Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 25 ақпандағы № 118 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6153 болып енгізілді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.12.2015 № 4-6/1154 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.

      Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.09.2023 № 333 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.12.2015 № 4-6/1154 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.

      2. Егiншiлiкті дамыту және фитосанитариялық қауiпсiздiк департаментi осы бұйрықтың заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің м.а.

М. Оразаев


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрдің м.а.
2010 жылғы 25 ақпандағы № 118
бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық
жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидалары

      Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.12.2015 № 4-6/1154 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, 1-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Cелекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.09.2023 № 333 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттық сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) – өсiмдiктер сұрыптарының патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жасауды және оны сынақтан өткізуді жүзеге асыратын агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның қарауындағы ұйым;

      2) Селекциялық жетiстiктердiң пайдалануға ұсынылатын мемлекеттiк тiзiлiмi (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) – пайдалануға ұсынылған, өндiрiсте шаруашылыққа пайдалану үшiн ұсынылатын сұрыптарды, тұқымдарды қамтитын, Қазақстан Республикасының селекциялық жетiстiктерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi;

      3) сұрып – аталған генотипті немесе генотиптер комбинациясын сипаттайтын белгілердің айқындылық дәрежесі бойынша айқындалатын, сол бір ботаникалық таксондағы ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің басқа топтарынан бір немесе бірнеше белгісімен не белгілердің айқындылық дәрежесімен ерекшеленетін және тұрақты болып табылатын ең төменгі ботаникалық таксондар шеңберіндегі ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тобы. Клон, желі, бірінші ұрпақ буданы, популяция сұрыптың қорғалатын санаттары болып табылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.09.2023 № 333 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемтізбені жүргізуді Мемкомиссия жүзеге асырады.

      4. Тізбе Қазақстан Республикасында өсірілетін өсімдік сорттарын жүйелеу мақсатында және олардың ұлттық нарығын қалыптастырып, Қазақстан Республикасының осы салада халықаралық ынтымақтастыққа кіруіне жағдай жасайды.

      5. Мемтізбеге Мемкомиссия жүргізген мемлекеттік сынақ нәтижелері, өтініш берушінің деректері немесе сараптамалық бағалау негізінде Қазақстан Республикасында шаруашылыққа пайдалануға ұсынылатын ауыл шаруашылығы және отандық және шетелдік селекциялы басқа да өсірілетін өсімдіктердің сорттары енгізіледі.

      Мемкомиссия Қазақстан Республикасының басқа ұйымдары, сондай-ақ тиісті шарттар жасалған басқа мемлекеттер жүргізген сынақ нәтижелерін және өтініш беруші ұсынған деректерді пайдалана алады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.12.2015 № 4-6/1154 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттік сынау нәтижесі бойынша Мемтізбеге енгізілетін сорттардың өнімділігі стандарттардан жоғары болуы, негізгі ауруларға шыдамдылығы олардан төмен болмауы, немесе сортты пайдалану мақсатын анықтайтын ерекше шаруашылық бағалы белгілері болуы тиіс.

      7. Тұқым шаруашылығы саласынадағы уәкілетті орган құрған Мемтізбедегі өзгерістерді қарайтын және өзгеріс енгізетін республикалық комиссия, сорттың шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік немесе өтініш берушінің сынақ нәтижелері бойынша Мемтізбеге өзгерістер мен толықтырулар жөнінде шешімдер қабылдау үшін тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ұсыныс береді.

      8. Мемтізбеге енгізілетін өзгерістердің тізілімі жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі және Мемкомиссияның ресми бюллетенінде жарияланады.

      9. Мемлекеттік тізбе мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) ауыл шаруашылығы өсімдігінің тегі мен түрі (сондай-ақ, латын тілінде де көрсетіледі);

      2) сұрыптың атауы;

      3) сұрыптың тіркеу нөмірі;

      4) құқықтық қорғау объектісі болып табылатын сұрып туралы мәліметтер (жолдың үстінен "Р" үлкен латын әрпі қойылады);

      5) сұрыптың Мемлекеттік тізілімге енгізілген жылы;

      6) енгізілетін аймақ;

      7) сұрыптың оригинаторы туралы мәліметтер: заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;

      8) сұрыптың белгілері мен қасиеттері туралы мәліметтер;

      9) сұрыптың шаруашылық және биологиялық қасиеттері (бар болса).

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.09.2023 № 333 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.09.2023 № 333 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемкомиссия мекеме-оригинаторларға Мемтізбеге енгізілген сорттар мен будандарға авторлық куәлік пен куәлік береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады