Мүлікті бағалау қызметі саласындағы тексеру бойынша тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 139 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 18 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6272 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 354 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрдің м.а. 2011 жылғы 21 қазандағы N 339 Бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2011.10.31 № 354 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрдің м.а. 2011.10.21 N 339 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Кешенді және тақырыптық тексерулер бойынша тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (Ә.Т. Аманбаев):
      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурстарында жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы                Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.               Экономикалық даму және
Д. Құсдәулетов                        Сауда министрі
                                      Ж. Айтжанова

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің    
2010 жылғы 23 сәуірдегі № 139
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің 2010 жылғы  
29 сәуірдегі № 18    
Бірлескен бұйрығымен   
      бекітілген      

нысан

ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

Тексеруі тағайындаған орган_______________________________________
__________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы ______________________________________
                                          (№, күні)
Лицензиаттың аталуы немесе А.Ж.Т._________________________________
__________________________________________________________________
СТН_______________________________________________________________
ЖСН/БСН (болған жағдайда)_________________________________________
__________________________________________________________________Орналасқан жерінің адресі_____________________________________ 

Талаптардың тізбесі

Иә

Жоқ

1

Мүлікті бағалау және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясының болуы



2

Бағалау қызметін жүргізу шартында мына тармақтардың болуы:
тапсырыс беруші мен бағалаушының деректемелері:
жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), мекенжайы;
заңды тұлға үшін - атауы, орналасқан жері (пошталық мекен-жайы), банктік деректемелері;
бағалау объектісінің (объектілерінің) атауы және (немесе) орналасқан жері, айқындалатын құнның түрі;
бағалау түрі;
бағалау объектісінің түрі;
бағалау жүргізудің мерзімдері;
бағалау жүргізу кезінде қолданылатын бағалау стандарттарына нұсқау;
көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеудің шарттары, тәртібі және мөлшері;
тараптардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі;
тапсырыс берушінің бағалау объектісіне меншік құқығын растайтын құжаттың деректемелері немесе тапсырыс берушіге бағалау туралы шарт жасау құқығын беретін өзге де негіздемелер;
мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның деректемелері (лицензия берген орган көрсетілген оның нөмірі мен берілген күні).



3

Бағалау туралы есепте келесі мәліметтердің болуы:
объектінің атауы мен орналасқан жері, бағалау жүргізілген күні;
бағалау жүргізу үшін негіздеме: жасалған шарттың нөмірі мен күні;
бағалаушы мен тапсырушы туралы негізгі мәліметтер: толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты, орналасқан жері, банк деректемелері;
есеп жасау күні.
Беттерінің көрсетілуімен, оның құрамына енгізілген бөлімдерді (бөлімшелерді) қамтыған бағалау туралы есептің мазмұны.
Бағалаушылар мен орындаушылардың кәсіби құзыретін растайтын біліктілік сипаттамасы көрсетілген тізімі.
Есептің сипаттама бөлімі:
бағалау объектісінің сипаттамасын, тексеру жүргізілген күнін көрсетіп, оның күй-жайын, заттай кем өлшеуді көзбен бақылаудың орындалуын немесе басқа да ресімдер жүргізу;
объектінің бағалау мақсаты, мүліктік құқықтар мен шектеулердің сипаттамасы, айқындалатын құнның түрлері;
бағалау әдістерін таңдаудың негіздемесі және бағаланатын объектінің нарықтық немесе өзге құнын белгілеу үшін қолданылатын әрбір әдістің мәнінің қысқаша сипаттамасы;
бағалау кезінде пайдаланылатын бағалау стандарттары және басқа нормативтік құқықтық актілер.
Есептің есеп айырысу бөлімі:
объектінің нарықтық немесе өзге құнын айқындау әдістемесінің сипаттамасы және бағалаудың таңдап алынған әдістерін қолдана отырып орындалған есеп айырысуларды;
бағалау нәтижелерінің келісуілуін және бағаланатын объектінің қорытынды құнын айқындауды қамтуы тиіс;
Есептің қорытынды бөлімі бағалау күніне объектінің күй-жайы жөніндегі құнының мөлшері туралы түбегейлі қорытындыны мазмұндау қажет.



4

Бағалаушының тәуелсіздікті сақтауы.



5

Объектілерге тікелей зерттеуді жүзеге асыруға және тапсырыс берушіге бағалау туралы есепті беру талабын орындау.



6

Бағалау қызметін жүргiзу шарттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, хронологиялық тәртiппен бағалау қызметін жүргiзу есеп кiтабының болуы.



7

Бағалау туралы жасалған есептердi 5 жыл бойы сақтау талабын орындау.



8

Бағалау стандарттарының талаптарын орындау.



9

Бағалаушылар палаталарының біреуінде мүше болу



Лауазымды тұлғалар:
_______________________________ _______________ _______________       (Қызметі, А.Ж.Т.)                    (қолы)        (А.Ж.Т.)      _______________________________ _______________ _______________         (Қызметі, А.Ж.Т.)                    (қолы)        (А.Ж.Т.) Лицензиат:_____________________           ________________                         (Қызметі, А.Ж.Т.)                  (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады