"Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 11 наурыздағы № 195 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 15 наурыздағы № 172 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6152 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 11 наурыздағы № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3545 болып тіркелген; 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 240-241 (974-975) «Юридическая газета» жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу ережесінде:
      осы Ережеге 5-қосымшада:
      «IV бөлім. Астықты қабылдау, кептіру, тазарту бойынша қызметтер құнын есептеу» жолында «астық» деген сөзден кейін «*» белгімен толықтырылсын;
      «Есептелген нақты салмаққа беруге жатады, кг» жолынан кейін келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «* - арифметикалық амалмен жүргізіледі (Дюваль формуласын қолданбай)»;
      осы Ережеге 6-қосымшада:
      «IV бөлім. Астықты қабылдау, кептіру, тазарту бойынша қызметтер құнын есептеу» жолында «астық» деген сөзден кейін «*» белгімен толықтырылсын;
      «Есептелген нақты салмаққа беруге жатады, кг» жолынан кейін келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «* - арифметикалық амалмен жүргізіледі (Дюваль формуласын қолданбай)».
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     А. Күрішбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады