Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2010 жылғы 12 ақпандағы N 26 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 24 ақпандағы N 98 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 5 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6112 болып енгізілді. 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады

       Ескерту. Осы бұйрық 2011.01.01 дейін қолданылады (5-т.).

       «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.И.Бөрібаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және ақпарат министрі   Экономика және бюджеттік
      ____________ М. Құл-Мұхаммед     жоспарлау министрі
                                       ______________ Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы     
Мәдениет және ақпарат министрінің
2010 жылғы 12 ақпандағы № 26  
және Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік    
жоспарлау министрінің     
2010 жылғы 24 ақпандағы № 98  
бірлескен бұйрығымен бекітілді 

Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау

      1. Қазақстан Республикасы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – критерийлер) Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 38-бабын және «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңын орындау мақсатында халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін (бұдан әрі – тарих және мәдениет ескерткіштері) пайдалануды және күтіп ұстау тәртібіне тексеру жүргізу үшін әзірленді.
      2. Осы критерийлерде мынандай ұғымдар қолданылады:
      1) тәуекел – салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, тарих және мәдениет ескерткіштеріне жеке және заңды тұлғалардың зиян келтіру ықтималдығы, меншік иелерінің (пайдаланушылардың) мемлекет қорғауындағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шара қолданбауы;
      2) тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері – тарих және мәдениет ескерткіштерін әртүрлі тәуекелдер дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін, тарих және мәдениет ескерткіштерінің жағдайына тікелей байланысты сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
      3) тарих және мәдениет ескерткіштері – тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген, халықтың өткен тарихымен, қоғам мен мемлекеттің дамуымен байланысты, адам жасаған немесе адам мен табиғаттың бірлескен туындысы болып табылатын жекелеген кесендер, ғимараттар, құрылыстар мен ансамбльдер, тарихи-мәдени ландшафттар және басқа да көрікті жерлер.
      3. Тәуекел дәрежесіне байланысты тарих және мәдениет ескерткіштері жоғары, орташа немесе төменгі тәуекел топтарына жатқызылады.
      4. Бастапқыда барлық тарих және мәдениет ескерткіштері төменгі тәуекел дәрежесіндегі топқа жатқызылады.
      5. Бұдан әрі критерийлер бойынша жинаған баллдарды есепке ала отырып, тексеруден өткен тарих және мәдениет ескерткіштері тексерулер нәтижелері бойынша тиісті тәуекел топтарына қайта бөлінеді:
      1) тәуекел дәрежесінің төменгі тобына тексеру нәтижесі бойынша 1-ден 4-ке дейін балл жинаған тарих және мәдениет ескерткіштері жатады;
      2) тәуекел дәрежесінің орташа тобына тексеру нәтижесі бойынша 5-тен 20-ға дейін балл жинаған тарих және мәдениет ескерткіштері жатады;
      3) тәуекел дәрежесінің жоғарғы тобына тексеру нәтижесі бойынша 20 және одан да жоғары балл жинаған тарих және мәдениет ескерткіштері жатады.
      6. Тәуекел деңгейлерін бағалау критерийлері мыналар болып табылады:
      тарих және мәдениет ескерткішінде қорғау тақтасының болмауы – 1 балл;
      мемлекеттік органның тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру туралы шешімінің болмауы – 1 балл;
      тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемесінің болмауы – 1 балл;
      тарих және мәдениет ескерткіштерінің паспортының болмауы – 1 балл;
      қалпына келтіруге болатын зақымдану немесе тарихи, сәулеттік-көркемдік бейнесінің өзгеруі – 5 балл;
      тарих және мәдениет объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының болмауы – 5 балл;
      қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғи ландшафт аймағының шекарасында қандай да бір жұмыстың жүргізілуі – 5 балл;
      тарих және мәдениет ескерткіштерін жою, тағылық актілер, жалған дәріптеу, өңін айналдыру, бұрмалау, орынсыз өзгерістер енгізу, тарихи түпмәтіннен үзіп тастау – 20 балл;
      тарих және мәдениет ескерткіштерін немесе оның бөліктерін әкету – 20 балл;
      қалпына келтіруге болмайтын зақымдаулар немесе тарих және мәдениет ескерткіштерінің тарихи, сәулеттік-көркемдік бейнесінің өзгеруі – 20 балл;
      тиісті лицензиясыз ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу – 20 балл;
      тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтауды қамтамасыз ету бойынша меншік иесі тарапынан шара қабылданбауы – 20 балл;
      тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуына қауіп төндіретін жұмыстың барлық түрін жүргізу – 20 балл.
      7. Жиналған баллдардың неғұрлым көп сомасы бір деңгейдегі тәуекел дәрежесіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін тексерулерді басымды жоспарлаудың негізі болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады