Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңы 27-бабының 2-тармағы 16) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Күрішбаев
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылы 19 наурыздағы
№ 185 бұйрығымен бекітілген
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу,
су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы
мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесі
1. Осы Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 27-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алуды жүзеге асыру кезіндегі жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметіне, балық шаруашылығы су айдынындағы және (немесе) учаскесіндегі берілген жолдамалар санына және кәсіпшілік жағдайына есеп жүргізу, мониторингті және бақылауды жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.11.26 № 18-02/599 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
2. Жануарлар дүниесін пайдаланушы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді келесі нысан бойынша балық шаруашылығы инспекциясының құрылымдық бөлімшесіне ұсынады:
балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу туралы мәлімет осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес балық шаруашылығы инспекциясының құрылымдық бөлімшесіне ұсынылады;
су айдынындағы кәсіпшілік жағдай туралы мәлімет осы Ереженің 2-қосымшасынасәйкес балық шаруашылығы инспекциясының құрылымдық бөлімшесіне ұсынылады;
берілген жолдамалар туралы мәліметтер осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аумақтық балық шаруашылығы инспекциясының құрылымдық бөлімшелеріне ұсынылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.11.26 № 18-02/599 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
3. Жануарлар дүниесін пайдаланушы жоғарыда аталған мәліметтерді қағаз және электрондық нұсқада әр айдың 1-күні балық шаруашылығының аумақтық инспекциясына немесе оның құрылымдық бөлімшесіне ұсынылады.
Балық ресурстарын және басқа
да су жануарларын аулап алу,
су айдынындағы кәсіпшілік жағдай,
берілген жолдамалар туралы
мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну
ережесіне 1-қосымша
Нысан
Уәкілетті орган аумақтық
инспекциясының бастығына
Балық және басқа да су жануарларын аулап алу туралы мәліметтер
Жануарлар дүниесін пайдаланушының атауы: ___________________________
____________________________________________________________________
Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесінің атауы:________
____________________________________________________________________
№ |
Балық және басқа да су жануарларының түрлері |
Айлық есепке |
Жыл басынан бастап |
|
Нақты ауланғаны, тонна (дана) |
Бөлінген квота, тонна |
Нақты ауланғаны, тонна |
||
1 |
||||
2 |
||||
3 |
||||
4 |
||||
5 |
||||
Барлығы |
Басшы _____________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
Жеке қолы _________________________________________________________
Берілген күні: «___» ________________201__ ж.
М.О.
___________________________________________________________________
(есепті қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)
Балық ресурстарын және басқа
да су жануарларын аулап алу,
су айдынындағы кәсіпшілік жағдай,
берілген жолдамалар туралы
мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну
ережесіне 2-қосымша
Нысан
Уәкілетті орган аумақтық
инспекциясының бастығына
Су айдынындағы кәсіпшілік жағдай туралы мәліметтер
құрма аулар _________________________________________________________
(тор көздің саны, ұзындығы, мөлшері)
лақтырма сүзекілер __________________________________________________
(тор көздің саны, ұзындығы, мөлшері)
автокөліктер ________________________________________________________
(саны, үлгісі)
кәсіпшілік механизмдер ______________________________________________
(атап шығу)
жүзу құралдары ______________________________________________________
(саны, үлгісі)
бригадалардың, бөлімдердің саны тартым учаскелерінің, кәсіпшілік тұрақ, аулау құралын таңдау орны ___________________________________
____________________________________________________________________
Басшы ____________________________________________________
(Т.А.Ә.)
Жеке қолы ______________________
Берілген күні: «___» ________________ 201__ ж.
М.О.
____________________________________________________________________
(есепті қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)
Балық ресурстарын және басқа
да су жануарларын аулап алу,
су айдынындағы кәсіпшілік жағдай,
берілген жолдамалар туралы
мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну
ережесіне 3-қосымша
Нысан
Уәкілетті орган аумақтық
инспекциясының бастығына
Берілген жолдамалар туралы мәліметтер
Жануарлар дүниесін пайдаланушының атауы: ____________________________
_____________________________________________________________________
Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесінің атауы: ________
_____________________________________________________________________
№ |
Балық және басқа да су жануарларының түрлері |
Айлық есепке |
Жыл басынан бастап |
||
Өткізілген жолдамалардың саны, дана |
Бөлінген квотаның көлемі, кг. (түрлері бойынша) |
Өткізілген жолдамалардың саны, дана |
Бөлінген квотаның көлемі, кг. (түрлері бойынша) |
||
1 |
|||||
2 |
|||||
3 |
|||||
4 |
|||||
5 |
|||||
6 |
|||||
Барлығы |
Басшы ________________________________________________
(Т.А.Ә.)
Жеке қолы ______________________
Берілген күні: «___» ________________ 201__ ж.
М.О.
____________________________________________________________________
(есепті қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)