Жануарлар дүниесін пайдаланушы жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан шарттарын уәкілетті органда тіркеу және оларды бұзу туралы ақпарат беру Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 250 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6225 болып енгізілді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Жануарлар дүниесін пайдаланушылар жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасалған келісім шарттарды тіркеу және келісім шарттарды бұзу жөніндегі ақпараттарды уәкілетті органға ұсыну туралы Ережелері бекітілсін (бұдан әрі - Ережелер).
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                            А. Күрішбаев

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 12 сәуірдегі 
№ 250 бұйрығымен бекітілген

Жануарлар дүниесін пайдаланушы жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан шарттарын уәкілетті органда тіркеу және оларды бұзу туралы ақпарат беру Ережесін бекіту туралы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер жануарлар дүниесін пайдаланушы жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан шарттарын уәкілетті органда тіркеу және оларды бұзу туралы ақпарат беру ретін анықтайды және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының негізінде әзірленген.
      2. Жануарлар дүниесін пайдаланушы жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан шарттарын (бұдан әрі - шарт) уәкілетті органда тіркеуді Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі - инспекция) балық шаруашылығы су тоғандарының және/немесе учаскенің орналасқан жері бойынша, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануды жүзеге асырылатын жерде Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары өткізеді (бұдан әрі – Инспекция).
      3. Жануарлар дүниесінің объектілерін пайдалану үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарлары пайдаланушыларымен жеке және заңды тұлғалар арасында бекітілетін шарттар тіркеуге жатады.

2. Шарттарды тіркеу

      4. Пайдаланушы жануарлар дүниесінің объектілерін пайдалану үшін жеке және заңды тұлғалар арасында шарт бекітілгеннен кейін он жұмыс күн барысында Инспекцияға осы Ережелерге қосымшаға сәйкес нысанасы бойынша өтініш береді.
      5. Өтінішке келесі құжаттар қосымша беріледі:
      1) шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
      2) шартты бекіткен тұлғалардың мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің көшірмелері, заңнамамен бекіткен тәртіп бойынша куәландырылған (заңды тұлғалар үшін);
      3) жеке куәлігінің көшірмесі (жеке тұлғалар үшін).
      6. Мемлекеттік тіркеудің ресми растауы жануарлар дүниесін пайдаланушы жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан шарттарын тіркейтін Журналына мәліметтерді енгізу болып табылады. Тіркеу өтініш білдірген күннен бастап 2 жұмыс күн ішінде жасалады.
      7. Өтініш беруші осы Ережедегі 5 тармақта көрсетілген қажетті толық құжаттар пакетін бермеген жағдайда тіркеу жасалмайды. Тіркеуді жасамау туралы шешім өтініш берушіге 2 жұмыс күн ішінде жазбаша түрде хабарланады.

3. Қорытынды ережелер

      8. Жануарлар дүниесін пайдаланушы жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан шарттары бұзылған жағдайда, 10 жұмыс күн ішінде жазбаша ақпаратты Инспекцияға жолдайды.

4. Шағымды қарау тәртібі

      9. Егер жануарлар дүниесін пайдалану шарты осы Ережеде бекітілген мерзімде тіркеуден өтпеген жағдайда, жануарлар дүниесін пайдаланушы уәкілетті органға жазбаша түрде шағымдана алады.
      Қабылданған шағым есеп және шағымдар Журналында тіркеліп, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 8-тармағында бекітілген мерзімге сәйкес қаралады.
      Шағымды қарастыру туралы қорытынды арызданушыға жазбаша түрде хабарланады.
      Уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, пайдаланушы жоғарғы органға немесе сотқа көрсетілген шешімге шағымдануға болады.

Жануарлар дүниесінің объектілерін   
пайдалану үшін балық ресурстарын және 
басқа да су жануарлары пайдаланушыларымен
жеке және заңды тұлғалар арасында   
шарттарды тіркеу Ережелеріне     
Қосымша                

Нысан

Бастығына _________________________________________________________
___________________________________________________________________
                       (Тегі, инициалдар)
___________________________________________________________________
           (жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты,
___________________________________________________________________
      тұратын орны; заңды тұлға үшін – заңды тұлғаның атауы,
___________________________________________________________________
                          тұратын жері)
телефон: _________________
 
 
                           Өтініш

Мен (Біз) _________________________________________________________
                (жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты
___________________________________________________________________
                     заңды тұлға үшін - атауы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы және банк реквизиттары)
___________________________________________________________________
      бекіткен балық ресурстарын пайдалану үшін шартты тіркеуді
                         өтінемін (өтінеміз)

Өтінішке қосымша беріледі 1. __________________
                          2. __________________
                          3. __________________

«___» 20______ жылы ____________________
                (өтініш берушінің қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады