған тәртіпке сәйкес Комитетке жіберіледі.
      15. Осы Ереженің 48-қосымшаларына сәйкес анықтамалық мәліметтер ақпараттарды толтыру барысында қолданылады.
      16. Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы Комитетке жіберген мәліметтері мен ақпаратты растайтын құжаттарды қаржы мониторингі субъектілері клиентпен қарым-қатынасы тоқтаған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл сақтаулары тиіс.

Қаржы мониторингі субъектілерінің
қаржы мониторингіне жататын 
операциялар туралы мәліметтер мен
ақпараттарды беру ережесіне  
1–қосымша          

Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттардың нысаны (бұдан әрі – ҚМ - 1 нысаны)

Атауы

Мазмұны

1

ҚМ - 1 нысаны туралы мәліметтер

1.1

ҚМ - 1 нысанының нөмірі*


1.2

ҚМ - 1 нысанының күні*


1.3

Құжаттың түрі (керегінің асты сызылсын)*

1. Жаңа хабар
2. (түзетілетін хабардың № көрсете отырып) қабылданбаған хабарды түзету
3. (хабардың № көрсете отырып) хабарды ауыстыруды сұрату

1.4

Операцияның жай-күйі (керегінің асты сызылсын)*

1. Жасалған (операцияның аяқталған уақыты)
2. Жалғасып жатыр (операцияның басталған уақыты)
3. Тоқтатылған (қаржы мониторингі субъектісінің операцияны тоқтата тұрған уақыты)
4. Жасалмаған (уақыты)

1.5

Хабар беру үшін негіздеме (керегінің асты сызылсын)*

1. Шектелген сомаға тең немесе одан асады
2. Күдікті операция:
а. айқын экономикалық мәні жоқ мәміле жасаcу;
ә. қаржы мониторингі рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-қимыл жасау;
б. терроризмді және (немесе) экстремизмді қаржыландыру

2.

ҚМ - 1 нысанын жіберген қаржы мониторингі субъектіcі туралы мәлімет

2.1

Қаржы мониторингі субъектісінің коды*


2.2

Қаржы мониторингі субъектісінің атауы*


2.3

СТН*


2.4

ЖСН/БСН


2.5

Орналасқан жерінің мекен-жайы*

1. Облысы:
2. Ауданы:
3. Елді мекен (қала/кент/ауыл):
4. Көшенің/даңғылдың/ш-ауданның атауы:
5. Үйдің №:
6. Пәтердің/кеңсенің № (бар болса):
7. Почта индексі:

2.6

Адамның жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлғалар үшін)*


2.6.1

Адамның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы (жеке тұлғалар үшін)*

1. Нөмірі:
2. Сериясы (бар болса):

2.6.2

Адамның жеке басын куәландыратын құжатты кім берген (жеке тұлғалар үшін)*


2.6.3

Адамның жеке басын куәландыратын құжат қашан берілген (жеке тұлғалар үшін)*


2.7

Жауапты лауазымды тұлғаның аты-жөні*

1. Тегі:
2. Аты:
3. Әкесінің аты (бар болса)

2.7.1

Жауапты лауазымды тұлғаның лауазымы*


2.8

Байланыс телефоны*


2.9

Электрондық почтасы


3

Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпарат

3.1

Операцияның нөмірі*


3.2

Операция түрінің коды


3.3

ТББЖ коды*

1. Коды:
2. Белгілеу мүмкін емес

3.4

Операцияда қатысушылар саны*


3.5

Операция валютасының коды*


3.6

Оны өткізу валютасында көрсетілген операция сомасы*


3.7

Операцияның теңгемен көрсетілген сомасы*


3.8

Операцияны жасаудың негіздемесі*


3.9

Операцияны өткізуге негіз болған құжаттың күні мен нөмірі


1. Күні:
2. Құжаттың нөмірі:

3.10

Операцияның күдіктілігі белгісінің 1-ші коды


3.11

Операцияның күдіктілігі белгісінің 2-ші коды


3.12

Операцияның күдіктілігі белгісінің 3-ші коды


3.13.

Операцияны күдікті ретінде жіктеуде туындаған қиыншылықтардың сипаттамасы


3.14

Операция туралы қосымша ақпарат


4

Қаржы мониторингіне жататын операцияға қатысушылар туралы мәліметтер

4.1

Қатысушы (керегінің асты сызылсын)*

1. Операция бойынша төлеуші
2. Операция бойынша алушы
3. Төлеушінің өкілі
4. Алушының өкілі
5. Атынан және тапсырмасы бойынша
6. Пайда табушы

4.2

Қаржы мониторингі субъектісінің клиенті*

1. Болып табылмайды
2. Болып табылады

4.3

Қатысушы түрі*


4.4

Резиденттілігі*


4.5

Операцияда қатысушының түрі (керегінің асты сызылсын)*

1. Заңды тұлға
2. Жеке тұлға
3. Жеке кәсіпкер

4.6

Шетелдік жария лауазымды адам (керегінің асты сызылсын)*

1. Болып табылмайды
2. Болып табылады
3. Шетелдік жария лауазымды тұлғамен аффилиирленген

4.7

Операция қатысушысының банкі*

1. Қатысушының шот нөмірі:
2. Банктің/филиалдың атауы:
3. Банктің/филиалдың коды:
4. Банктің/филиалдың орналасқан елі:
5. Операцияда қатысушы корреспонденттік шоттар туралы мәліметтер:
а. Шот нөмірі:
ә. Банктің атауы:
б. Банк коды:
в. Банктің орналасқан елі:

4.8

Операцияда қатысушының атауы (заңды тұлғалар үшін)*

1. Атауы:
2. Белгілеу мүмкін емес

4.9

Қатысушының құрылтайшылары (заңды тұлғалар үшін)

1. Атауы:
2. Барлық құрылтайшылардың тіркеу деректері:

4.10

Бірінші басшының аты-жөні (заңды тұлғалар үшін)*


4.11

СТН


4.12

ЭҚЖЖ


4.13

ЖСН/БСН


4.14

Аты-жөні (жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін)*

1. А.Т.Ә.:
2. Белгілеу мүмкін емес

4.15

Адамның жеке басын куәландыратын құжат


4.16

Адамның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы

1. Нөмірі:
2. Сериясы (бар болса):

4.17

Адамның жеке басын куәландыратын құжатты кім берген


4.18

Адамның жеке басын куәландыратын құжат қашан берілген*


4.19

Туылған күні (жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін)*


4.20

Туған жері (жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін)


4.21

Заңды мекен-жайы (заңды тұлғалар үшін - заңды мекен-жайы, жеке тұлғалар үшін – тіркелген жерінің мекен-жайы)

1. Облысы:
2. Ауданы:
3. Елді мекен (қала/поселок/село):
4. Көшенің/даңғылдың/ш-ауданның атауы:
5. Үйдің №:
6. Пәтердің/кеңсенің № (бар болса):

4.22

Байланыс телефонының нөмірі


4.23

Электрондық поштасы


4.24

Нақты мекен-жайы (заңды тұлғалар үшін – орналасқан мекен-жайы, жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты мекен-жайы

1. Облысы:
2. Ауданы:
3. Елді мекен (қала/поселок/село):
4. Көшенің/даңғылдың/ш-ауданның атауы:
5. Үйдің №:
6. Пәтердің/кеңсенің № (бар болса):

4.25

Операция қатысушысы туралы қосымша ақпарат


* - міндетті түрде толтырылатын деректеме

      ҚМ-1 нысанын толтыру жөнінде түсіндірме

      ҚМ-1 нысаны мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
      Қағаз тасығышта жасалған кезде ҚМ-1 нысаны шарикті қаламсаппен, қара немесе көк сиямен, бас баспа рәміздерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады.
      Баспа құрылғысын пайдалану кезінде ҚМ-1 нысаны кемінде № 10 мөлшердегі «Times New Roman» әріптерімен толтырылады.
      Тазартылған, түзетілген жері және түзетулері бар ҚМ-1 нысаны өңдеуге қабылданбайды.

1-бөлім «ҚМ-1 нысаны туралы мәліметтер».

      1.1 «ҚМ-1 нысанының нөмірі» деген деректемеде қаржы мониторингіне жататын операция туралы хабарламаның реттік санды нөмірі көрсетіледі, ол туралы ақпарат Комитетке ұсынылады. Қаржы мониторингіне жататын операцияның реттік санды нөмірін қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау рәсімдерін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі өсу тәртібімен, «1» нөмірден бастап сандық пішімде, хабарлар ұсынылатын бір күнтізбелік жылдың ішінде қалыптастырады.
      1.2 «ҚМ-1 нысанының күні» деген деректемеде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция туралы хабарды беру (жіберу) күні көрсетіледі. Хабар беру күні сандық пішінде жылы (төрт белгі)/күні (екі белгі)/айы (екі белгі) көрсетіледі.
      «ҚМ-1 нысанының нөмірі» мен «ҚМ-1 нысанының күні» деректемелері қаржы мониторингі субъектілерінің Комитетке ұсынатын хабарларының әрбірі үшін бірегей болып табылады және қаржы мониторингі субъектісі қателер тапқан және ақпарат ұсыну туралы Комитет сұратулар жіберген жағдайда хабарды сәйкестендіру үшін пайдалынады. Хабардың нөмірі мен күні операция туралы хабар Комитетке алғаш рет жіберілу кезінде аңықталады.
      1.3 «Құжат түрі» деген деректеме мынадай мәндерге ие:
      «1. Жаңа хабар» – комитетке жіберілетін әрбір жаңа хабарға «Құжат түрі» деректемесінің «1 - Жаңа хабар» деген мәні беріледі;
      «2. Қабылданбаған хабарды түзету» – ҚМ-1 нысанының қабылданбауы себебінен Комитеттен ақпарат ұсыну туралы сұрату алған жағдайда қаржы мониторингі субъектісі хабарды қабылдамаудың хабарда көрсетілген себептерін жою бойынша шараларды қабылдайды, сұратуда көрсетілген ескертулерді түзетеді және сұрату алынған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде нысанды түзетілген түрде қайта жібереді. Бұл ретте хабардың нөмірі мен күні деректемелерінің алғашқы жұп мәндері көрсетіледі, ал «Құжат түрі» деректемесінің «2 - қабылданбаған хабарды түзету» деген мәні болады;
      «3. Хабарды ауыстыруды сұрату» – қаржы мониторингі субъектісі бастамашылық тәртіппен бұрын ұсынылған және Комитет қабылдаған ҚМ-1 нысанына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жағдайында (мысалы, хабарда операцияның сомасы немесе валюта коды әлде операцияны жасау негіздемесі немесе қатысушылардың мекен-жайлары хабарда дұрыс көрсетілмеген) қаржы мониторингі субъектісі алғашқы хабардың нөмірін және оның күнін бере отырып, хабардың барлық деректемелерін толтырып, Комитетке ауыстырылатын хабарды жібереді. Бұл ретте ауыстырылатын құжатта «Құжат түрі» деректемесінің «3 - хабарды ауыстыруды сұрату» мәні болады, ал 3.14 «Операция жөнінде қосымша ақпарат» деген деректемеде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар көрсетіледі.
      1.4 «Операцияның жай-күйі» деген деректеме мынадай мәндерге ие:
      «1. Жасалған» – деген мән егер жүргізіліп жатқан операцияның жай-күйі аяқталған болып табылған жағдайда көрсетіледі;
      «2. Жалғасып жатыр» – деген мән егер операцияның жай-күйі оны жүргізу басталғаннан кейін хабар қалыптастырылған сәтте аяқталмаған болып табылса көрсетіледі;
      «3. Тоқтатылған» – деген мән, егер қаржы мониторингі субъектісінде операция күдікті операцияларды анықтау критерийлеріне сәйкес деп ұйғаруға негіз туындап, қаржы мониторингі субъектісі жүргізіліп жатқан операцияны тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған жағдайда көрсетіледі;
      «4. Жасалмаған» – деген мән егер операцияны өткізуден бас тарту туралы шешім қабылданған болса көрсетіледі. Бұл мән көрсетілген кезде 4.25 деректемеде операцияны өткізуден бас тарту себептерін көрсету қажет.
      Комитетке жіберілетін әрбір жаңа хабарда күдіктілік белгісі бар операцияның жай-күйін көрсету қажет.
      1.5 «Хабарлама беру үшін негіздеме» деген деректемеде:
      «1. Шектелген сомаға тең немесе одан асады» – деген мән егер Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 4–бабы 1–тармағына сәйкес операцияның сомасы шектелген сомаға тең немесе одан асатын болса көрсетіледі;
      «2. Күдікті операция» – деген мән «а. Айқын экономикалық мәні жоқ мәмілені жасасу» және «ә. Қаржы мониторингі рәсімдерінен жылыстауға бағытталған іс-қимылдар жасау» деген Заңның 4–бабы 4–тармағының 1) – 3) тармақшаларына сәйкес көрсетіледі. Егер бұл операция терроризмді және (немесе) экстремизмді қаржыландыруға бағытталған деп ұйғаруға негіз болған жағдайда «б. Терроризмді және (немесе) экстремизмді қаржыландыру» деген мәнді көрсету қажет.

2-бөлім. «ҚМ-1 нысанын жіберген қаржы мониторингі субъектісі туралы мәліметтер».

      2.1 «Қаржы мониторингі субъектісінің коды» деген деректемеде Қаржы мониторингі субъектілері түрлерінің кодтары анықтамалығына сәйкес Комитетке ҚМ-1 нысанын ұсынған қаржы мониторингі субъектісінің коды көрсетіледі.
      2.2 «Қаржы мониторингі субъектісінің атауы» деген деректемеде құрылтайшы құжаттарға сәйкес қаржы мониторингі субъектісінің толық атауы көрсетіледі.
      2.3 «СТН» деген деректемеде ҚМ-1 нысанын беретін қаржы мониторингі субъектісінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
      2.4 «ЖСН/БСН» деген деректемеде ҚМ-1 нысанын беретін қаржы мониторингі субъектісінің «ЖСН/БСН» нөмірлері көрсетіледі.
      2.5 «Орналасқан жерінің мекен-жайы» деген деректемеде қаржы мониторингі субъектісінің заңды мекен-жайы (облысы, қаласы, ауданы) пішімінде көрсетіледі.
      2.6 «Адамның жеке басын куәландыратын құжат» деген деректемеде Адамның жеке басын куәландыратын құжат түрлерінің кодтары анықтамалығына сәйкес адамның жеке басын куәландыратын құжат түрінің сандық коды көрсетіледі. Деректеме тек жеке тұлғалар үшін толтырылады.
      2.6.1 «Адамның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы» деген деректемеде адамның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы көрсетіледі. Деректеме тек жеке тұлғалар үшін толтырылады.
      2.6.2 «Адамның жеке басын куәландыратын құжатты кім берген» деген деректемеде адамның жеке басын куәландыратын құжатты берген мекеменің атауы қойылады.
      2.6.3 «Адамның жеке басын куәландыратын құжат қашан берілген» деген деректемеде адамның жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні көрсетіледі. Хабар беру күні сандық пішінде жылы (төрт белгі)/күні (екі белгі)/айы (екі белгі) көрсетіледі.
      2.7 «Жауапты лауазымды тұлғасы аты-жөні» деген деректемеде ішкі бақылау ережелерінің сақталуына жауапты байланыс тұлғасының аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.
      2.7.1 «Жауапты лауазымды тұлғаның лауазымы» деген деректемеде ішкі бақылау ережелерінің сақталуына жауапты лауазымды тұлғаның атқаратын қызметі көрсетіледі.
      2.8 «Байланыс телефоны» деген деректемеде ішкі бақылау ережелерінің сақталуына жауапты байланыс тұлғасының телефон нөмірі + мемлекеттің коды/қаланың коды/телефонның коды/ішкі телефон нөмірі (бар болса) пішінде көрсетіледі.
      2.9 «Электрондық почта» деген деректемеде ішкі бақылау ережелерінің сақталуына жауапты байланыс тұлғасының электрондық поштасы көрсетіледі.

3-бөлім. «Операциялар туралы ақпарат».

      3.1 «Операцияның нөмірі» деген деректемеде операцияның ҚМ-1 нысанын беретін қаржы мониторингі субъектісінің ішкі тізілімінде тіркелген нөмірін көрсету қажет. Операцияның бірнеше нөмірлері болса, осы деректемеде барлығын үтір арқылы көрсету қажет.
      3.2 «Операция түрінің коды» деген деректемеде Қаржы мониторингіне жататын операциялар түрлерінің сандық кодтары анықтамалығына сәйкес операция түрінің сандық коды көрсетіледі. 1.5 деректемеде «1» мәні таңдалған кезде толтыру үшін міндетті түрдегі деректеме.
      3.3 «ТББЖ коды» деген деректеме Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы» қаулысының (нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 1011 сәйкес тіркелеген) сәйкес толтырылады:
      «1. Коды» – қаржы мониторингіне жататын операцияның ТББЖ коды көрсетіледі;
      «2. Белгілеу мүмкін емес» – ТББЖ коды белгілеу мүмкін болмаған жағдайда көрсетіледі.
      3.4 «Операцияға қатысушылар саны» деген деректемеде операцияға қатысушылардың саны қаржы мониторингі субьектісін қоспастан көрсетіледі. Осы деректемеде көрсетілген қатысушылардың саны қанша болуына қарай 4 «Қаржы мониторингіне жататын операцияға қатысушылар туралы мәліметтер» бөлімі сонша рет жеке әрбір қатысушыға толтырылады.
      3.5 «Операция валютасының коды» деген деректемеде Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 20 мамырдағы № 219 Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау ережелеріне «Кедендік ресімдеу мақсаттары үшін пайдаланылатын валюталардың жіктеушісі» 10-қосымшасына сәйкес операцияға қатысушының резидеттілігі (нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 2355 сәйкес тіркелеген) көрсетіледі.
      3.6 «Операцияның оны өткізу валютасындағы сомасы» деген деректемеде Операцияның оны өткізу валютасындағы сомасы көрсетіледі. Сома жақшаның ішінде таратып жазылсын.
      3.7 «Операцияның теңгедегі сомасы» деген деректемеде операцияның сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің операция жасалған күнге нарықтық бағамы бойынша теңгелік баламада көрсетіледі. Деректеме операция шетел валютасында жүргізілген жағдайда ғана толтырылады. Сома жақшаның ішінде таратып жазылсын.
      3.8 «Операцияны жасаудың негіздемесі» деген деректемеде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен, мысалы, автомобильді лизингке беру келісімшарты, операцияны жасаудың негіздемелері туралы деректер көрсетіледі.
      3.9 «Операцияны жүзеге асыруға негіз болған құжаттың күні мен нөмірі» деген деректеме сол құжат болған кезде толтырылады, операцияны жүзеге асыруға негіз болған құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі. Хабар беру күні сандық пішінде жылы (төрт белгі)/күні (екі белгі)/айы (екі белгі) көрсетіледі.
      3.10 «Операцияның күдіктілік белгісінің 1-коды» деген деректемеде Қаржылық операцияның күдіктілік белгілері кодтарының анықтамалығына сәйкес қаржылық операцияның 1-күдіктілік белгісінің сандық коды көрсетіледі. Деректеме 1.5 деректемесінің 2 және 3-тармағы көрсетілген жағдайда толтыру үшін міндетті.
      3.11 «Операцияның күдіктілік белгісінің 2-коды» деген деректемеде Қаржылық операцияның күдіктілік белгілері кодтарының анықтамалығына сәйкес қаржылық операцияның 2-күдіктілік белгісінің сандық коды көрсетіледі. Жол, ішкі бақылау шараларын іске асыру нәтижесінде қаржылық операцияның екінші күдіктілік белгісі айқындалған жағдайда толтырылады. Деректеме операция күдіктілігінің қосымша белгісін көрсету қажет болған кезде толтырылады.
      3.12 «Операцияның күдіктілігі белгісінің 3-ші коды» деген деректемеде Қаржылық операцияның күдіктілік белгілері кодтарының анықтамалығына сәйкес қаржылық операцияның 3-күдіктілік белгісінің сандық коды көрсетіледі. Жол, ішкі бақылау шараларын іске асыру нәтижесінде қаржылық операцияның үшінші күдіктілік белгісі айқындалған жағдайда толтырылады. Деректеме операция күдіктілігінің қосымша белгісін көрсету қажет болған кезде толтырылады.
      3.13 «Операцияны күдікті ретінде жіктеуде туындаған қиыншылықтарды сипаттау» деген деректемеде қиындық тудырған операцияларды күдікті деп сипаттау қажет.
      3.14. «Операция жөнінде қосымша ақпарат» деген деректемеде ішкі бақылауды іске асыру кезінде оған қатысты, оның заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылғаны туралы күдік туындаған операциялар жөніндегі ақпарат көрсетіледі.
      Орнын ауыстыратын хабар ұсынылған жағдайда бұл деректемеде түзетілген деректемелер, мысалы, операцияның сомасы өзгертілген немесе төлемді тағайындау көрсетіледі.

4-бөлім «Қаржы мониторингіне жататын операцияларда қатысушылар туралы мәліметтер».

      4.1 «Қатысушы» деген деректемеде ұсынылған алты адамнан: операция бойынша төлеуші, операция бойынша алушы, төлеушінің өкілі, алушының өкілі, атынан және тапсырмасы бойынша және пайда табушы операцияда қатысушы көрсетіледі.
      4.2 «Қаржы мониторингі субъектісінің клиенті» деректемесінің келесі мағыналары бар:
      «1. Болып табылмайды» – клиент ҚМ-1 нысанын жолдаған қаржы мониторингі субъектісінің клиенті болып табылмаған жағдайда көрсетіледі;
      «2. Болып табылады» – клиент ҚМ-1 нысанын жолдаған қаржы мониторингі субъектісінің клиенті болып табылған жағдайда көрсетіледі.
      4.3 «Қатысушының түрі» деген деректемеде Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар қатысушылары түрлерінің кодтары анықтамалығына сәйкес операция қатысушысының түрі көрсетіледі. Егер операция қатысушының түрі «Делдал–банк» болса, онда 4.7 деректемесінде делдал–банк әрқашанда корреспондент - банк бола бермейтініне көңіл аудару қажеттігін атап айту қажет.
      Сондай-ақ «Алушы–банк» операциясына қатысушының түрі егер түпкілікті алушы (бенефициар) мәлім болмаған жағдайда көрсетіледі.
      4.4 «Резиденттік» деген деректемеде Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 20 мамырдағы № 219 Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау ережелеріне «Әлем елдерінің жіктемесінің» 6-қосымшасына сәйкес операцияға қатысушының резидеттілігі (нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 2355 сәйкес тіркелеген) көрсетіледі.
      4.5 «Операция қатысушысының түрі» қаржы мониторингіне жататын деректеменің тиісті операция қатысушысының түрі көрсетіледі.
      4.6 «Шетелдік жария лауазымды тұлға» деген деректеменің келесідей мағынасы бар:
      «1. Болып табылмайды»;
      «2. Болып табылады» – 4.25 деректемесіне қосымша толық сипаттамасы көрсетіледі;
      «3. Шетелдік жария лауазымды тұлғамен аффилиирленген тұлға» – 4.25 деректемесіне қосымша толық сипаттамасы көрсетіледі.
      4.7 «Операция қатысушысының банкі» деген деректеменің келесідей мағынасы бар:
      «1. Қатысушы шотының нөмірі» – мысалы IBAN көрсетіледі;
      «2. Банктің/филиалдың атауы» – банктің немесе филиалдың толық атауы көрсетіледі;
      «3. Банктің/филиалдың коды» – мысалы резиденттер үшін БИК және резиденттер емес үшін SWIFT BIC (немесе non-SWIFT BIC) көрсетіледі.
      «4. Банктің/филиалдың орналасқан елі» – 4.4 деректемесінде көрсетілген анықтамалығына сәйкес көрсетіледі;
      «5. Операцияға қатысушылардың корреспонденттік шоттары туралы мәліметтер» – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 қарашадағы № 428 «Банктердің арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесiн бекiту туралы» қаулысына (нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 1351 сәйкес тіркелеген) сәйкес көрсетіледі.
      4.8 «Операция қатысушысының атауы» деген деректеменің келесі мағынасы бар:
      «1. Атауы» – құрылтайшы құжаттарға сәйкес операцияға қатысушының толық атауы көрсетіледі;
      «2. Белгілеу мүмкін емес» – операцияға қатысушының атауын белгілеу мүмкін болмаған жағдайда көрсетіледі.
      4.5 деректемесінде 1-тармақты көрсеткен жағдайда толтыру үшін деректеме міндетті.
      4.9 «Қатысушының құрылтайшылары» деген деректемеде 4.5 деректемесінде 1-тармақты көрсеткен жағдайда операцияға қатысушының 10 пайыздан кем емес бөлігі бар барлық құрылтайшылары жөнінде мәліметтер көрсетіледі:
      «1. Атауы/А.Ә.Т.» – операция қатысушы құрылтайшыларының атау немесе аты, әкесінің аты (бар болса), тегі көрсетіледі;
      «2. Резиденттілігі» – 4.4 деректемесінде көрсетілген анықтамалығына сәйкес көрсетіледі.
      4.5 деректемесінде 1-тармақты көрсеткен жағдайда толтыру үшін деректеме міндетті.
      4.10 «Бірінші басшының А.Ә.Т.» деген деректемеде операцияда қатысушы заңды тұлғаның бірінші басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі 4.5 деректемесінде 1-тармақты көрсеткен жағдайда көрсетіледі. 4.2 деректемесінде 2-тармақты толтырған жағдайда толтыру үшін деректеме міндетті.
      4.11 «СТН» деген деректемеде операцияда қатысушының салық төлеушінің тіркеу нөмірі 4.2 деректемесінде 2-тармақты толтырған жағдайда көрсетіледі.
      4.12 «ЭҚЖЖ» деген деректемеде Қазақстан Республикасы Сауда және индустрия министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші» бұйрығына сәйкес операцияға қатысушының ЭҚЖЖ коды 4.5 деректемесінде 1-тармақты толтырған жағдайда көрсетіледі. 4.2 деректемесінде 2-тармақты толтырған жағдайда толтыру үшін деректеме міндетті.
      4.13 «ЖСН/БСН» деген деректемеде операцияда қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
      4.14 «А.Ә.Т.» деген деректеменің келесідей мағынасы бар:
      1 – А.Ә.Т: - жеке тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі көрсетіледі;
      2 – Белгілеу мүмкін емес – егер операцияда қатысушының тұлғасын белгілеу мүмкін болмаған жағдайда көрсетіледі.
      4.15 «Адамның жеке басын куәландыратын құжат» деген деректемеде Адамның жеке басын куәландыратын құжаттар түрлерінің кодтары анықтамалығына сәйкес, операцияда қатысушының жеке басын куәландыратын құжат түрінің сандық коды 4.5 деректемесінде 2 немесе 3-тармақтарын толтырған жағдайда көрсетіледі. 4.2 деректемесінде 2-тармақты көрсеткен жағдайда толтыру үшін деректеме міндетті.
      4.16 «Адамның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы» деген деректемеде операцияға қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы 4.5 деректемесінде 2 немесе 3-тармақтарын толтырған жағдайда көрсетіледі. 4.2 деректемесінде 2-тармақты көрсеткен жағдайда толтыру үшін деректеме міндетті.
      4.17 «Адамның жеке басын куәландыратын құжатты кім берген» деген деректемеде операцияға қатысушының жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы 4.5 деректемесінде 2 немесе 3-тармақтарын толтырған жағдайда көрсетіледі. 4.2 деректемесінде 2-тармақты көрсеткен жағдайда толтыру үшін деректеме міндетті.
      4.18 «Адамның жеке басын куәландыратын құжат қашан берілген» деген деректемеде операцияға қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні сандық пішінде жылы (төрт белгі)/күні (екі белгі)/айы (екі белгі) көрсетіледі) пішінінде 4.5 деректемесінде 2 немесе 3-тармақтарын көрсеткен жағдайда көрсетіледі.
      4.19 «Туылған күні» деген деректемеде операцияға қатысушысының туылған күні жылы (төрт белгі)/күні (екі белгі)/айы (екі белгі) көрсетіледі пішінінде 4.5 деректемесінде 2 немесе 3-тармақтарын көрсеткен жағдайда көрсетіледі.
      4.20 «Туылған жері» деген деректемеде операцияға қатысушысының туылған жері 4.5 деректемесінде 2 немесе 3-тармақтарын көрсеткен жағдайда көрсетіледі. 4.2 деректемесінде 2-тармақты көрсеткен жағдайда толтыру үшін деректеме міндетті.
      4.21 «Заңды мекен-жайы» деген деректемеде заңды тұлғалар үшін заңды мекен-жайы, жеке тұлғалар үшін тіркелген мекен-жайы облыс, район, елді мекен (қала, кент және т.б.), көшенің/даңғылдың/шағын ауданның атауы, үйдің №, пәтердің/кеңсенің № (бар болса) пішімінде көрсетіледі.
      4.22 «Телефон нөмірі» деген деректемеде операцияға қатысушының телефон нөмірі + елдің коды/қаланың коды/телефон нөмірі/ішкі телефон нөмірі (бар болса) пішімінде көрсетіледі.
      4.23 «Электрондық почта» деген деректемеде операцияға қатысушының Интернетте тіркелген электрондық поштасының мекен-жайы көрсетіледі.
      4.24 «Нақты мекен-жайы» деген деректемеде заңды тұлғалар үшін орналасқан жері, жеке тұлғалар үшін тіркелген мекен-жайы облыс, район, елді мекен (қала, кент және т.б.), көшенің/даңғылдың/шағын ауданның атауы, үйдің №, пәтердің/кеңсенің № (бар болса) пішімінде көрсетіледі.
      4.25 «Операция қатысушысы туралы қосымша ақпарат» бөлімі: деген деректемеде ішкі бақылау бағдарламаларын іске асыру кезінде оған қатысты, оның заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді қаржыландыруға қатысы туралы күдік туындаған операция қатысушыларына қатысты түсіндірмелер көрсетіледі.

Қаржы мониторингі субъектілерінің
қаржы мониторингіне жататын  
операциялар туралы мәліметтер 
мен ақпараттарды беру ережесіне
2–қосымша           

Нысан

ҚМ-1 нысанын қабылдау (қабылдамау) туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті

____________________________________________________________________
              (қаржы мониторингі субъектісінің атауы)
«___» ______________ ҚМ-1 нысанын ______________ туралы хабарлайды.
Қабылдамау себебі (тек ҚМ-1 нысанын қабылдамаған жағдайда ғана көрсетіледі)
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Осыған байланысты ___________________________________________________
                         (қаржы мониторингі субъектісінің атауы)

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетіне ұсынылған ақпараттың бұрмаланған түрде немесе көлемі толық емес жіберілу себептерін жоюы.
      Қаржы мониторингі субъектісі осы Хабарламаны алған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті қабылдамаған қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы хабарды түзетіп, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің _________________ бұйрығымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттарды беру ережесіне сәйкес қайта ұсынуы тиіс.
____________________________   ______________   __________________
(лауазымды тұлғаның атауы)        (қолы)      (қолды таратып жазу)

Қаржы мониторингі субъектілерінің
қаржы мониторингіне жататын  
операциялар туралы мәліметтер мен
ақпараттарды беру ережесіне  
3–қосымша          

Нысан

Қаржы мониторингіне жататын операциялар жөнінде қосымша ақпаратты ұсынуға сұрату

      «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңының 17-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті ____ жұмыс күні ішінде қаржы мониторингіне жататын операциялар жөнінде мынадай ақпаратты беруді сұрайды:
1. _______________________;
2. _______________________.
____________________________ _______________    __________________
(лауазымды тұлғаның атауы)      (қолы)        (қолды таратып жазу)

Байланыс телефоны:

Қаржы мониторингі субъектілерінің
қаржы мониторингіне жататын  
операциялар туралы мәліметтер мен
ақпараттарды беру ережесіне  
4–қосымша           

Қаржы мониторингі субъект түрлерінің кодтарының анықтамалығы

Коды

Атауы

01

Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар

02

Биржалар

03

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлерi

04

Жинақтаушы зейнетақы қорлары

05

Бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушылары, орталық депозитарий

06

Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен нотариаттық іс-қимылды жүзеге асыратын нотариустар

07

Адвокаттар, заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар - мынадай қызметтерге:
- Жылжымайтын мүлікті сатып алуға және сатуға;
- Клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе өзге мүлкін басқаруға;
- Банктік шоттарды немесе бағалы қағаздар шоттарын басқаруға;
- Компанияларды құру, олардың жұмыс істеуін немесе оларды басқаруды қамтамасыз ету үшін қаражат жинақтауға;
- Заңды тұлғаларды не құралымдарды құруға, олардың жұмыс істеуіне немесе оларды басқаруға және кәсіпорындарды сатып алуға-сатуға қатысты клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысқан кездегі жағдайларда

08

Аудиторлық ұйымдар

09

Ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушылар

10

Ақша аударымы қызметін көрсететін почта операторлары жатады

Қаржы мониторингі субъектілерінің
қаржы мониторингіне жататын  
операциялар туралы мәліметтер мен
ақпараттарды беру ережесіне  
5–қосымша             

Тұлғаны куәландыратын құжаттар түрінің коды анықтамалығына сәйкес

Коды

Атауы


Жеке тұлғаны куәландыратын құжаттар

01

Жеке куәлік

02

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты

03

Шетел мемлекетті азаматының паспорты

04

Қазақстан Республикасында шетелдік азаматына мекендеп тұруға қатысты рұқсат

05

Азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігі

Қаржы мониторингі субъектілерінің
қаржы мониторингіне жататын  
операциялар туралы мәліметтер мен
ақпараттарды беру ережесіне  
6–қосымша          

Қаржы мониторингіне жататын операцияларының кодтар анықтамасы

Коды

Атауы

01

бәс тігу, ойын мекемелеріндегі құмар ойындар, сондай-ақ лотерея өткізу нәтижелері бойынша ұтысты, оның ішінде электронды нысанда алу

02

қолма-қол шетел валютасын айырбастау пункттері арқылы сатып алу, сату және айырбастау

03

бiржолғы операция ретiнде чек немесе вексель бойынша ақша алу, сонымен бірге қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция

04

бiржолғы операция ретiнде құны бiр банкнотты құны басқа банкнотқа айырбастау, сонымен бірге қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция

05

бiржолғы операция ретiнде ақшаны клиенттiң банктік есепшотынан алу немесе банктік есепшотына салу, сонымен бірге қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция

06

бiржолғы операция ретiнде оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке немесе заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына есептеуді немесе аударуды жүзеге асыруы не көрсетiлген санаттағы тұлғалардың пайдасына клиенттiң ақшаны аударуы, сонымен бірге қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция

07

бiржолғы операция ретiнде жасырын иеленушiге арнап ашылған шетелдегi есепшоттарға (салымдарға) ақшаны аудару; жасырын иеленушiге арнап ашылған шетелдегi есепшоттан (салымнан) ақшаның түсуi, сонымен бірге қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция

08

бiржолғы операция ретiнде үшiншi тұлғаның пайдасына жинақ есепшотын (салымын) ашу және (немесе) мұндай есепшотқа ақшаны енгiзу, сонымен бірге қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция

09

өтеусiз негiзде басқа тұлғаның пайдасына клиент жүзеге асыратын төлемдер мен ақша аударымдары

10

мәдени құндылықтарды сатып алу (сату), Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету

11

мемлекеттiк тiркеу сәтiнен бастап үш айдан аз уақыт өткен заңды тұлғалардың жасаған операциялары

12

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктері мен Ұлттық почта операторы жүзеге асыратын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, қолма-қол валютаны Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету

13

сақтандыру төлемiн жүзеге асыру немесе сақтандыру сыйақысын алу

14

жинақтаушы зейнетақы қорларына еріктi зейнетақы жарналарын енгізу, аудару, сондай-ақ еріктi зейнетақы жарналарының есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру

15

қаржы лизингiнiң шарты бойынша мүлiктi алу немесе ұсыну

16

қызмет көрсету, оның ішiнде мердiгерлiк, тасымалдау, көлiк экспедициясы, сақтау, комиссиялар, мүлiктi сенiмгерлiк басқару жөніндегі мәмілелер

17

қымбат металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды сатып алу-сату және олармен өзге де операцияларды жүргізу

18

мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымайтын және өзге де мүлiкпен жасалатын мәмiлелер

19

бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер жатады

20

қаржы мониторингіне жататын операция, Заңның 4-бабының 2-тармағында көрсетілген операцияларды қоспағанда

Қаржы мониторингі субъектілерінің
қаржы мониторингіне жататын 
операциялар туралы мәліметтер мен
ақпараттарды беру ережесіне 
7–қосымша           

Күдікті операциялардың белгілері кодтарының анықтамалығы

Операцияның күдіктілік белгілері

1. Айқын экономикалық мәні жоқ мәміле жасасу

1.1

Нарықтың осы сегментінде жалпыға бірдей белгіленген мөлшерден айтарлықтай жоғары мәміледен қаржы және өзге де қызметтер үшін төлемдер, комиссиялар

1.2

Оның шаруашылық қызметінің сипатымен шартталмаған жағдайларда ақшалай қаражатты қолма қол нысанда заңды тұлғаның шотынан алу немесе есепшотына салу

1.3

Айқын экономикалық мәні жоқ үшінші тұлғаның пайдасына депозитке төлемдер, аударымдар немесе ақшалай қаражат есептеуді жүзеге асыру

1.4

Бағалы қағаздар нарығында қор биржаларының немесе өзге сауда ұйымдастырушылардың сауда-саттығында бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу, олардың нәтижесінде бұл бағалы қағаздардың иеленушілері өзгермейді

1.5

Осындай мәмілелер бойынша ағымдағы нарықтық бағадан едәуір ауытқитын бағалар бойынша бағалы қағаздарды сатып алуға және сатуға тапсырмаларды бір мезгілде қою

1.6

Осындай мәмілелер бойынша ағымдағы нарықтық бағадан едәуір ауытқитын бағалар бойынша бағалы қағаздарды сатып алу (сату) туралы екі немесе бірнеше сауда-саттыққа қатысушылардың немесе олардың өкілдерінің келісімі

1.7

Инвесторларды жариялы орналастырылатын және (немесе) жария айналымдағы бағалы қағаздарды сатуға немесе сатып алуға түрткі болуға мақсатында жалған немесе дұрыс емес ақпарат тарату

1.8

Клиент бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы болмайтын, және (немесе) бағалы қағаздар клиент алдында контрагенттің қарызын өтеуге клиентке берілген жағдайда бағасы нарықтағыдан тым өзгеше бағалы қағаздар тәртіпті нарығында айналыспайтын және қаржылық қызмет бойынша клиенттің бағалы қағаздардың көлемді санын бір реттік сату (сатып алу)

1.9

Бағалы қағаздардың табысы тәртіпті бағалы қағаздар нарығында айналысатын өтімділігі жоғары бағалы қағаздарды сатып алуға бағытталған (тәртіпті бағалы қағаздар нарығында айналысатын бағалы қағаздарды сатып алуға мәлімдемені қанағаттандырған мерзімде анықталады) тәртіпті бағалы қағаздар нарығында айналыспайтын және баға белгілеуі жоқ бағалы қағаздарды сатып, кейін сатып жіберу бойынша үнемі қаржы операциялар

1.10

Айқын экономикалық мәні жоқ үшінші тұлғаның пайдасына мүлік немесе өзге материалдық құндылықтар сатып алу

1.11

Оның қызметінің негізгі бейініне және оның нақты қажеттіліктеріне сәйкес келмейтін тұлғаларға тауарлар мен қызметтер үшін ақшалай қаражат төлемдері немесе түсімдері

1.12

Клиенттің, импорт бойынша тауарларды және (немесе) қызметтерді бермеген жағдайда тауарлардың экспортынан валюталық пайданы және (немесе) аванстық төлемдерді қайтару үшін шарттың талаптары мен Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарында көзделген шараларды уақтылы қабылдамауы

1.13

Қызмет көрсетудің неғұрлым тиімді шарттарын елемеу, сондай-ақ әдеттегідей емес, өте жоғары комиссия ұсыну және (немесе) іс тәжірибесінде қалыптасқан әдеттегіден өзгеше комиссия ұсыну

1.14

Мәміленің осы ұйымның жарғылық құжатында белгіленген, ұйымның қызметіне сәйкес келмеуі

1.15

Тұлғаның басқа жеке және (немесе) заңды тұлғаға пайызсыз қарыз беруі, сондай-ақ дәл осындай қарызды алуы

1.16

Қаржылық жалға беру (лизинг) шарты бойынша шарттың тиімсіз, экономикалық орынсыз талаптары бойынша мүлік алу және (немесе) беру

1.17

Мынадай объективті: білікті қызметшілердің; машиналар мен жабдықтардың; айналым қаражатының; материалдық қорлардың болмауы және т.б. себептерге байланысты қаражат төлеуші немесе алушы көрсете алмайтын қызметтер үшін түсімдер немесе төлемдер.

1.18

Әдеттегі іс тәжірибесінен өзгеше есеп айырысуларды жүргізу тәртібі бойынша стандарттық емес немесе әдеттегідей емес күрделі нұсқаулықтардың болуы

1.19

Клиенттің жоғары тәуекелді қаржылық операциялардың жүйелі жүргізуі, олардың нәтижесінде клиенттің үздіксіз табысы не шығыны

1.20

Оның қызметінің негізгі бейініне әдеттегі есеп айырысу нысаны қолма-қолсыз болғанда, клиенттің шотына түсіп отыратын қолма-қол ақша қаражаты бөлігінің едәуір ұлғаюы

1.21

Тауарлардың не ақша қаражатының қабылдап алушысы (жұмыс, қызмет, парасат әрекетінің нәтижесі) келісім бойынша резидентпен тауарларды (жұмыс, қызмет, қорғалатын ақпарат, парасат әрекеті нәтижесіне айырықша құқығы, мүлікті жалға) импортау (экспортау) көздейтін жағы болмайтын резидент емес болып табылады

1.22

Осы операцияның (мәміленің) айқын экономикалық мәні жоқ деуге негіз туындаған ақшамен және (немесе) мүлікпен операция (мәміле)

2. Заңмен көрсетілген қаржы мониторингі рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-қимыл жасау

2.1

Клиенттің жоғалған не ұрланған жеке басын куәландыратын құжаттары бойынша операция жүргізу әрекеті

2.2

Клиенттің тексеруге мүмкін емес немесе сондай тексеру тым қымбат болып табылатын күдіктілікті туғызатын ақпаратты ұсынылуы, сонымен қатар операцияға қатысушымен клиенттің белгіленген мекен-жайы мен телефондары бойынша хабарласудың мүмкін емес жағдайда.

2.3

Осы қызмет оның кәсіби қызметінің аясына енетін жағдайларды қоспағанда, қымбат металдар мен асыл тастарды, зергерлік бұйымдарды, қымбат металдар сынығын жаппай сатып алу-сату

2.4

Клиенттің қосымша мәліметтерді беруден себепсіз бас тартуы (нормативтік құқықтық құжаттарда белгіленгендерден басқа), бірақ қалыптасқан тәжірибеге сәйкес сұралған, оның ішінде өзінің сенім білдірушісі туралы (клиент заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның өкілі ретінде білдірілген жағдайда), сондай-ақ жүргізіліп жатқан операцияға қатысты клиенттің құпиялылық мәселесіне шектен тыс қамқорлығы

2.5

Клиенттің тек жойылған терминалдан өз бетімен жұмыс істеуге деген айнымас талап-тілегі

2.6

Клиенттің жүргізілетін операция жөнінде жасырындылығы мәселесі бойынша тым қам істеушілігі

2.7

Ақша аударымы немесе ақша аударымын алуға құжаттарды операция кезінде қатысып отырған үшінші тұлғаның және (немесе) тұлғалардың айтып жаздыруымен (жалпы жетекшілігімен) толтыру

2.8

Клиенттің айнымас талап-тілегі бойынша операцияны жүргізуде негізсіз асығушылық

2.9

Қысқа мерзім аралығында бір емес рет клиенттің ұқсас қаржылық операцияларды жүргізу сомасы асатын қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар, бірақ қосу нәтижесінде белгілеген соманы асатын болады (клиенттің қызметі міндетті немесе өз еркімен төленетін төлемдер, тұрғындарға қызмет көрсетумен байланыссыз болған жағдайда)

2.10

Клиенттің жүзеге асыратын ұқсас қаржы операциялар сомаларды негізсіз бөлшектеу

2.11

Осы клиент үшін 6 ай ішінді шотты пайдаланып қаржы операциялар маңызды емес, не жүргізілмей, клиенттің (жеке тұлғалардан басқа) қаржы операцияларды жүргізілуі

2.12

Клиенттің алдында келісілген қаржы операция схемасына, оның жүзеге асырылудың басталар алдында, әсіресе ақша немесе басқа мүліктің қозғалысының бағытына қатысты маңызды өзгерістерді еңгізуі

2.13

Осы операция Заңмен көзделген қаржы мониторингі рәсімдерінен жалтаруға бағытталған деуге негіз туындаған ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция (мәміле)

3. Осы операция терроризмді және (немесе) экстремизмді қаржыландыруға бағытталған деп ұйғаруға негіздері бар операцияны жасау

3.1

Бір тараптан тікелей немесе жанама, өзге тұлғалар арқылы Қазақстан Республикасының құқық қорғау және сот органдарының деректеріне және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасында террористік және (немесе) экстремистік қызметте қатысумен байланысты деп танылған тұлғалардың Тізбесіне сәйкес енгізілген тұлғалар және (немесе) ұйымдар болып табылатын операция (мәміле) және (немесе) бірқатар байланысқан операциялар

3.2

Бір тараптан заңды тұлға, құрылтайшылардың (меншік иелері) құрамына Қазақстан Республикасының құқық қорғау және сот органдарының деректеріне және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасында террористік және (немесе) экстремистік қызметте қатысумен байланысты деп танылған тұлғалардың Тізбесіне сәйкес енгізілген тұлғалар және/немесе ұйымдар кірген операция (мәміле) және (немесе) бірқатар байланысқан операциялар

3.3

Осы операция терроризмді және (немесе) экстремизмді қаржыландыруға бағытталған деуге негіз туындаған ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция (мәміле)

Қаржы мониторингі субъектілерінің
қаржы мониторингіне жататын 
операциялар туралы мәліметтер мен
ақпараттарды беру ережесіне 
8–қосымша          

Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар қатысушылары түрлерінің кодтары анықтамалығы

Коды

Атауы

01

Сатушы

02

Сатып алушы


03

Жеткізуші

04

Өндіруші


05

Сыйлық беруші

06

Сыйлық алушы


07

Рента алушы

08

Рента төлеуші

09

Жалға беруші

10

Жалға алушы


11

Лизинг беруші

12

Лизинг алушы


13

Жалға беруші

14

Жалдаушы


15

Несие беруші

16

Несие алушы


17

Тапсырыс беруші

18

Мердігер

19

Жобалаушы

20

Іздестіруші

21

Орындаушы


22

Жөнелтуші (көлік қызметі)

23

Тасымалдаушы

24

Алушы (көлік қызметі)

25

Экспедитор


26

Бенефициар – ақша аударымын жасау кезінде, сондай-ақ ақша аудармай-ақ жүзеге асырылатын қолма-қол ақшасыз төлем жасау кезінде ақшаны алушы ретінде тапсырмада не талапта көрсетілген тұлға (ұйым)

27

Бенефициар банк - жөнелтушi жасаған шарттың талаптарына және (немесе) жөнелтушiнiң нұсқауына сәйкес бенефициардың пайдасына түсетiн ақшаны қабылдауға және (немесе) нұсқауда не жөнелтушi жасаған шартта көзделген өзге де iс-қимылдарды орындауға тиiс банк

28

Делдал банк – ақша аударымына қатысушы, жөнелтушiнiң банкi және бенефициар банкi болып табылмайтын кез келген банк

29

Алушы банк – ақша аударымы не ақша төлемі туралы нұсқау жiберiлетiн банк


30

Қарыз беруші

31

Қарыз алушы

32

Кредит беруші

33

Қаржы агенті

34

Салымшы


35

Эмитент

36

Иеленуші

37

Принципал


38

Кепілзат беруші

39

Кепілзат ұстаушы


40

Сақтаушы

41

Жүк беруші


42

Сақтандырушы

43

Сақтанушы

44

Сақтандырылған


45

Сенімгер

46

Сенім білдірілген адам


47

Комитент

48

Комиссионер


49

Басқарма құрылтайшысы

50

Сенімгерлік басқарушы


51

Құқық иеленуші

52

Пайдаланушы


53

Лотереяны, тотализаторды ұйымдастырушы

54

Лотерея, тотализатор қатысушысы


55

Лицензиат

56

Патент иесі


57

Өзге қатысушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады