Табиғат пайдаланушылардың тексеру жөніндегі тексеріс парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010 жылғы 23 ақпандағы N 47-ө және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 25 ақпандағы N 104 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылы 11 наурызда N 6121 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрiнiң 2011.08.31 № 232-ө және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінiң м.а. 2011.09.16 № 293 бiрлескен Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрiнiң 2011.08.31 № 232-ө және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінiң м.а. 2011.09.16 № 293 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бiрлескен Бұйрығымен.

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабы 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Табиғат пайдаланушыларды тексеру жөніндегі-тексеріс парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (С.Х. Мұташев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен соң оны ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі М.А. Тұрмағамбетовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми түрде жарияланғаннан кейiн он күнтізбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы            Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны                   Экономика және бюджеттік
      қорғау министрі                   жоспарлау министрі
      ____________Н. Әшімов             _____________Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы   
Қоршаған ортаны қорғау   
министрінің 2010 жылғы   
23 ақпандағы № 47-ө және 
Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік 
жоспарлау министрінің    
2010 жылғы 25 ақпандағы  
№ 104 бірлескен бұйрығымен
бекітілді        

Нысан

Табиғат пайдаланушыларды тексеру жөніндегі тексеріс парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган,_____________________
______________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акті _____________________________
                                            (№, күні)
Табиғат пайдаланушының атауы _________________________________
______________________________________________________________
СТН (ЖСН, БСН) _______________________________________________
Мекенжайы ____________________________________________________
______________________________________________________________

р/с №

Талаптар

Қажеттілігі жөнінде белгі (иә/жоқ)

Шаруашылық және өзге де қызмет субъектілеріне жалпы талаптар

1

мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыруға жобалардың бар болуы, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларында қамтылған талаптардың орындалуы


2

қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттардың бар болуы, рұқсатта көрсетілген шарттардың сақталуы


3

заңды тұлғаның теңгеріміндегі объектілер тізбесінің, салынып жатқан немесе қайта құрылып жатқан объектілер тізбесінің бар болуы, олар бойынша жобалық құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларының бар болуы


4

қоршаған ортаға эмиссиялар көздерінің тізбесі (оның ішінде ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған)


5

шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар үшін міндетті экологиялық сақтандыру шартының бар болуы


6

бұрын өткізілген тексерулер нәтижелері бойынша берілген нұсқамасының орындалуы


7

қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғат қорғау іс-шаралар жоспарының (техникалық параметрлер бойынша нақтылаумен: аз қалдықты технологияларды ендіру, жабдықты ауыстыру, торапты, цехті және тағы басқаларын қайта құру, тексеріс барысында технологиялық көрсеткіштермен расталған нәтижелердің тиімділігі, толықтығы және дұрыстығы), экологиялық бағдарламалардың бар болуы, олардың орындалуы


8

өндірістік экологиялық бақылаудың бар болуы


9

міндетті немесе бастамашылық экологиялық аудит өткізген кезде оның қорытындысы бойынша экологиялық аудит есебі


10

Салынған әкімшілік айыппұлдар мен талаптардың аударылған сомалары жөніндегі мәліметтерді, табиғат қорғау іс-шараларына аударылған қаражатты көрсететін құжаттар


11

қоршаған ортаны қорғау саласындағы зертханалық-талдау қызметінің бар болуы және олардың қызметінің нәтижелері немесе басқа мамандырылған аккредиттелген зертханалармен шарттардың бар болуы, олардың жұмыстарын талдау және нәтижелері


12

өндірістік қызмет пайдаланылатын шикізат пен материалдардың көлемі және атауы, бухгалтерлік есеп құжаттары бойынша


13

«Атмосфералық ауаны қорғау туралы (2-ТП ауа)», «Суды пайдалану туралы (2-ТП су шаруашылығы)», «Улы қалдықтардың түзілуі және жойылуы туралы (3-қауіпті қалдықтар)» статистикалық есептердің бар болуы


14

табиғат пайдаланушылармен экологиялық талаптардың сақталуын растайтын материалдар


Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасының экологиялық талаптарын сақтау, оның ішінде:

15

қоршаған ортаның ластану салдарларын жою бойынша шаралар жүргізу


16

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы экологиялық талаптарды сақтау, оның ішінде мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін қорғау, сақтау, молықтыру және пайдалану саласында


17

табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы экологиялық талаптарды сақтау


18

жерді жақсарту, жердің тозуын туындататын процестер салдарларының алдын алу және жою, топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу


19

Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдауды қамтамасыз ететін кәсіпорындарды, ғимараттарды және өзге де объектілерді салу және қайта құру кезінде экологиялық талаптарды сақтау


20

кәсіпорындарды, ғимараттарды және өзге де объектілерді пайдалануға енгізу және пайдалану кезінде экологиялық талаптарды сақтау


21

жердің бұзылуымен байланысты жұмыстарды жүргізу барысында топырақтың құнарлы қабатын алу, сақтау және пайдалану кезінде экологиялық талаптарды сақтау


22

пайдалы қазбалардың өнеркәсіптік қорларын өндіріп алу шамасына қарай немесе басқа да бұзылған процестер мен жұмыстардан босатылған жерлердің нысаналы мақсатына сай одан әрі пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру


23

қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық-келісім-шарттық талаптарды сақтау


24

жер қойнауын ластанудан, су басудан және кен орны мен басқа да қоршаған орта объектілерінің бүлінуіне әкеп соғатын техногендік процестерден сақтауды жүзеге асыру


25

жер қойнауын пайдалану объектілерін консервациялау мен жою кезінде экологиялық талаптарды сақтау


26

жер қойнауын пайдалану және минералдық шикізатты өңдеу кезінде экологиялық талаптарды сақтау


27

минералдық шикізатты өндіру мен өңдеу кезінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жобалық шешімдерді сақтау


28

жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде авариялық және өзге де қауіпті жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды орындау


29

мұнай операцияларын жүргізу кезінде экологиялық талаптарды сақтау


30

ілеспе және (немесе) табиғи газды өртеу кезінде экологиялық талаптарды сақтау


31

мұнай, газ және газ конденсатты кен орындарды барлау және бұрғылау кезінде экологиялық талаптарды сақтау


32

зиян заттарды, радиоактивті қалдықтарды көму және сарқынды сулардың жер қойнауына төгілуі кезінде экологиялық талаптарды сақтау


33

Қазақстан Республикасының құрылықтық қайраңында қалдықтар мен басқа да материалдарды көму, ұңғымаларды және жабдықтарды консервациялау мен бөлшектеу ережелерін сақтау


34

су сапасының нормативтерін сақтау


35

жер үсті және жер асты суларын пайдалану кезінде экологиялық талаптарды сақтау


36

су қорғау аймағы мен жолағында экологиялық талаптарды сақтау


37

атмосфералық ауаны қорғау, сондай-ақ, климатты және жердің озон қабатын қорғау мәселелері бойынша техникалық регламенттердің, нормативтерді, ережелерді және өзге де талаптарды сақтау


38

кәсіпорындарды пайдалануға беру, қалдықтарды қоймалау және өртеу барысында шаруашылық және өзге де қызмет кезінде атмосфералық ауаны қорғау бойынша талаптарды сақтау


39

елді мекендерді, кәсіпорындар мен басқа да объектілерді орналастыру, жобалау және салу, өндірістік процестерді жүзеге асыру және көлік құралдарын пайдалану, химиялық және өзге де заттарды қолдану кезінде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау ережелерін сақтау


40

қоршаған ортаның ластануының алдын алу бойынша экологиялық талаптар бөлігінде радиоактивті және өзге де экологиялық жағынан қауіпті заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе олармен өзге де жұмыстар істеу ережелерін сақтау


41

химиялық және биологиялық заттарды қолдану, сақтау, тасымалдау бойынша белгіленген нормалар мен ережелерді сақтау


42

экологиялық рұқсаттармен белгіленген шарттарды орындау


43

өндіріс пен тұтыну қалдықтарын есепке алудың, кәдеге жаратудың және залалсыздандырудың белгіленген нормалары мен ережелерін сақтау


44

ластаушы заттарды шығарудың, тастаудың стационарлық көздері бар және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектілердің санитарлық-қорғаныс аймақтарына қойылатын экологиялық талаптарды сақтау


45

Қоршаған орта объектілерінің радиоактивті заттармен ластануының алдын алу жөніндегі жобалық шешімдерді орындау


46

тазарту ғимараттары жұмысының технологиялық регламенттерін сақтау


47

өндірістік экологиялық бақылау нормаларын және ережелерін сақтау


48

қоршаған ортаны қорғау саласында лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырудың біліктілік талаптары мен ережелерін сақтау


49

мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізудің міндеттілігі және оның шарттарын орындау туралы талаптарды сақтау


50

міндетті экологиялық аудит жүргізу және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша дұрыс ақпарат беру туралы талаптарды сақтау


51

Қазақстан Республикасының құрылықтық қайраңында теңіздік ғылыми зерттеулерді жүргізу кезінде экологиялық талаптарды сақтау


52

қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау ережелерін сақтау


Лауазымды тұлға (лар) _____________  _______  _______________________
                        (лауазымы)   (қолы)           (аты-жөні)
Ұйым басшысы ___________________________________________  ___________
                       (аты-жөні, лауазымы)                  (қолы)

Ескерту: осы Тексеріс парағы негізгі болып табылады және келтірілген талаптар табиғат пайдаланушыларға олар жүзеге асырып жатқан қызмет түрлеріне сәйкес қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады