"Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 25 ақпандағы N 88 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6149 болып енгізілді

      Қолданушылардың назарына!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4354 болып тіркелген, 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 166 (1146) «Заң газеті» газетінде жарияланған)» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақ «(бұдан әрі - Ереже)» деген сөздермен толықтырылсын;
      аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу Ережесінде:
      4-тармақта «әр 3 (үш) айда, жылына 4 (төрт) рет» деген сөздер «жылына кемінде 2 (екі) рет» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым берген кәсіби бухгалтердің сертификаты бар аудиторлыққа кандидаттар мынадай:
      бухгалтерлік есеп;
      салықтар және салық төлеушілер;
      азаматтық құқық пәндері бойынша емтихан тапсырудан босатылады.»;
      8-тармақта 5) және 6) тармақшалары алынып тасталсын;
      17-тармақта «Комиссия төрағасына (ол болмағанда Төраға орынбасарына)» деген сөздер «уәкілетті органның өкіліне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      19 және 20-тармақтарда «Комиссияның Төрағасы (ол болмаса Төрағаның орынбасары)» және «Комиссия Төрағасы (ол болмаса Төрағаның орынбасары)» деген сөздер «уәкілетті органның өкілі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. «Аудитор» біліктілік куәлігін беруді аттестаттау бағдарламасы бойынша аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауды жүзеге асырған Комиссия жүзеге асырады.
      Комиссиялар берген «аудитор» біліктілік куәліктері Қазақстан Республикасының аумағында бірдей заң күшіне ие.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есепті, аудиторлық қызметті дамыту департаменті (З.А. Ерназарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың 2010 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он үшінші абзацын қоспағанда, осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Б. Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады