"Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдарды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 12 тамыздағы № 454 бұйырығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 208 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 16 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6178 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 29 наурыздағы № 31-2/140 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012.03.29 № 31-2/140 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы, 1-тармағының 44) тармақшасына1415-баптарына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
      1. «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдарды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 12 тамыздағы № 454 (нормативтік құқықтық актілерді тіркейтін мемлекеттік Тізімінде 2009 жылғы 20 тамызда № 5756 тіркелген, «Заң газеті» 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 146 (1743) газетінде жарияланған) бұйырығына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдарға:
      2-тармақтың 3) тармақшасындағы «аралығында» деген сөзінен кейін «аулармен» деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұнда 19-1-тармағымен толықтырылсын:
      «19-1. Кәсіптік балық өлшеміне сәйкес емес максималды кездейсоқ ауланатын балық көлемі ауларда - 8%, сүзекілер мен тұзақтарда - 5% дейін аулауға рұқсат етіледі.»;
      20-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацындағы «қоржынында және тор қанатта - 44 мм;» деген сөздері «қоржынында - 40 мм; тор қанатта - 44 мм;» сөздерімен алмастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        А. Күрішбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады