Сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және өндіру Нұсқаулығын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 165 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 29 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6142 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 94 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 24.02.2016 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-IV Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және өндіру нұсқаулығы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Қ.С.Нұргазиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б.Бисмильдин) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. «Тұлғаны алкоголизммен, наркоманиямен және токсикоманиямен ауырады деп тану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 1 желтоқсандағы № 808 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 5952 тіркелген) мына өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұлғаны алкоголизммен, наркоманиямен және токсикоманиямен ауырады деп тану ережесінде:
      2-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сот-наркологиялық сарапшылары сот-наркологиялық сараптаманы өндіру кезінде наркологиялық диагнозды белгілейді және тұлғаны алкоголизммен, наркоманиямен және токсикоманиямен ауырады деп таниды.».
      5. «Сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 16 тамыздағы № 618 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 3044 тіркелген, 2005 жылғы 24 тамыздағы № 155 «Юридическая газета» газетінде жарияланған).
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А.Біртановқа жүктелсін.
      7. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 12 наурыздағы 
№ 165 бұйрығымен бекітілді

Сот-наркологиялық сараптамалар өндіру жөніндегі нұсқаулық 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы нұсқаулық «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуальдықАзаматтық процессуалды кодексіне,   «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне,  «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру негіздерін, өндіріс тәртібін анықтайды.
      2. Осы нұсқаулықты мына ұғымдар пайдаланылады:
      1) сот-наркологиялық сараптама органдары - денсаулық сақтау мемлекеттік басқармасының жергілікті органдарының мамандандырылған наркологиялық медициналық ұйымдары, олардың міндетіне Заңнамамен белгілеген тәртіптен сот-наркологиялық сараптаманы өндіру жатқызылады;
      2) сот-наркологиялық сараптамасы органының басшысы - сот-наркологиялық сараптама органының сот-сараптамалық қызметіне басшылық жүргізуші тұлға (наркологиялық ұйымның бірінші басшысы);
      3) сот-наркологиялық сарапшы – Қылмыстық процесті жүргізуші орган (тұлға), сот немесе заңнама белгілеген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті орган (лауазымды тұлға) сот-наркологиялық сараптаманы өндіруді тапсырған заң талаптарына сәйкес келетін тұлға;
      4) сот-наркологиялық сараптама – қылмыстық, азаматтық істер материалдарын, наркология саласындағы арнайы білімдер негізінде жүргізілетін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді оны шешу үшін маңызы бар жағдайларды белгілеу мақсатында зерттеу.
      3. Сот-наркологиялық сараптаманың негізгі міндеттері:
      1) азаматтық істер бойынша - арнайы білімдер негізінде сот-наркологиялық сарапшылары жүргізетін, азаматтық іс үшін маңызы бар объектілерді зерттеу;
      2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша - арнайы білімдер негізінде сот-наркологиялық сарапшылары жүргізетін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер үшін маңызы бар объектілерді зерттеу;
      3) қылмыстық істер бойынша – арнайы білімдер негізінде сот-наркологиялық сарапшылары жүргізетін, қылмыстық іс үшін маңызы бар объектілерді зерттеу;
      4. Сот-наркологиялық сараптама органы басшысының медициналық сипаттағы мәжбүрлік шараларды қолдану үшін сот-наркологиялық сараптама жүргізу кезінде осы нұсқаулыққа 1-қосымшада көзделген психоактивті заттарға тәуелділікті емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлі шараларын қолдану үшін мүлдем қолдануға болмайтын денсаулық күйін анықтау үшін басқа бейінді дәрігерлерді тартуға құқығы бар.
      5. Сот-наркологиялық сараптамалар саны жылына 1000-нан асатын болса, сот-наркологиялық сарапшының және медициналық тіркеушінің бір лауазымы қосымша енгізіледі.

2-тарау. Сот-наркологиялық сараптама жүргізу

      6. Сот-наркологиялық сараптама жүргізуге негізі болып қылмыстық істі жүргізуші органның, Қазақстан Республикасы заңнамасы белгілеген тәртіппен шығарылған қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс сараптамасын өндіруші органның (лауазымды тұлғаның), соттың сот-наркологиялық сараптаманы тағайындауы туралы қаулысы, анықтамасы қызмет етеді.
      7. Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру кезінде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің материалдары сот-наркологиялық сараптама органының жайларында орнатылған сигнал берумен жабдықталған сейфтерде сақталады.
      8. Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру кезінде сот-наркологиялық сарапшылары осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес тіркеу журналын толтырады, оған сот-наркологиялық сараптамадан өткен тұлға және сараптама қорытындылары туралы мәліметтер енгізіледі.
      9. Медициналық құжаттама, сарапшылардың қорытындылары, сот-наркологиялық сараптаманы өндіруді тіркеу журналдары, сот-наркологиялық сарапшылары қызметі туралы есептер, сот-тергеу органдарымен хат алмасу сараптама кезінде ерекше іс жүргізу қызметіне бөлініп шығады.
      10. Тұтқындағы тұлғаларға қатысты сот-наркологиялық сараптама көрсетілген тұлғалардың болған орындарында жүргізіледі (тергеу изоляторы, уақытша ұстау изоляторы). Қажетті жай және сот-наркологиялық сарапшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді изолятор әкімдігі жүзеге асырады.
      11. Қорытынды беру мүмкін еместігі туралы сот-наркологиялық сарапшылардың қорытындысы немесе хабарламасы сот сараптамасын тағайындаған органға (тұлғаға) олар дайындалғаннан кейін үш күн ішінде жіберіледі (беріледі).
      12. Сот-наркологиялық сарапшысын амбулаториялық жағдайларда жүргізіледі және одан көп бар болса, мәжбүрлеп емдеуге кеңес берілмейді.
      13. Сот-наркологиялық сараптаманы жүргізу үдерісінде психикалық аурулардың бар болуы туралы мәліметтер анықталған кезде, сот-наркологиялық сарапшы қойылған сұраққа жауап берумен қатар сот-психиатриялық сараптаманы өндіру туралы қорытындыда көрсетуі және ұсыныс беруі тиіс.

3-тарау. Сот-наркологиялық сараптама қызметінің субъектілері

      14. Сот-наркологиялық сараптама қызметінің субъектілеріне:
      сот-наркологиялық сараптама органының басшысы;
      комиссиялық сот-наркологиялық сараптаманы өндіру кезінде жетекші сот-наркологиялық сарапшысы;
      сот-наркологиялық сарапшы не лицензия негізінде сот-наркологиялық сараптаманы өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға жатады.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.01.2014 № 54 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      15. Сот-наркологиялық сараптаманы өндіруді оңтайландыру үшін сот-наркологиялық сараптама органының басшысы әрбір комиссиялық сараптама мүшелерінің арасындағы функциональды міндеттерін шектеуді жүргізеді.

4-тарау. Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру мерзімі

      16. Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру мерзімі барлық қажетті іс материалдары және тексеру объектілерімен сот-наркологиялық сараптаманы тағайындау туралы қаулыны, анықтаманы өндіруге қабылдаған күннен бастап есептеледі. Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру мерзімі отыз тәуліктен аспауы тиіс.
      17. Жеңілдетілген сотқа дейінгі өндіріс бойынша істі жүргізу кезінде қорытынды беру мерзімі сот-наркологиялық сараптаманы өндіру үшін қажетті объектіні берудің жеткіліктілігі жағдайында үш күннен аспауы тиіс.
      Жеңілдетілген сотқа дейінгі өндіріс істері бойынша, ғылым және сараптама практикасының жағдайы сот-наркологиялық сарапшылардың алдына қойылған сұрақтарға жауап беруін мүмкіндік бермесе, бір тәулік ішінде көрсетілген мерзімде қорытынды беру мүмкін еместігі туралы дәлелденген хабар беріледі.
      18. Сот-наркологиялық сараптаманы өндіруді тоқтата тұру осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес сот-наркологиялық сараптаманы өндіру мерзімін тоқтата тұру туралы сараптама тағайындаған органға хабар жіберуі арқылы жүргізіледі.
      19. Сот-наркологиялық сарапшы қорытынды беруге қажетті қосымша материалдарды беру қажеттілгі жағдайында, сот-наркологиялық сарапшылары жеті тәуліктен аспаған уақыт ішінде қосымша материалдар беру туралы жазбаша өтініш жолдайды, ал жеңілдетілген сотқа дейінгі өндіріс істері бойынша – сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған органға (тұлғаға) осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысанда екі тәуліктен аспайтын уақыт ішінде жіберіледі.
      20. Күрделі жағдайларда (сот-наркологиялық сараптамаға жіберілген тұлғаға қатысты тексерудің клиникалық, зертханалық, аспаптық әдістері мәліметтерінде қайшылықтар анықталған кезде) стационарлық жағдайларда комиссиялық немесе кешендік сот-наркологиялық сараптама жүргізіледі.

5-тарау. Сарапшы қорытындысының құрылымы және мазмұны

      21. Сот–наркологиялық сараптама зерттеулерінің нәтижелері бойынша осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сарапшының жазбаша қорытындысы жасалады, оны өздерінің жеке қолдарымен және жеке мөрлерімен куәландырады.
      Сот-наркологиялық сараптаманы сот-наркологиялық сараптама органы өндірген жағдайда сот-наркологиялық сарапшылардың қолы, көрсетілген органның мөрімен расталады.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.01.2014 № 54 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      22. Қорытындыда мыналар көрсетілуі тиіс: оны ресімдеу күні, сот-наркологиялық сараптаманы өндіру мерзімі және орны; сот-наркологиялық сараптаманы өндіру негізі; сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған орган (тұлға) туралы мліметтер; сот-наркологиялық сараптама органы және сот-наркологиялық сараптаманы өндіру тапсырылған сот-наркологиялық сарапшылар туралы мәліметтер тапсырылған (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, сарапшалақ мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын қызметі); біле тұра жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы ескертілгені жөнінде сот-наркологиялық сарапшының (сарапшылардың) қолымен куәландырылған белгі; сот-психиатриялық сарапшының (сарапшылардың) шешуіне қойылған сұрақтар; пайдаланылған әдістемелер көрсетілген тексерулердің мазмұны және нәтижелері; жүргізілген тексерулер нәтижелерін бағалау, сот-наркологиялық сарапшылардың алдына қойылған сұрақтары бойынша қорытындыны негіздеу және тұжырымдау;
      23. Сарапшылардың қорытындысы мыналарға негізделуі тиіс:
      1) клиникалық зерттеу үдерісінде алынған мәліметтерг;:
      2) сот-наркологиялық сараптамаға жатқызылатын тұлға туралы сипаттау мәліметтері бар іс материалдарындағы мәліметтерге (істің беті көрсетіле отырып); қажетті материалдар: бұрынғы сотталғандығы туралы талап қағаздары, қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша бұрынғы үкімдердің көшірмелері, учаскелік инспекторлардың, туысқандар мінездемелері;
      3) психиатриялық, наркологиялық ұйымдардан алынған медициналық құжаттарға;
      4) зерттеудің аспаптық және зертханалық әдістерінің нәтижелеріне.
      24. Анамнездік мәліметтер ауру дамуының негізгі кезеңдеріне сәйкес өткен шақтан қазіргі шаққа хронологиялық жүйелілікте жиналуы тиіс.
      25. Анамнездік мәліметтерде мыналар болуы тиіс:
      1) ерте даму туралы мәліметтер;
      2) тұқым қуалаушы психикалық, наркологиялық қиыншылықтар және бұзылыстар туралы мәліметтер;
      3) алған білімі туралы мәліметер;
      4) еңбек жолы, әскери қызметі туралы мәліметтер;
      5) ауырғанға дейінгі тұлғалық ерекшеліктерін және ауырған кезінде пайда болған сипаттық өзгерістерді анықтау;
      6) бастан кешірген соматикалық аурулар, жарақаттар және олардың салдарларын анықтау;
      7) әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы мәліметтер;
      8) отбасылық жағдайы туралы мәліметтер;
      9) өзгертілген реактивтілік (пайдалану түрінің, төзімділіктің өзгеруі, дозасы асып кеткенде қорғаныс реакциясының жоғалуы және масаю түрінің өзгеруі) синдромының, психикалық тәуелділік синдромы және тәни тәуелділік синдромының қалыптасуын көрсете отырып, үлкен наркологиялық синдромның қалыптасуы туралы мәліметтері енуге тиісті ауру анамнезі. Психоактивті заттарды соңғы қабылдау ұзақтығы және болдырмау күйлері көрсетіледі. Психотикалық бұзылыстардың, құрысу талмаларының пайда болуы жүйелілігі байқалады. Бұрын жүргізілген емдеу және оның нәтижелері туралы мәліметтер көрсетіледі.
      26. Жалпы қарауға мыналар кіруі тиіс:
      1) әр түрлі зақымдану іздерін анықтау, оның ішінде, көктамыр, бұлшық ет инъекцияларының іздері, «соқпақтар» (орналасу орны, түсі, пайда болған уақыты), өздік тіліктер (олардың пайда болған уақыты ескеріліп), татуировкалардың ерекшеліктері, егер олар бар болса;
      2) бастан кешірген жарақаттардан кейінгі тыртықтарды табу үшін бастың жүнді бөлігін қарау;
      3) сілемейлі ауыз қуысын қарау (тыртықтар, эпиталмалар салдары ретіндегі тістүйі іздерінің болуы).
      27. Анамнездегі талап етілген шағымдар және соматикалық аурулардың болуын ескере отырып, органдар және жүйелер бойынша соматикалық күйін зерттеу құрамына мыналар кіруі тиіс:
      1) тыныс алу органдарының перкуссиясы және оларды аускультациялық түрде тексеру;
      2) жүрек-тамыр жүйесін тексеру (аускультация, артериялық қысымды, тамыр соғуы жиілігін өлшеу);
      3) ас қорыту органдарын тексеру (ішті пальпациялау, егер ол бар болса бауыр ұлғаюын анықтау).
      28. Неврологиялық күйді тексеру кезінде мыналар анықталуы тиіс:
      1) бас сүйек-ми нервілері функцияларының бұзылуы.
      2) сіңір және периосттық рефлекстер, олардың өзгерулері, патологиялық рефлекстердің болуы, еркін қозғалыстардың мөлшері, параличтердің, қол-аяқ парездерінің болуы;
      3) экстрапирамидалық бұзылыстар (гипокинез, гиперкинез көрінісі, бұлшықеттер тонусының бұзылуы, әр түрлі гиперкинездердің болуы, діріл, миоклониялар);
      4) мишық патологиясы және қозғалыс жұмысын басқарудың бұзылуы, сөйлеу әрекетінің бұзылуы, жазудың, нистагмның өзгеруі;
      5) сезімталдық және оның бұзылуы;
      6) вегетативтік нерв жүйесі функциясының бұзылуы.
      29. Сот-наркологиялық сараптама жүргізетін тұлғаның психикалық күй бағалануы емес, суреттелуі тиіс. Бұл суреттелуде жалпылама анықтамалар және стандартты тұжырымдамалар болмауы тиіс. Белгілі бір симптомды немесе синдромды суреттей отырып, суреттеуді сот-наркологиялық сараптамаға жіберілген тұлғаның сыртқы әлпеті және мінез құлқын суреттеуден бастау керек. Суреттеуге сана күйі, аффекттік, ерік, психомоторлық бұзылыстар, түйсік, ойлау, зерде, зейін, жад бұзылыстары жатады. Бұл ретте сұрау белсенді, жоспарлы және мақсатты түрде жүргізілуі тиіс. Психопатологиялық симптомдарды суреттеу бытыраңқы және кездейсоқ түрде емес, бір-бірімен өзара байланыста және жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
      Түйсік және сандырақ күйзелістерінің бұзылуы қысқаша түрде, ауру күйзелістерінің нақтылығын қалай дәлелдейтіні көрсетіле отырып, баяндау қажет. Пароксизмалы бұзылыстарды суреттеуді (құрысу, құрысусыз талмалар) еске алу және куәлардың мәліметтері бойынша, олардың пайда болуы және психоактивті заттарды қабылдауды тоқтату арасындағы уақыттағы байланысты қадағалай отырып, жүргізу керек. Психикалық статусты тексеру оның сот-наркологиялық сараптамаға қатынасын және өз халін бағалауын анықтаумен аяқтау қажет.
      30. Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру барысында қажеттікке қарай зертханалық (организмнің биологиялық ортасын тексеру (зәр, қан) психоактивті заттардың болуына, жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі, қан микрореакциясы және басқалар) және аспаптық (ішперде қуысы ағзаларына ультрадыбыстық тексерулер, бас миының компьютерлік томографиясы және басқалар) әдістері қолданылады.
      31. Соңғы жылы кеуденің рентгенологиялық тексерулерінің мәліметтері міндетті болып табылады.
      32. Жүргізілген сот-наркологиялық сараптамаға нәтижелері бойынша сот-наркологиялық сарапшылар қорытындыларының негіздеулерімен жүргізілген тексерулер нәтижелеріне бағалау жүргізіледі.
      33. Қорытындыларда сот-наркологиялық сарапшының (лардың) алдына қойылған сұрақтарға жауап болуы тиіс, сондай-ақ сараптама тексеруі барысында анықталған қосымша жауаптар болуы мүмкін.

6-тарау. Қорытындыны беру мүмкін еместігі туралы хабардың құрылымы мен мазмұны

      34. Қорытындыны берудің мүмкін болмауы туралы хабарлама осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес ресімделеді:
      Оны ресімдеу күні, сот-наркологиялық сараптаманы өндіру орны мен мезімдері;
      сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған тұлға туралы мәліметтер;
      сот-наркологиялық сараптаманы өндіру негіздері;
      сот-наркологиялық сараптама органы туралы не сот-наркологиялық сараптама органның қызметкері немесе сот-наркологиялық сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, лауазымы);
      көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілігі жөнінде ескертілгені туралы сот-наркологиялық сарапшының (сарапшылардың) қолымен куәландырылған белгі;
      сот-наркологиялық сарапшының (сарапшылардың) шешуіне қойылған сұрақтар; зерттеу объектілері;
      сот сарапшысының (сарапшыларының) алдына қойылған сұрақтарға жауап берудің мүмкін болмауына негіздеме.
      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.01.2014 № 54 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Сот-наркологиялық 
сараптаманы өндіру 
жөніндегі Нұсқаулыққа
1-қосымша    

Нысан

Сот-наркологиялық
сараптаманы өндіруді тіркеу
Журналы
(бұдан әрі - СНС)

Т.А.Ә

Жынысы

Туған жылы

СНС жүргізу туралы қаулыны кім берді және қашан берілді

СНС өткізілген күн

1

2

3

4

5

6

*






Журналдың жалғасы

Диагноз

Қорытынды

Медициналық сипаттағы ұсынылатын шаралар

Қорытынды берілген күн

Қорытынды кімге берілді

Ескерту

7

8

9

10

11

12

Сот-наркологиялық сараптаманы
өндіру жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша        

нысан

_______________________________________________________________
(сот-наркологиялық сараптаманы өндіру орны)

Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру
мерзімін тоқтата тұру туралы хабарлама

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.01.2014 № 54 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

_______________________________________________________________
(сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған, хабарлама
жіберілетін орган (тұлға)

20 ___ жылғы «___» _______________
Сот-наркологиялық сараптаманы өткізу мерзімі: 20__ жылғы
«__»_________бастап 20___ жылғы «___» _________ дейін.
Сот-наркологиялық сараптаманы тоқтата тұру мерзімі: 20__ жылғы
«__»_________бастап 20___ жылғы «___» _________ дейін.
Сот-наркологиялық сараптама тағайындалған тұлғаға қатысты.
_____________________________________________________________________
     (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған жылы)
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ___ бабы бойынша
сезікті, айыпталушы немесе куәгер, жауапкер; 20 __ жылғы «____» ______
туралы мәселе шешілуі тиіс
      Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру мерзімін тоқтата тұру
себептері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
     Сот-наркологиялық сараптама органының басшысы/ сот-наркологиялық
сараптама органының қызметкері болып табылмайтын сот-наркологиялық
сарапшы (сарапшылар) ______________
                         қолы

Мөр орны

Сот-наркологиялық сараптаманы
өндіру жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша        
нысан

______________________________________________________________
(сот-наркологиялық сараптаманы өндіру орны)

Сот-наркологиялық сараптама қорытындысын беру үшін қажетті
қосымша материалдарды ұсыну туралы өтініш

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.01.2014 № 54 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

_____________________________________________________________________
(сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған хабарлама, жіберілетін орган (тұлға)

20 ___ж. «___» ____________
Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру мерзімі:
20 ___ж. «____» _______ бастап 20 ___ж. «____» ______ дейін
Сот-наркологиялық сараптама тағайындалаған тұлға
_____________________________________________________________________
     (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған жылы)
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ___ бабы бойынша
сезікті,айыпталушы немесе куәгер, жауапкер;20 __ ж. «____» __________
(сот-наркологиялық сараптаманы тағайындалған тұлға немесе органның
қаулысы, анықтамасы)
      Осы сұрау салудың қысқаша негіздемесі бар сот-наркологиялық
срапшылардың қорытынды беруі үшін қажетті қосымша материалдардың тізбесі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Сот-наркологиялық сараптама органның басшысы/ сот-наркологиялық
сараптама органының қызметкері болып табылмайтын сот-наркологиялық
сарапшы (сарапшылар) ______________
                         қолы

Мөр орны

Сот-наркологиялық сараптаманы
өндіру жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша        
нысан

*ОКУД бойынша нысанның коды _______

_______________________________________________________________
(сот-наркологиялық сараптаманы өндіру орны)

№ _____ сарапшының қорытындысы

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.01.2014 № 54 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Ресімдеу күні ____________________________________________________
2. Сараптаманы өндіру мерзімі және орны _____________________________
3. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ________________________
4. Жасы _____________________________________________________________
5. Мекенжайы ________________________________________________________
       Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ___ бабы бойынша
сезікті, айыпталушы немесе куәгер, жауапкер; арнайы медициналық
ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберілетін адамға қатысты шешілетін мәселе;
медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шараларын қолдану; әрекетке
қабілеттілігі; кәмелет жасқа толмаған адамды наркологиялық ұйымға
тиісті ем қабылдауға жіберу (астын сызу)
_____________________________________________________________________
(сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған тұлға немесе органның
қаулысы, анықтамасы)
      6. Бастапқы, қайталанған, қосымша сот-наркологиялық сараптама
(астын сызу); соңғы екі жағдайда сот-наркологиялық сараптаманы қашан
және кім өткізгені туралы, сарапшылардың қорытындылары көрсетіледі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      7. Сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған орган және
сот-наркологиялық сараптаманы өндіру негізі туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
8. Сот-наркологиялық сараптаманы шешуге қойылатын сұрақтар:
1) __________________________________________________________________
2) __________________________________________________________________
3) __________________________________________________________________
4) __________________________________________________________________
9. Сот-наркологиялық сараптама органы не лицензия негізінде
сот-наркологиялық сараптаманы өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын
жеке тұлға туралы мәліметтер ________________________________________
_____________________________________________________________________
10. Сарапшылар туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), білімі, сарапшылық
мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі мен атағы,
лауазымы)
11. Қорытынды беруден бас тарту немесе көрінеу жалған қорытынды
бергені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 352-бабына
сәйкес қылмыстық жауапкершілігі туралы сарапшылар ескертілді
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                       (сарапшылардың қолы)
12. Сот-наркологиялық сараптама кезінде шешуге жататын сұрақтар
және «Қорытынды» басқа бөлімдері мынадай ______ парақта жазылады.
13. Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру кезінде қатысқандар, процеске қатысушылар туралы мәлімет _________________________________
_____________________________________________________________________
14. Процеске қатысушылардың түсініктеме деректері ___________________
_____________________________________________________________________
15. Іс материалдарын зерттеу ________________________________________
_____________________________________________________________________
16. Медициналық құжаттамаларды зерттеу (наркологиялық және
психиатриялық ұйымдардан мәліметтер) ________________________________
_____________________________________________________________________
17. Анамнездік мәліметтер (соның ішінде медициналық құжаттамалардан) ____________________________________________________
18. Осы зерттеу кезінде мыналар анықталды:
1) Жалпы тексеріп - қарау: __________________________________________
2) Соматикалық жай-күйі _____________________________________________
3) Неврологиялық жай- күйі __________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4) Психикалық жай-күйі ______________________________________________
5) Зертханалық және аспаптық зерттеулердің деректері ________________
6) Рентгенологиялық зерттеулердің деректері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
19. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
20. Алға қойылған сұрақтар бойынша қорытындылардың негіздемесі және тұжырымдасы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

   Сот-наркологиялық сарапшының (лардың) қол(дар)ы/ сот-наркологиялық
сараптама органының қызметкері болып табылмайтын, сот-наркологиялық
сарапшы (сарапшылар)
_____________________________________________________________________

Мөр орны

Ескертпе:

*Басқарушылық құжаттамалардың жалпы жіктеуіші

Сот-наркологиялық сараптаманы
өндіру жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша        
нысан

Қорытынды берудің мүмкін болмауы туралы хабарлама

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.01.2014 № 54 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Ресімдеу күні ____________________________________________________
2. Сараптаманы өндіру мерзімі және орны _____________________________
3. Тегі, аты, әкесінің аты __________________________________________
4. Жасы _____________________________________________________________
5. Мекенжайы ________________________________________________________
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ___ бабы бойынша
сезікті, айыпталушы немесе куәгер, жауапкер; арнайы медициналық
ұйымға мәжбүрлеп емдеу туралы жіберілетін адамға қатысты шешілетін
мәселе; медициналық сипаттағы мәжбүрлеп шаралар қолдану; әрекетке
қабілеттілігі; кәмелетке толмаған адамды наркологиялық ұйымға тиісті
ем қабылдауға жіберу (астын сызу)
_____________________________________________________________________
(сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған тұлға немесе органның
қаулысы, анықтамасы)
6. Сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған орган (тұлға) туралы
мәліметтер __________________________________________________________
7. Сараптамада шешуге қойылған сұрақтар:
1) __________________________________________________________________
2) __________________________________________________________________
3) __________________________________________________________________
4) __________________________________________________________________
8. Сот-наркологиялық сараптама органы туралы немесе сот-наркологиялық сараптама қызметкері болып табылмайтын, сот-наркологиялық сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
9. Сарапшылар туралы мәліметтер:_____________________________________
_____________________________________________________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), білімі, сарапшылық
мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі мен атағы,
лауазымы)
10. Қорытынды беруден бас тартқаны немесе көрінеу жалған қорытынды
бергені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 352-бабы
бойынша қылмыстық жауапкершілігі туралы сарапшылар ескертіледі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                     (сарапшылардың қолы)
11. Сараптама кезінде шешуге жататын және «Қорытынды» басқа бөлімдері
мынадай ______ парақта жазылады.
12. Сот-наркологиялық сарапшының (лар)дың алдына қойылған сұрақтарға
жауап берудің мүмкін болмауы туралы негіздеме
_____________________________________________________________________
   Сот-наркологиялық сарапшының (лардың) қол(дар)ы/ сот-наркологиялық
сараптама органының қызметкері болып табылмайтын, сот-наркологиялық
сарапшы (сарапшылар)

Мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады